агенттермен немесе улы заттармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ереже-
лерінің бұзылуы" (ҚК 279-бабы); "Суларды ластау, бітеу және сарқу" (ҚК
281-бабы); "Атмосфераны ластау" (ҚК 282-бабы); "Теңіз аясын ластау"
(ҚК 283-бабы); "Жерді бүлдіру" (ҚК 285-бабы; "Ерекше қорғалатын табиғи
аумақтар режимінің бұзылуы" (ҚК 293-бабы); "Экологиялық ластау
зардаптарын жою жөнінде шара қолданбау" (ҚК 294-бабы).
2. Өсімдіктердің (флора) және жануарлардың (фауна) сақталуына
қарсы қылмыстар: "Ветеринарлық ережелердің және өсімдіктердің
аурулары мен зиянкестеріне қарсы күресу үшін белгіленген ережелердің
бұзылуы" (ҚК 280-бабы); "Су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз алу"
(ҚК 287-бабы);"Заңсыз аңшылық" (ҚК 288-бабы); "Жануарлар дүниесін
қорғау ережелерін бұзу" (ҚК 289-бабы); "Жануарлар мен өсімдіктердің
сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерімен заңсыз іс-
әрекеттер" (ҚК 290-бабы); "Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу" (ҚК 291-
бабы); "Ормандарды жою немесе зақымдау" (ҚК 292-бабы).
3. Жер қойнауының сақталуына қол сұғатын қылмыстар: "Қазақстан
Республикасының құрылықтық шельфі туралы және Қазақстан
Республикасының айырықша экономикалық аймағы туралы заңдардың
бұзылуы" (ҚК 284-бабы); "Жер қойнауын қорғау және пайдалану
ережелерін бұзу" (ҚК 286-бабы).
Қылмыстық кодекстің басқа тарауларында қоршаған ортаға қол
сұғатындығы үшін қылмыстық жауаптылықты көздейтін нормалардың
орын алатындығын ескеруіміз қажет, мысалы, ҚК 161-бабы "Экоцид", ҚК
268-бабы "Адамдардың өміріне немесе денсаулығына қауіп төндіретін
мән-жайлар туралы ақпаратты жасыру".
Достарыңызбен бөлісу: