Адаева Құралай «Болашақ» №35,2010 қараша Ақпараттық технология Г.Ә. Кудасова, №167 «Жаңарық» ом



Дата06.04.2020
өлшемі50,55 Kb.
#61629
Байланысты:
Ақпараттық технология Адаева Құралай

Адаева Құралай
«Болашақ» №35,2010 қараша

Ақпараттық технология


Г.Ә.Кудасова,
№167 «Жаңарық» ОМ

Білім беру жүйесін ақпараттандыру,оқытудың жаңа технологиясын енгізу,бүкіләлемдік коммуникация желісіне қосылу – заман талабы. Бұл оқушының шығармашылық қабілетін дамыта отырып компьютерді жекелеген пәндерге оқыту құралы.Мысалы ағылшын тілі пәніне арналған электронды әдістемелік құралдың құрылымы бойынша негізгі тараулармен жұмыс істеуге мүмкіншілік зор.Әрбір тараудағы мәліметтерді оқушылар жеңіл таба алады.
- Тақырыпқа байланысты мәтіндер
- Тақырыпқа қатысты суреттер мн сызбалар және компьютерлік анимация элементтері
- Сөздік қорларды толықтыруға арналған жаттығулар
- Грамматикалық тесттер
- Ойын түрлері
Мектеп кезеңі – баланың табиғи мүмкіндігінің толықтай ашылып,қабілет икемділіктерінің қалыптасып,жетілетін уақыты.
Р.П.Мильрудтың пайымдауы бойынша «интербелсенділік,бұл – координаттау,коммуникативтік мақсаттар мен тілдік құрылым нәтижелелерінің бір-бірін өзара толықтыру» деген.Бұл көзқарас бойынша оқыту барысындағы интербелсенді бағыт,сабақ кезіндегі коммуникативті мақсатқа қол жеткізудің құралы деген пікірге саяды.
Ағылшын тілі сабағында ақпаратты технологияларды пайдалану,оқытудың дәстүрлі әдістеріне қарағанда тиімді.Мысалы
- Оқу әдістерін қалыптастырады
- Дара және жұп бойынша өз пікірін қалыптастыра алады
- Тыңдау мүмкіншіліктері артады
- Интернет желілерінен алынған материалды,интерактивті тақтаны пайдалана отырып,тірек схемаларды көрсету,видеороликтерді пайдалану
- Оқушылардың өзіндік жұмыстарымен айналысуына мүмкіндік туғызады (жобалар,рефераттар,альбомдар жасау)
Сонымен қатар,сабақ барысында интерактивті тақтаны пайдаланудың мұғалім үшін де белгілі бір артықшылықтары бар.Мысалы,үнемі тақтаға жазу,схема,таблица құру,фонетикалық және грамматикалық жаттығулар жазу жұмыстары азаяды немесе мүлдем уақыт алмайды.Бұл уақытты ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді және сабақ барысын түрлендіруге әрі орындалатын тапсырмалар жиынтығының санын арттыруға ықпал жасайды.
Интерактивті тақтаны пайдалану түрлі деңгейлік тапсырмалар беруге де таптырмайтын құрал. Мысалы, оң жақ тарапқа мықты оқушылардан құралған топқа арналған тапсырмалар,ал сол жақ тарабына біршама нашарлау топқа арналған тапсырмалар беріледі.Осылайша,оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдай отырып,табысқа жетуге болады.Мұнымен қатар,интерактивті тақтаны қорытынды сабақтарда да пайдалану жемісті болмақ,себебі,тарау соңындағы сабақтарда түрлі әдістерді қолдануға және түрлі технологияларды өзара байланыстыруға болады.
Қорыта келгенде келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгерту басты міндетіміз.

Ақпараттандырудың қазіргі жағдайы
мен рөлі

Э.Шіркінбаева
М.В.Ломоносов атындағы көпсалалы мектеп гимназиясының информатика пәні мұғалімі
.

Есептеу техникасыныңөте жылдам дамып,оны ғылымның кез келген салаларында қолдануға байланысты өмір талабы оөыту процесін жан – жақты және жүйелі түрде компьютерлендіруге әкеліп отыр.Ақпараттық қоғам дамуына байланысты білім беру мазмұны да үздіксіз жетілдіруде.Болашақ кәсіптік білім пәнінің мұғалімдеріне қойылатын талаптардың мазмұны да жаңа ақпараттық технологиялар дамуына негізделген жаңаша көзқарастарды талап етуде.


Қоғамның ақпараттануы бүткіл дүниежүзінде шексіз ақпараттық кеңістік қалыптастыра отырып,білім беруді,өңдірісті,адамдардың тұрмыс тіршілігін түбегейлі өзгертуде.Ақпараттық коммуникациялық технологиялар және ғаламдық интернет желісінің дамуы еліміздің барлық салаларындағы қызметтің тиімділігін недәуір арттыруға мүмкіндік берді.
Компьютерді және басқа да ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және пайдалану дағдыларын меңгеру қазіргі өмірдің ажырамас бөлшегіне айналып отыр.
ХХІ – ғасыр ақпараттық қоғам және өндірістік дамуының негізгі құралы ақпараттықресурстардың қажеттілігі болып отыр.
Осыған орай білім беру ұйымдарында информатиканы оқыту сапасын арттыру проблемалары қандай деген сұрақ туындайды.
Қ.Р «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті:ұлттық құндылықтар,жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу,білім берудің ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық желілерге шығу.Оқушылардың қазіргі заманғы компьютерлік технологияларды меңгеруі өмірге жаңа көзқарасын қалыптастырып,ой-өрісін жетілдіреді,шығармашылық белсенділігін арттырады.Бүгінгі күннің талабы – оқытудың жаңа технологияны қазіргі заманға бейімдеу,олардың білім деңгейін мемлекеттік және халықаралық стандартқа жетуіне күш салу.


Информациялық қоғам




Сабақтың тақырыбы



Мақсаты

оқушы

педагог

Танымдық қасиетті реттейді

Пәнаралық байланыс тереңдейді

Ойлау қабілеті артады

Мұғалім мәселесін пайдаланады

Оқу прцесінің тиімділігін арттырады

Білім беру жүйесін ақпараттандыруды дамытудың негізгі субъектісі – информатика пән мұғалімі.


демек,информатика пәнін оқытуда жоғарыда келтірілген мәселелерді негізге ала отырып,оқыту әдістемесін жетілдіре түссек,онда ХХІ ғасыр жас жеткіншектерін компьютерлік сауатты,білімді және мәдениетті етіп шығарамыз.
Оның үстіне Біріккен Ұлттар Ұйымы бастамасымен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталғандықтан,осыған орай Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанды ақпараттандыру – ХХ! Ғасырға жасалған қадам» деген тақырыпқа ғылыми форум өткізгендігі де белгілі.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет