Абдолла Ишан мешіті


Қызыләуіт - Бәзіл петроглифтері, Бескепе таңбалары, ерте ортағасырлық, ерте темір ғасыры



бет39/56
Дата23.05.2022
өлшемі178,59 Kb.
#144760
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   56
Байланысты:
Абдолла Ишан мешіті
Биназар батыр кесенесі, Берікқара шатқалы
Қызыләуіт - Бәзіл петроглифтері, Бескепе таңбалары, ерте ортағасырлық, ерте темір ғасыры
Ерте темір ғасырына жататын Қызыләуіт - Бәзіл петроглифтері, Талас ауданы, Ақтөбе ауылынан 2,4 км оңтүстік-батыста, Бәзіл деп аталатын жердегі бос жатқан тасқа салынған.
Бескепе таңбалары - Қызыләуіт ауылынан 3,2 км оңтүстік-батыста, Бескепе деп аталатын жердегі биік емес төбедегі үлкен тас бетіне салынған.
Қаратаудың шатқалдары мен сайларында ерте дәуірлерден қалған петроглифтер көптеп ұшырасады. ХХ ғ. басында Түркістан археология әуесқойлары үйірмесінің мүшелері бастаған зерттеу жұмыстары әлі күнге дейін жалғасын тауып келеді. Оларды зерттеуге М.Қадырбаев, А.Н. Марьяшев, З.Самашев, т.б. археологтар көп үлес қосты. Ғылым айналымға енген суреттер саны бірнеше мың.
Қызыләуіт - Бәзіл петроглифтері мен Бескепе таңбаларын 2009 ж. «Археологиялық сараптама» ЖШС ескерткіштер Жинағының экспедициясы (Е.Ақымбек, Ш.Құдабаев) зерттеген. Мұнда көбінде нар мен қос өркешті түйе бейнелері кезедеседі.
Бескепеде үлкен тас бетіне толық салынған таңбалардың бір шеті сақталған. Сызықтар бойында жалғасып жатқан таңбалар өзіндік бір күрделі өрнекті құрайды. Таңбалар негізінен бір-біріне ұқсас. Олар шеңбердің екі жағынан шыққан түзу сызықтың екі шетіне екі-екіден шеңберленген түрінде, екі шеңбер арасын сызық жалғап жатқан түрінде, ирек сызықтар мен адам бейнесі ретінде берілген. Үлкен тастың сынып түскен жағында да жалғасы сақталған.
Қырбас кесенесі
Қырбас қажы, дарынды тұлға кесенесі (XX ғ. басы) - Мойынқұм ауданы, Қызылотау (Амангелді) ауылынан оңтүстік - шығысқа қарай 4 шақырым жерде, қалың сексеуіл өскен тегісте орналасқан.
Кесене ғылыми әдебиеттерде кездеспегенімен, 2012 ж. «Археологиялық сараптама» ЖШС экспедициясы зерттеген болатын. Кесененің қабырғалары үш қабатты, шикі кірпіштен қаланып, сырты және ішкі жағы күйдірілген кірпішпен қапталған, қос күмбезді мазардан тұрады. Үлкен күмбездің үстіңгі жағы және бұрыш мұнаралары езілген. Күмбездің жақтауына күйдірілген ірі мөлшерлі трапеция формалы кірпіш пайдаланылған. Күмбездері ретсіз қалау техникасымен қаланған, барабандарға жарықтық саңылаулар қалдырылған. Қабырғалары балшықпен сыланып, әктелген. Екі камераның да күмбез асты кеңістігінде өсімдік өрнектерімен әшекейленген. Суреттердің негізгі түстері ашық көк, қара сары және сүтті ақ. Қабыр едені күйген кірпіштен төселген.
Ел аузындағы деректерге қарағанда Күлетұлы Қырбас қажылықтан келісімен 17 жастағы ұлы Жәйнәбіл қайтыс болады. Содан кейін өзінің отбасы түгел жататын 2 бөлмелі, төрт мұнарасы бар кесенені 1902 ж. соғып бітіреді. Күмбезді соғуға Құсмолда деген шеберді Ташкент қаласынан алдырады. Шебер сол ауыл жанынан шеберхана ашып, қой-ешкі жүндерін қоса отырып, сапасы жағынан жоғары әрі төзімді кірпіш күйдіріп, дайындаған. Күмбездің 2 бөлмесінде де арабша құран сүрелері жазылып, бояулары жарқырап тұрған.
Күмбездің төргі бөлмесінде Зейнәбіл, Қырбас, әйелі Бибіш, ал ауызғы бөлмеде Мәдіхан деген ұлы жатыр. Ал жалпы қоршау ішінде Мәдіханның әйелі Жәмила, қызы Күлхадиша, Зейнәбілдің Айша және әйелі, Мәдіханның ұлы Зарлыхан, Зарлыханның ұлы Марат, қызы Нұргүл жерленген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет