Адамныњ жеке басына ќарсы ќылмыстар


ОТБАСЫНА ЖӘНЕ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРҒА ҚАРСЫ



Pdf көрінісі
бет2/20
Дата04.04.2022
өлшемі479,55 Kb.
#137799
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Дәрістер тезисі (1)

ОТБАСЫНА ЖӘНЕ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРҒА ҚАРСЫ 
ҚЫЛМЫСТАР
1.Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың жалпы 
сипаттамасы. 2.Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы 
қылмыстардың жеке құрамдары.
3.Кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар.
4.Отбасына қарсы қылмыстар. 
Қазақстан Республикасы 1995 жылғы Конституция-сының 27-
бабында: "неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында 
болады" - делінгені мәлім. Қоғам мүшелерінің, оның ішінде, жас 
мүшелерінің өмірі мен денсаулығын қорғаудың нысандары мен тәсілдері 
әр алуан және бұл игіліктерді қамтамасыз етуде жалпы құқықтың, оның 
ішінде, қылмыстық құқық саласының орны ерекше. Сондықтан да 
мемлекет қылмыстық-құқықтық шараларды пайдаланып кәмелетке 
толмағандардың өмірі мен денсаулығына, сонымен бірге отбасылық 
қатынастарға қол сұғатын қоғамға қауіпті әрекет-әрекетсіздіктермен күрес 
жүргізеді. 
Қылмыстық-құқықтық шаралардың күшімен аталған қоғамдық 
қатынастарды қорғаудың мәні кәмелетке толмаған адамның мүддесін 
қорғау, оның жеке тұлғасының дұрыс қалыпта интеллектуалдық және 
адамгершілік жағынан қалыптасуы үшін жеткілікті жағдайлар туғызумен 
байланысты. Өз кезегінде бұл жағдайлар отбасында қалыптасатын өзара 
қарым-қатынастардың сәттілігімен ұштасады. Міне, сондықтан да 
кәмелетке толмағандарды қорғау - жалпы отбасылық қатынастарды 
қорғаумен біртұтас мәселе. 
Қазіргі өткінші тарихи кезеңде жаңа қоғамдық қатынастарға көшу 
және осыған байланысты туындаған күрделі өзгерістер қарапайым 
халықтың өмір сүру деңгейін күрт төмендетіп, кедейлікке ұшыраған 
отбасылар санының күннен күнге өсуіне алып келеді. Ал мұндай 
отбасыларында олардың балаларының үйінен кетіп қалуына, тіпті ата-ана 
некесінің бұзылуына ықпал ететін күрделі психологиялық жағдайлар орын 
алатыны белгілі. Ерлі-зайыптылардың ажырасу фактілері жиілеп, ал 
некесіз туылған балалардың саны өсе түсуде. Елде етек алып келе жатқан 
"әлеуметтік жетімдік", яғни ата-аналары бар, бірақ көшеде қалған немесе 
мемлекеттік тәрбиелену мекемелерінде (балалар үйінде) тәрбиеленіп 
жатқан балалар санының өсуіне әкеледі. 
Кәмелетке толмағандарды қылмыстық қол сұғынушылықтан қорғауға 
бағытталған нормалардың Қазақстан Республикасы қылмыстық заңында 
орын алуы 1989 жыл-ғы дүниежүзілік "Балалардың құқықтары туралы" 
Конвенциясының ережелеріне сәйкес келеді. Мұндай нормалардың 
қылмыстық заңға енгізілуі жас тұлғаның дене құрылысының толық 
жетілмеуімен, сондай-ақ ересек адамдарға қарағанда кәмелетке 
толмағандардың 
қылмыстық 
қол 
сұғынушылыққа 
төтеп 
беру 
мүмкіндіктерінің белгілі шамада шектелгендігімен және олардың жас, 


психологиялық және әлеуметтік жағынан әлі де болса толық дамып 
қалыптаспағандығымен түсіндіріледі. 
Бұрынғы 1959 жылғы 22 июльдегі Қазақ ССР-нің Қылмыстық 
кодексімен салыстырғанда 1998 жылы 1-қаңтарда күшіне енген қазір 
қолданыста жүрген Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде 
кәмелетке толмағандар мен отбасына қарсы жасалатын қылмыстар үшін 
жауаптылық қарастырған баптардың саны едәуір өскен. Мысалы, 1959 
жылғы Заңда тек жасы кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың 
небәрі алты түрі ғана көрсетілген еді. Олар - жасы он алтыға толмаған 
қызбен жыныс қатынасын жасау (102-бап), жас балаларды аздыру (103-
бап), неке жасына жетпеген қызбен іс жүзінде некелі жағдайда тұру (105-
бап), балаларды асыраудан немесе тәрбиелеуден бұлтару (112-бап), 
опекундық праволарын пайдаланып, қиянат жасау (113-бап), біреудің 
баласын ұрлау (116-бап). 
Ең бастысы, жаңа заңда отбасы мен кәмелетке толмағандарға қарсы 
қылмыстар үшін жауаптылықты қарастыратын нормаларға, өз алдына бір 
тарау арналған. Бұл біздің жаңа қылмыстық заңымыздың отбасы мен 
кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды 
жоғарғы деңгейге көтеріп отырғанын дәлелдейді. 
Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар Қазақстан 
Республикасы Қылмыстық кодек-сінің 131-140-баптарында көрсетілген 
қылмыстарды қам-тиды. 
Бұл тарауға кіретін қылмыстардың топтық объектісі отбасын қорғау, 
ата-аналардың және асырап алушылар-дың құқықтары мен заңды 
мүдделерін қорғау, сонымен бірге кәмелетке толмағандардың дене
интеллектуалдық және адамгершілік тұрғыда дамып қалыптасуын 
реттейтін қоғамдық қатынастар болып табылады. Ескеретін жағдай мынада 
- бұл тарауда түрлі мүдде қорғалған деп айтуға болады. Олар: отбасының 
мүддесі, ата-ана және асырап алушының мүддесі, жасы кәмелетке 
толмағандардың мүддесі. 
Бұл қылмыстың тікелей объектісі - кәмелетке тол-маған адамның жеке 
тұлғасының қалыптасуымен немесе отбасының қалыпты өмір сүруімен 
байланысты нақты қоғамдық қатынастар. 
Топтық объектілеріне байланысты бұл тарауға кіретін қылмыстарды 
мынадай топтарға жіктеуге болады: 
1.Кәмелетке толмағанның жеке тұлғасының қалыпты адамгершілік 
және денесінің дұрыс дамуына қол сұғатын қылмыстар: кәмелетке 
толмаған адамды қылмыстық іске тарту (131-бап), кәмелетке толмаған 
адамды қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға тарту (132-бап), кәмелетке 
толмаған адамды саудаға салу (133-бап), баланы ауыстыру (134-бап). 
2. Кәмелетке толмағандардың мүддесіне және отбасылық құқықтық 
қатынастар саласындағы басқа да адамдардың құқықтары мен заңды 
мүдделеріне қол сұғатын қылмыстар: бала асырап алу құпиясын жария ету 
(135-бап), балаларын немесе еңбекке жарамсыз балаларын асырауға 
арналған қаражатты төлеуден әдейі жалтару (136-бап), кәмелетке толмаған 


баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау (137-бап), балалардың 
өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі 
міндеттерді тиісінше орындамау (138-бап), қамқоршы немесе қорғаншы 
құқықтарын теріс пайдалану (139-бап), еңбекке жарамсыз жұбайын 
(зайыбын) асыраудан әдейі жалтару (140-бап). 
Жәбірленушілер ретінде жасөспірімдер, кәмелетке толмағандар, ата-
аналар және асырап алушылар танылады. Жәбірленушілердің заңды 
мүдделері олардың жасына, интеллектуалдық даму деңгейіне, денсаулық 
жағдайына қарамастан заңмен қорғалады. 
Жасөспірімдер деп жасы он төртке толмаған балалар саналады. Ал 
кәмелетке толмағандар қатарына жасы он төртке толған, бірақ он сегізге 
жетпеген адамдар жатады. 
Бұл қылмыстардың көпшілігінің объективтік жағы әр түрлі 
әрекеттермен жасалады. Он қылмыстың төртеуі ("балаларын және еңбекке 
жарамсыз ата-аналарын асырауға арналған қаражатты төлеуден әдейі 
жалтару", "кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді 
орындамау"‚ "балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін 
қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау" және "еңбекке 
жарамсыз жұбайын (зайыбын) асыраудан әдейі жалтару)" әрекетсіздік 
жолмен де жаса-лады. 
Аталған қылмыстар өзінің құрылымы жағынан формальды құрамды 
болып есептеледі, яғни объективтік жағының міндетті белгісі ретінде 
қандай да бір қоғамға қауіпті зардаптың тууын қарастырмайды. 
Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың 
субъективтік жағы 138-бапта қарастырылған "балалардың өмірі мен 
денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді 
тиісінше орындамау" қылмысынан басқа қылмыстар кінәнің тікелей 
қасақаналық түрімен сипатталады. Бірқатар қылмыстарда субъективтік 
жағының міндетті белгісі ретінде пайдакүнемдік немесе опасыз арам 
ниеттер көрсетілген. 
Бұл қылмыстардың субъектілері болып жасы 18-ге толған кез келген 
есі дұрыс адам, не ата-аналар, педагог немесе кәмелетке толмағанды 
тәрбиелеу жөніндегі міндеттер жүктелген басқа да адамдар, еңбекке 
қабілетті кә-мелетке толғандар және мемлекет қызметкерлері саналады. Ал 
кәмелетке толмаған балаларды саудаға салу және баланы ауыстыру 
қылмыстары бойынша жауаптылық он алты жастан белгіленген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет