30
сай, адамның жан дүниесі, болмысы, тәрбиесі, жалпы әлемдегі болып жатқан, тіпті
күнделікті өмірде де
кездесіп жататын ашкөздік, шыдамсыздық, көреалмаушылық
жағдайларды да кең түрде ашып айтып кеткен.
«Әй, не болсын!.Жүз қараға екі жүз кісі сұғын қадап жүр ғой, бірін
-
бірі құртпай,
құрымай тыныш таба ма?»...
Абай атамыз бұл сөзінде де дәл қазіргі заманда болып жатқан бәсекелестік, бірін
-
бірі отқа итермелеу, тек қана өз қамын, өздерінің
жан тыныштығын ойлайтын
жандардың қоғамда көбейіп бара жатқандығын меңзеп айтқандай. Әр қара сөзін жазбас
бұрын, барлық ойын сан тарапқа жіберіп, көз жүгіртіп ойланып барып бастаған.Тіпті,
құдды бір болашақты көріп, уақытты біраз алдыға жылжытып,қазіргі заманға сапарлап,
адамдардың болашақтағы бет
–
бейнесін көріп сол туралы жазып қалдырған дермісін.
Он жетінші қара сөз Ғылым, Ақыл, Қайрат, Жүректің диалогінен тұрады. Абай
бұл қара сөзінде өзінің алға қойған мақсатынан айнымайтынын, не ойласа да, не шешсе
де әбден бәрін жан
-
жақты ойлап, ақылға салып, тіпті өз
-
өзімен кеңесіп ,
жазған сөзі
артынан жәй сөз ғана болып қалмайтындай, оқырманның санасына жететіндей етіп,
барынша талпынатынына көз жеткізуге болады. Қара сөзде осы айтылған қасиеттер бір
адамның бойынан табылар болса сол адамнан асқан қасиетті адам болмас еді деген ой
түзеді. Шынымен де адамның бойынан тек бір жақсы қасиет ғана емес, істеген ісі мен
сөйлеген сөзі бір
-
біріне жарасып тұратындай бірнеше жақсы қасиеттер топтасса, сол
адамның қаншалықты білімді, қаншалықты тәрбие көргені,
қоғамдағы орны, тіпті
болашақта сол адамнан қандай тұлға шығатынын көріп, байқауға болады.
«Құдай тағала өзі ақыл бермеген соң қайтейік?» деп бос сандалып, оқу білімге
талпынбаған жастарды көріп,
қатты қынжылып, барлығы адамның өз қолында, өз
санасында екендігін түсіндіріп, білімге жетелейді. Өз ұрпағының оты сөнбесін, ешкімге
тәуелді болмасын, тек алдыға ұмтылып, қазақ халқын өзі жеткізген шыңнан да биік
белестерге жеткізетін осы жастар деп , аянбай бар білгенін, бар көргенін қағаз бетіне
түсіріп отырған. Абай атамыздың Хәкімдігі де осы артындағы жастарға қалдырған асыл
мұрасында.
Достарыңызбен бөлісу: