«Абайтану қазақ әдебиеттану ғылымының ең көп зерттелген саласының бірі. Ақын шығармаларының алғаш баспасөз бетінде жарық көріп, оқырман жүрегіне жол табуынан бастасақ, оның бүгін жүз жылдан астам тарихы бар» С


Абай шығармашылығының қазақ әдеби сын тарихы саласында зерделенуі.Кәкішұлы



бет11/12
Дата17.10.2022
өлшемі176,14 Kb.
#153361
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
абайтану

23.Абай шығармашылығының қазақ әдеби сын тарихы саласында зерделенуі.Кәкішұлы
Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы.мақаласы
Әдебиет сыны – әдеби сын, көркем әдеби сын – әдебиеттану ғылымының бір саласы. Ол өмір шындығы мен әдеби шығармадағы көркем шындық арақатынасын саралап, көркем шығарманы әдеби тұрғыдан бағалайтын, әдеби дамудың ағымдағы мәселелерін талқылап, бағыт сілтеп отыратын әдеби-публицистикалық, ғылыми-эстетикалық шығармашылық түрі. Әдебиет сыны – аса күрделі сала. А. Құнанбаевтың әдебиетке қатысты айтқан ойлары қазіргі қазақ әдеби сынының бастау алар қайнар көзі деуге болады. ХІХ ғасырдығ ІІ жартысында “Түркістан уалаяты”, “Дала уалаяты” газеттерінің бетінде әдебиетке қатысты материалдар жиі көріне бастады. Соғыстан соңғы кезеңде Әдебиет сынының көкжиегі кеңіп, әдеби ой-толғамдардың ғылыми негізі арта түскенімен, әдебиеттің партиялық принципі барынша қадағаланып отырды. Көркем әдебиетте, сын-зерттеу саласында саяси қырағылықты күшейту мақсатында жүргізілген істердің барысында бірсыпыра қаламгерлер тағы да қуғынға ұшырады. “Ұлтшылдыққа”, “ескілшілдікке” қарсы саяси науқанның барысында әдебиеттің бүкіл тарихы Абайымен қоса теріске шығарылды. Алғашқы екі кітабы жарық көрген “Абай жолы” эпопеясында қазақтық өткен ғасырдағы өмірінің суреттелуінен бастап, бар қадір-қасиеті жоққа шығарылып, теріс идеялар береді деп танылды. Осы саяси науқанның салдарынан Ысмайылов, Жұмалиев, Қ. Мұқамедханов т.б. қудаланып, әдебиеттен шеттетілді.
Абай өлеңдеріндегі сыншыл сарынның молдығы. Ақынның эстетикалық ойпікірінің биік екендігі.Абай поэзиясының эстетикалық қуаты,көркемөнер :сөз,өлең,қарасөзіндегі сыни ойлар жемісі туралы, Абай сыншылдығы туралы ой толғау
24.Айқап журналы және Абайтану
25.Абай энциклопедиясының абайтанудағы маңызы
Абай энциклопедиясы – ұлы ақын Абай Құнанбаевтың өмірі мен ақындық жолына арналған энциклопедия.
Қазақстан үкіметінің 1990 ж. 22 ақпандағы «Абай (Ибраһим) Құнанбаевтың туғанына 150 жыл толуына әзірлік және оны өткізу туралы» қаулысына сәйкес шығарылды. Кітапты «Қазақ энциклопедиясы» әзірледі. 1995 ж. «Атамұра» баспасынан қазақ тілінде жарық көрді. Энциклопедияға жинақталған материалдарда ақынның төл шығармалары мен аударма туындыларына, қара сөздері мен тарихи-зерттеу мақалаларына жан-жақты талдау жасалған. Ұлы ойшылдың филос., әлеум., діни, психол., пед., экон., этик., эстет. көзқарастары мен дүниетанымына кең орын берілген. Абайдың өмір жолы мен ортасы, ұстаздары мен шәкірттері, ата-тегі, кейінгі ұрпақтары, шығармаларында аталатын жер-су атаулары мен есімдер туралы мағлұматтар да мол. Энциклопедияда ақын шығармалары тақырыбында күрделі зерттеулер жүргізген ғалымдар, оның өлеңдерін аударған шетелдіктер туралы да деректер бар. Ақынның әр жылдары жарық көрген басылымдары мен Абай туралы жеке ғыл.-зерт. еңбектеріне қысқаша анықтама берілген.
Кітапты әзірлеуге Қазақстан ғалымдары мен көрнекті абайтанушылар, шетелдік авторлар тартылған. Абай энциклопедиясының авторлары мен шығарушылардың бір тобына (З.Ахметов, М.Мырзахметов, Р.Сыздықова, М.Құл-Мұхаммед) 1996 ж. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы берілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет