Қабылдаған: Дүйсебеков Қ. Д. Орындаған: Геменбек З. Тобы: ХҚ-602 Инфузионды терапия (ИТ)


Сұйықтық Салыстырмалы жоғалтқан көлемі, мл/24 сағ



бет2/8
Дата22.12.2023
өлшемі126,45 Kb.
#198703
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Инфузиялы терапия ж не парентеральды тама тандыру

Сұйықтық

Салыстырмалы жоғалтқан көлемі, мл/24 сағ

Электролиттер концентрациясы, ммоль/л

Na+

К+

Cl-

НСО3-

Қан плазмасы

136-145

3,5-5,5

98-106

23-28

Асқазан сөлі

2500

НС1 құрамы

10-110

1-32

8—55

0

НС1 құрамынан тыс

8— 120

1—30

1000

20

Өт

700-1000

133-156

3,9-6,3

83-110

38

Ұйқы безінің сөлі

1000

113-153

2,6-7,4

54-95

110

Жіңішке ішектегі сөлі

3000

72-120

3,5—6,8

69— 127

30

жаңа илеостома

100-4000

112—142

4,5—14

93—122

30

ескі

100-500

50

3

20

15-30

цекостома

100-3000

48-116

11,1—28,3

35-70

15

Нәжістің сұйық фракциясы

100

10

10

15

15

Терлеу

500-4000

30-70

0-5

30-70

0

Биологиялық сұйықтықтардағы су және электролиттерді жоғалту көлемі

Инфузиялық терапия жүргізу

Инфузиялық терапия жүргізу

ИТ-ны науқастың ауру тарихына қарап жоспарлы түрде жүргізу керек. ИТ-ның міндетті шарты – енгізілетін сұйықтықтың дозасы, инфузия жылдамдығы мен ерітіндінің көлемін дұрыс бағалау.

ИТ - науқастардың аурулары дамыған кезінде өмірлік маңызы бар мүшелердің, жүйелердің бұзылуларының алдын алу және емдеу үшін тамырішілік емнің маңызы өте зор. Себебі тамыр ішілік ем арқылы ағзаға енгізілетін әр түрлі сұйықтықтардың ақуыз , электролиттер, энергетикалық және дәрілік заттардың көлемі мен мөлшерін реттеп отыруға болады. Тамыр ішілік ем негізгі мақсаты - АҚК нормада және қанның реологиялық қасиетін, биохимиялық және коллоидты-осмотикалық бұзылысын, дәрілердің енгізілуін, дезинтоксикация , парентералды қоректендіру болып табылады. Қатал көсеткіштері бойынша , науқастардың жай- күйін, физиологиялық және биохимиялық көрсеткіштерін динамикалық түрде бақылай отырып жүргізілуі тиіс.

Инфузиялық ем жүргізу ережелері.

Ерітінділердің бүтіндігін жарамдылығын тексеріп барып қолданған жөн.

Құрамында калий жоқ ерітінділердің құйылу жылдамдығын 500 мл/сағ дейін шектеген жөн. Егер ерітінділерді жылдамырақ құю қажет болса онда инфузияны ОКҚ-ны бақылай отырып жүргізу қажет.

Калий енгізу жылдамдығын 15 ммоль/сағ шектеу керек, болмаса жүрек жұмысы бұзылуы не жүрек тоқтауы мүмкін. (1 г калий хлориді ). Егер диурез төмендесе немесе қанда креатинин мен мочевинаның мөлшері жоғарыласа , калий енгізуді азайту не мүлде тоқтату керек.

Ағзадан шыққан сұйықтықтардың барлық түрін есептеп, тіркеп отыруы тиіс, әрбір 5л сұйықтықты құйып болған соң, электролиттің құрамы мен гематокритті міндетті түрде анықтап отыруы қажет.

ИТ жүргізбес бұрын анестезиолог-реаниматолог мына сұрақтарға жауап беруі тиіс.

Инфузия қандай басты синдромға байланысты жүргізіледі?(қан жіне плазма жоғалту, жасуша ішілік жіне жасуша сыртындағы сұйықтықты жоғалту).

Ол патологияның көріну дәрежесі қандай?

Тәулікте қажетті суды, электролитті, ақуызды, энергияны есептеп шығару. Қосымша факторлардың бәрін естен шығармау. (гипертермия, қантсыз диабет, ішек жыланкөздері т.б)

Құйылатын препараттардың сәйкестігі мен мүмкін болатын асқынуды, құю реті мен жылдамдығын анықтап, инфузиялық емнің картасын жасау.

Қанның осмостық қысымын бұзбау үшін енгізілетін дәрілік заттардың осмолярлығын және кристаллоидты, коллоидты ерітінділердің қатынасын есте сақтау қажет.

БИТ

БИТ

БИТ – ағзның су және электролиттерге деген физиологиялық қажеттілігін күнделікті ағзадан шығарылатын сұйықтық көлемін есепке ала отырып қамтамасыз ету. Сау адамда бүйрек қызметі қалыпты жағдайда болса тәулігіне зәр арқылы 1000—1500 мл, нәжіс арқылы 100 ден 300 мл-ге дейін, өкпе және тері арқылы шамамаен 1000 мл (850—1500 мл), оның 60 %-ті тері арқылы, ал 40 %-ті өкпе арқылы шығарылады. Температура көтерілгенде немесе көп терлегенде сұйықтықтардың сыртқа шығарылуы артады(тәулігіне 1000— 3000 мл).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет