мемлекеттік ұйым болып табылмайтын коммерциялық және өзге ұйымдар-
дың мүддесі болып табылады.
Ұйымды басқарушының, жекеше нотариустың немесе жекеше
аудитордың,
жетекшінің
немесе
жекеше
күзет
қызметінің
қызметкерлерінің өздерінің өкілеттіктерін дұрыс іске асыруы (заңға
сәйкес), осы қарастырылып отырған топтың іс-әрекетінің тікелей объектісі
болып табылады.
8-тараудың барлық қылмыс құрамының қосымша объектісі бар
(азаматтардың,
ұйымдардың, қоғамның немесе мемлекеттің заңды
мүддесі және құқығы сияқты).
Осы тарауда қарастырылып отырған қылмыстың объективтік жағы,
өзінің өкілеттілігін пайдалану арқылы өзге жекеше немесе қоғамдық
мүддеге зиян келтіретін ісәрекеттермен (әрекет немесе әрекетсіздік)
сипатталады (ҚК 231-баптың 1 және 2-бөлігінде қарастырылған қылмыс-
тардан басқасы).
ҚК 228 және 229-баптарында қарастырылған қылмыстың объективтік
жағының міндетті белгісі
ретінде елеулі зиян деп, мүліктік зиянды
сонымен бірге адамның және азаматтың конституциялық құқығын және
бостандығын бұзуды түсінуге болады. Бұл белгі бағаланушы белгі болып
табылады және тек сот қана келтірілген зиянды елеулі деп тануға құқылы.
Бұл қылмыстар субъективтік жағына байланысты кінәнің тек қана
қасақаналық
нысанымен
жасалынады
(тікелей
немесе
жанама
қасақаналық).
ҚК 231-бабының 1 және 2-бөлімі бойынша қылмыстық жауаптылыққа
тартылатын субъект - 16 жасқа толған
кез келген тұлға бола алады, ал
қалған қылмыс құрамдарында арнайы субъектінің белгілері көрсетілген.
Сонымен, коммерциялық және өзге ұйымдардағы қызмет
мүдделеріне қарсы қылмыстар ретінде, заң шығарушы ұйымдардың,
орындаушы және сот билігі қызметкерлерінің міндеттерін атқармайтын
тұлғалардың, өзінің өкілеттілігін теріс пайдалану
немесе өз міндетіне
адал қарамауын азаматтардың, ұйымдардың, қоғамның немесе
мемлекеттің мүддесіне және заңды құқығына қысым жасайтын қоғамға
қауіпті іс-әрекетін түсінуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: