Мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының
қызметкерлері өздерінің қылмыстық әрекеттері
мен еліміздің қалыпты
тұрғыдағы дамып жетілуіне кедергі келтіреді.Осы аталған қылмыс
түрлерімен күресу немесе оларды алдын алу үшін мемлекеттік қызмет
мүдделеріне қарсы қылмыстардың түсінігі мен олардың басқа қылмыс
түрлерінен айырмашылығын білуіміз қажет. Қазақстан Республикасы
Қылмыстық
кодексі
”Мемлекеттік
қызмет
мүдделеріне
қарсы
қылмыстарды” жеке тараулардың бірі ретінде айырықша белгілеп отыр.
Мемлекеттік қызмет мүдделері - коммерциялық және өзге
ұйымдардағы қызмет мүдделерімен ұқсас болып келеді. Бірақ
коммерциялық ұйымдардың лауазымды тұлғаларының билікті немесе
қызметтік
өкілеттілікті асыра пайдалануы, азаматтардың немесе
ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеп
соқтырғаны мен мемлекеттік қызмет мүдделеріне және де мемлекеттік
аппараттың қалыпты қызмет атқаруына кедергі келтіре алмайтындығымен
айрықшаланады. Мемлекеттік аппараттың лауазымды тұлғалары өздерінің
қызмет өкілеттігін теріс пайдалануы арқылы мемлекеттің мүддесіне, яғни
заң атқарушы, соттық билікке, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына
олардың қалыпты қызмет жүйелеріне және де азаматтың алдында қоғам
мүддесін әлсірету мен кері тартушылығымен сипатталынады. Демек,
коммерциялық және өзге ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы
қылмыстардың
ерекшелігі сол, яғни осы аталған ұйымдардың тұлғалары,
ең алдымен, өздерінің коммерциялық құрылымдарына, сонымен қатар,
қоғамдық бірлестіктер немесе сол сияқты ұйымдардың, яғни мемлекеттік
емес органдардың қызметтік емес органдары қызметтік дәрежесіне нұқсан
келтіреді.
Қылмыстық заңмен, яғни мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы
қылмыстарға тікелей анықтама берілген,
сондықтан теориялық тұрғыда
аталған қылмыстардың тобын лауазымды адамның өз қызметтік
өкілеттігін пайдаланып азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен
заңды мүдделеріне және мемлекеттік аппараттың қалыпты қызмет
атқаруына қарсы қол сұғушылығын ”Мемлекеттік қызмет мүдделеріне
қарсы қылмыстар„ деп түсінуімізге болады.
Қылмыстық
кодекстің
аталған
тарауындағы
қылмыстардың
жасалуына қарай, өзіне тән арнайы белгілерге ие бола алады: 1)
мемлекеттік аппараттың заңды қалыпты тұрғыдағы қызмет мүдделеріне
қол сұғылуы, яғни заңмен қорғалатын объектілерге қол сұғылуы; 2)
лауазымды адамның өз қызметтік өкілеттігін, қызмет мүдделеріне қарсы
азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін
елеулі түрде бұзуға әкеп соқтырған әрекет немесе әрекетсіздік (қылмыстың
объективтік жағы); 3) қоғамға қауіпті қол сұғушылықтың лауазымды
тұлғалармен, мемлекеттік қызметкерлер арқылы жасалынуы (қылмыс
субъектісі); 4) қоғамға қауіпті қол сұғушылықтың кінәлі түрде, яғни
қасақана немесе абайсыздық түрде жүзеге асырылуы (қылмыстың
субъективтік жағы).
Осы тараудағы барлық көзделген қылмыстардың нұқсан келтіретін
объектісі болып - жергілікті өзін-өзі басқарушы органдардың мемлекеттік
аппараттың қалыпты тұрғыдағы қызметі табылады.
Аталған қылмыстардың тікелей объектісі
болып-тараудағы қарайтын
нақты айқындалған (қылмыс құрамының түрлері), яғни мемлекеттік
басқару органдары, мемлекеттік қызмет пен жергілікті өзін-өзі басқару
органдарының қызметі табылады.
Қылмыстардың қосымша объектісі болып - азаматтардың немесе
ұйымдардың меншігі, жеке басы мүдделері табылады. Кейбір
қылмыстардың міндетті белгісі болып олардың заты танылады: мүліктік
сыйақы (ҚК ЗІ1-ЗІЗ- баптары), ресми құжаттар (ҚК 314-баптары).
Басқару органдары немесе мемлекеттік органдардың қызметіне
нұқсан келтірілуіне байланысты, аталған
тарау бойынша қылмыстың
объективтік жағы әр түрлі нысандардан құралған. Аталған қылмыстардың
басым көпшілігі белсенді әрекет ретінде, ал кейбір қылмыстар (салақтық,
қызметтегі әрекетсіздік) әрекетсіздік ретінде жасалынады.
Осы тараудағы қылмыстардың объективтік жағы, арнаулы белгілерге
ие бола отырып, материалды құрамдағы қылмыстарды (ҚК 307-309, 315,
316-баптары) және формальды құрамды қылмыстарды (ҚК 310-314-
баптары) қамтиды.
Қылмыстың материалды құрамының міндетті белгілері болып -
қоғамға қауіпті әрекет пен түскен зардаптың арасындағы себептік
байланысы табылады.
Азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін
не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне нұқсан
келтіруі -қылмыстың ерекше белгілерінің бірі ретінде танылады.
Біріншіден, лауазымды тұлға немесе өкімет өкілі қызметін жүзеге
асыруында,өзіне жүктелген қызметтік міндеттерін қылмыстық жолға, яғни
кереғар пайдалануынан тұратындығымен көрінеді.
Екіншіден, (қызмет мүддесіне қарсы қылмыстар) өкілеттілік бойынша
өкіметтің өкілі қызметін жүзеге асырушы не мемлекеттік органдар
қызметтерін жүзеге асырушы адамдар, азаматтардың немесе ұйымдардың
құқықтары мен заңды мүдделерін не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен
қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзуы, заңды бостандықтарын,
құқықтары мен мүдделерін кемсітуі, елеулі түрдегі мүліктік
зардап
келтіруі, өндірістерді тоқтатуымен сипатталынады.
Қылмыстың субъективтік жағы - ҚК аталған тарауда көзделген
қылмыстардың барлық түрлері кінәнің нысаны бойынша тек қасақаналық
болып танылады. Қылмыстық кодекстің 316-бабында көзделген қылмыс
құрамы, кінәнің абайсыздықтағы нысанын құрайды.
Кейбір қылмыстар (мысалы, ҚК 307, 310, 314- баптары)
пайдакүнемдікпен немесе жеке басының мүддесі үшін немесе (ҚК 311-б)
пайдақорлық мақсатпен жасалынады.
Қылмыстың субъектісі - заңға сәйкес лауазымды тұлғалар және
мемлекеттік қызмет атқаратын адамдар, яғни арнайы субъектілері болып,