Абай қҰнанбайұлының 175 жылдығына арналған «гуманитарлық ЖӘне қОҒамдық Ғылымдар: жетістіктер және мүмкіндіктер»



Pdf көрінісі
бет50/256
Дата08.02.2022
өлшемі3 Mb.
#120084
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   256
Байланысты:
sbornik-tezisov-07.10.2020g.

Қорытынды:
Ел Президенті Қасым 
– 
Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Абай және ХХІ 
ғасырдағы Қазақстан» атты өз мақаласында «Абай мұрасы 
– 
біздің ұлт болып 
бірігуімізге, ел болып дамуымызға жол ашатын қастерлі құндылық» деді. Біз Абай 
шығармашылығынан өнеге алып, халқымыздың рухани жағынан дауына жол аша 
аламыз. Абай атамыздың артынан қалдырған өсиет 
– 
өнегесін түсініп, ұғына алсақ
жалпы қай саланы болмасын бағындырып, биік белестерден көрінетініміз анық. Абай 
шығармашылығы 
– 
Алашқа айнымас алтын қазық.
Қандай сөз жазса да, не айтса да 
Абай қалың қазағы, оның болашағы үшін айтқаны бәрімізге мәлім.
Ұлы тұлғаның 
шығармаларын жас өскіндерге жеткізу, оның сұлулығы мен маңызын түсіндіру, Абай 
әлемімен қауыштыру арқылы қазақтың даналығын, қазақтың сөз өнерін, қазақтың 
ғажайып бай тілін дәріптейміз.Жас ұрпақтың ғылым мен білімге деген сүйіспеншілігін 
арттырып, адами қасиеттерді бойларына сіңіруге үйретеміз.
Біз еліміздің жастары, қазақ халқының үмітін ақтап, бізге деп өздерінің бар 
білгендерін жазып қалдырған ақын
жазушыларымыздың асыл мұрасын орынды 
пайдаланып, Қазақ елін бүкіл әлем тамсанып, қызығып қарайтындай деңгейге жеткізуге 
барынша аянбай оқу оқып, білім алып, соны орынды пайдалана білуіміз керек. Қазіргі 
заман жастардың қолында, жастарымыз қандай болса, ел
болашағы да сол бағытқа 
бұрылмақ. Хәкім Абай атамыздың аузынан шыққан әр сөзі келер ұрпақтың ұранына 
айналса құба
-
құп болар еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   256




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет