- Адам үшін К1-және К2 витаминдері ең алдымен,қан ұю процесін жылдамдату үшін немесе қалпына келтіру үшін қажет.Бұл витамин тікелей қанның ұю процесіне және тромбиннің түзілуіне қатыспайды.К витамині протромбиндердің түзілуіне және осы күрделі жүйедегі II,VII,IX,және X-ыншы факторлардың түзілуіне қатысады.Дәлірек айтсақ,глутамин қышқылы қалдығын ГАММА –карбоксилдендендіру арқылы,ГАММА –карбоксижүйелерін түзуге қатысады.ГАММА-карбоксижүйелері кальций иондарын байланыстыру үшін қажет.
Сонымен қатар,менохинондар фотосинтез,тотығудан фосфорлану немесе дегидроорот қышқылының оротатқа тотығуы сияқты,кейбір биохимиялық тотығу-тотықсыздану реакцияларының медиаторы болып табылады.Табиғи К1 және К2 витаминдерінен басқа,бұлардың көптеген синтетикалық аналогтары белгілі.Көбінесе,олардың биологиялық активтілігі жоғары болады.Мысалы,менадион(витаминК3) ,организмде алкилденіп,менахинон 4-ке (К2(20)) айналады және басқа К витаминдері метаболизмінде аралық өнім болып табылады. - Сонымен қатар,менохинондар фотосинтез,тотығудан фосфорлану немесе дегидроорот қышқылының оротатқа тотығуы сияқты,кейбір биохимиялық тотығу-тотықсыздану реакцияларының медиаторы болып табылады.Табиғи К1 және К2 витаминдерінен басқа,бұлардың көптеген синтетикалық аналогтары белгілі.Көбінесе,олардың биологиялық активтілігі жоғары болады.Мысалы,менадион(витаминК3) ,организмде алкилденіп,менахинон 4-ке (К2(20)) айналады және басқа К витаминдері метаболизмінде аралық өнім болып табылады.
Қорытынды - Дәрумендер тағамдық заттардың құрамында болатын ерекше ағзалық қосылыстар. Олар ағзада ферменттердің түзілуіне қатысады. Дәрумендер тағам құрамында аз мөлшерде болғанымен, ағза үшін өте қажетті заттар. Дәруменсіз ағзаның өсуі, дамуы мен тіршілік жалғастыруы мүмкін емес. Сондықтан витамин сөзінің латынша тіршілік (өмір) үшін қажетті зат деп аталуы маңызы зор. Дәрумендер ағзадағы зат алмасу үдерісінде қарқынды әсер етеді. Қазіргі кезде дәрумендердің 30-ға жуық түрлері бар. Дәрумендер әсіресе балалар мен жасөспірімдер үшін дұрыс өсуі, дамуы үшін өте қажет. Ағзаның түрлі ауруларға қарсы тұра алу әрекетін арттырады.[6]
-
Достарыңызбен бөлісу: |