Сипаттама жоспары зерттеу объектісі мен мәнін бөліп көрсетуге және сипаттама гипотезасын тұжырымдауға болатын кезде қолданылады. Жоспардың мақсаты – осы гипотезаны тексеру, зерттеу объектісін сипаттайтын фактілерді сипаттау болып табылады.
Эксперименталдыжоспарбиотехнологиялық эксперимент жүргізуді қамтиды. Ол ғылыми мәселе және түсініктеме гипотезасы тұжырымдалған кезде қолданылады. Жоспардың мақсаты- зерттелетін объектідегі себеп- салдарлық байланыстарды анықтау болып табылады.
Бағдарламаның орындалуы зерттеу әдістерін таңдауға негізделеді және осы әдістердің зерттеу мақсаттарымен, міндеттерімен және гипотезаларымен байланысын көрсетеді.
Қандай да бір әдісті таңдау кезінде ол төмендегідей болуы тиіс:
тиімді, яғни қойылған мақсатқа қол жеткізуді және қажетті дәлдік дәрежесін қамтамасыз ететін зерттеу;
үнемді, яғни уақыт, күш және зерттеуші құралдарын үнемдеуге мүмкіндік беретін;
мораль мен құқық нормалары тұрғысынан жол берілетін;
ғылыми, яғни мықты ғылыми негізі бар.
ЖОО студенттері ғылыми зерттеулердің жұмыс бағдарламаларын әзірлемейді, бірақ олар оқу жұмыстарын дайындау жоспарын құруға міндетті. Магистрлік, дипломдық немесе курстық жұмыс жоспарында кіріспе, бөлімшелерге бөлінген негізгі бөлім және қорытынды болуы тиіс.Жоспар қарапайым немесе күрделі болуы мүмкін. Қарапайым жоспар негізгі сұрақтардың тізбесін қамтиды. Күрделі жоспарда әрбір бөлім кіші бөлімдерге бөлінеді. Кейде аралас жоспар құрайды, онда бір бөлімдер бөлімшелерге бөлінеді, ал басқалары бөлінбей сол күйі қалдырылады.
Жоспарды жасау кезінде төмендегі қағидаттар орындалғаны абзал:
сұрақтар таңдалған тақырыпқа сәйкес келді және оның шегінен шықпаған;
тақырып сұрақтары логикалық ұстанымда болған;
зерттеудің негізгі аспектілерін көрсететін тақырыптар міндетті түрде енгізілген;
тақырып жан-жақты зерттелген.
Жоспар түпкілікті соңғы нұсқа болып қалмайды және зерттеу процесінде өзгеруі мүмкін, өйткені объектіні зерттеудің жаңа аспектілері мен ғылыми есептің шешімдері шығуы мүмкін. Зерттеу жоспарына (бағдарламасына) сәйкес ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі кезеңдерін реттеу үшін жұмыс жоспары (жоспар-кесте) жасалады.
Студент белгіленген мерзімде қойылған мақсатқа қол жеткізуге және ғылыми міндеттерді шешуге әкелетін жұмыстарды орындаудың логикалық жоспарын жасай білуі тиіс. Жұмыс барысында ең бастысы маңызды бөлігін назарға алып, қалған бөліктерін де ұмытпау қажет. Зерттеу жұмысын орындау кезінде зерттеушінің өте маңызды қасиетінің бірі ол – тек қана қарау ғана емес, сондай – ақ көру, атап айтқанда, басты зерттеу сызығынан бас тартпай кіші мәселедегі үлкен мәселені көру, байқау.
Ғылымиақпараттыңнегізгікөздері
Ақпарат көзі–деп қандай да бір мәліметтерді қамтитын құжатты айтады. Құжаттарға ғылыми ақпараттың негізгі көзі болып табылатын түрлі басылымдар жатады. Басылым– бұл ондағы ақпаратты таратуға арналған, редакциялық – баспалық өңдеуден өткен, баспа немесе баспалау арқылы алынған, өз бетінше полиграфиялық рәсімделген, шығу мәліметтері бар құжат. Ғылыми ақпарат көздеріне жарияланбаған құжаттар: диссертациялар, сақтауға берілген қолжазбалар, ғылыми – зерттеу жұмыстары мен тәжірибелік- конструкторлық әзірлемелер туралы есептер, ғылыми аудармалар, шолу- талдамалық материалдар да жатады. Басылымдарға қарағанда бұл құжаттар кең және бірнеше рет пайдалануға есептелмеген, қолжазба түрінде болады немесе машиналық құралдарымен басылып аз мөлшерде тираждалады. Ғылыми ақпараттың барлық құжаттық көздері бастапқыжәне қайталамаболып
бөлінеді. Бастапқы құжаттар бастапқы ақпаратты, ғылыми зерттеулердің тікелей нәтижелерін (монографиялар, ғылыми еңбектер жинақтары, диссертациялардың авторефераттары және т.б.) қамтиды, ал қайталама құжаттар бастапқы құжаттарды аналитикалық және логикалық қайта өңдеу нәтижесі болып табылады (анықтамалық, ақпараттық, библиографиялық және басқа да осындай басылымдар).
Басылымдар әр түрлі негіздер бойынша жіктеледі:
нысаналы мақсаты бойынша (ресми, ғылыми, оқу, анықтамалық және т.б.);
ақпаратты талдау дәрежесі бойынша (ақпараттық, библиографиялық, реферативтік, шолу);
материалдық құрылымы бойынша (кітап, журнал, парақ, газет және т.б.);
белгілі табиғаты бойынша (мәтіндік, ноталық, картографиялық);
мерзімділігі бойынша (үздіксіз емес, сериалық, периодты, жалғасушы);
негізгі мәтіннің құрамы бойынша (монобасылым, жинақ);
құрылымы бойынша (серия, бір томдық, көп томдық, шығармалар жинағы, таңдамалы шығармалар және т.б.).
Ғылыми зерттеулерде ғылыми – зерттеу жұмысы бойынша қажетті ақпарат басылуы мүмкін басылымдар аса қызығушылық танытады. Бұл ғылыми, оқу, анықтамалық және ақпараттық басылымдар болуы мүмкін.