Адамныњ жеке басына ќарсы ќылмыстар


Сот тµрелігіне және жазалардыњ орындалу тәртібіне қарсы



Pdf көрінісі
бет16/20
Дата04.04.2022
өлшемі479,55 Kb.
#137799
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
Дәрістер тезисі (1)

Сот тµрелігіне және жазалардыњ орындалу тәртібіне қарсы 
қылмыстар.
1.Сот тµрелігі м‰ддесіне қарсы қылмыстардыњ қылмыстық зањнамада 
даму тарихы.
2.Сот тµрелігі органдарыныњ лауазымды адамдары жасаған сот тµрелігі 
м‰ддесіне қол сұғатын қылмыстар. Кінәсіз адамды кµрінеу қылмыстық 
жауаптылыққа тарту. Қылмыстық жауаптылықтан кµрінеу зањсыз босату. 
Кµрінеу зањсық ұстау, қамауда ұстау немесе қамауға алу ‰шін 
қылмыстық 
жауаптылық. 
Жауап 
беруге 
мәжб‰рлеу. 
Қинау. 
Дәлелдемелерді бұрмалаудыњ объективтік және субъективтік белгілері. 
Кµрінеу әділетсіз сот ‰кімін, шешімін немесе µзгедей сот актісін шығару. 
Қылмысқа жанасушылық ‰шін жауаптылық. 


Құқық қорғау органдары елімізде заңдылықпен құқықтық тәртіпті 
қамтамасыз етуде, жеке адамды, оның заңды құқықтары мен мүдделерін, 
жеке меншікті, қоғамдық тәртіппен қоғамдық қауіпсіздікті, қоршаған 
ортаны, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын және 
оның аумақтық тұтастығын қорғау ісіне басты рөл атқарады. 
Құқық қорғау органдарының қызметтеріне заңдылықтың сақталуына 
Қазақстан Республикасының ҚК 15-тарауында қамтылатын сот төрелігіне 
және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстардың жауапкершілігі 
туралы Қылмыстық кодекстің қалыптары (нормалары) жүзеге асырады. 
Қылмыстық кодекс әділ сот органдары деп -
 
сотты ғана емес, сонымен 
бірге қылмыстық және азаматтық істерді соттың дұрыс шешілуін 
қамтамасыз ететін органдары; прокуратура, әділет, алдын ала анықтау, 
алдын ала тергеу органдары, сондай-ақ соттың тағайындаған жазасының 
орындалуын қамтамасыз ететін мекемелер түсіндіріледі. Сот төрелігі мен 
жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстар аталған органдардың 
қалыпты қызметін айтарлықтай бұзады, олардың беделін түсіреді және 
жеке адамның, сондай-ақ ұйымның мүдделеріне елеулі зиян келтіреді. 
Сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы 
қылмыстардың туыстық объектісі болып -
 
әділ сотты жүзеге асырудағы 
құқық қорғау органдарының қалыпты қызметі табылады. 
Әділ сотты жүзеге асыру кең мағынада түсіндіріледі, яғни тікелей сот 
органдарының қызметі ғана емес, сонымен қатар әділ сотты оларсыз 
жүзеге асыру мүмкін емес органдардың қызметі (прокуратура, алдын ала 
анықтау органдары, үкімдерді орындау және т.б.). 
Қазіргі кезде қалыптасқан әділ сотқа қарсы қылмыстар жүйесі әділ 
сотты, прокуратура қызметін, тергеу және алдын ала анықтау 
органдарының, сондай-ақ заңды күшіне енген үкімдер мен шешімдерді 
орындауға келтіретін органдардың қызметінің қылмыстық-құқықтық қор-
ғауын қамтамасыз етуге арналған қалыптарды енгізу. 
Сот төрелігін және олардың жазаларының орындалу тәртібіне қарсы 
қарсы кейбір қылмыстар басқа тікелей объектіге, яғни құқықтары мен 
мүдделері заңмен қорғалатын жеке адамға да қол сұғады. Мұндай 
қылмыстарға: сот төрелігін немесе алдын ала тергеуді жүзеге асырушы 
адамның өміріне қол сұғу (ҚК 340-бабы), көрінеу кінәсіз адамды 
қылмыстық жауаптылыққа тарту (ҚК 344-бабы), көрінеу заңсыз ұстау, 
қамауға алу немесе қамауда ұстау (ҚК 346-бабы), көрінеу әділетсіз сот 
үкімін, шешімін немесе өзге де сот актісін шығару (ҚК 350-бабы), жалған 
жауап беруге немесе жауап беруден жалтаруға, жалған қорытынды беруге 
не қате аударуға сатып алу не мәжбүр ету (ҚК 354-бабы) жатады. 
Қылмыс объективтік жағынан көбінесе әрекет жасау жолымен 
жасалады. Тек кейбір мынадай қылмыстар: куәнің не жәбірленушінің 
жауап беруден бас тартуы немесе жалтаруы (ҚК 353-бабы), сот үкімін, сот 
шешімін немесе өзге де сот актісін орындамау (ҚК 362-бабы), қылмыс 
туралы хабарламау (ҚК 364-бабы), әрекетсіздік жолымен жасалады. 
Сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы 


қылмыстардың субъектісінің бірі болып -
 
лауазымды адамдар ғана 
табылады: көрінеу кінәсіз адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту (ҚК 
344-бабы), қылмыстық жауаптылықтан көрінеу заңсыз босату (ҚК 345-
бабы), көрінеу заңсыз ұстау, қамауға алу не қамауда ұстау (ҚК 346-
бабы), жауап беруге мәжбүр ету (ҚК 347-бабы), көрінеу әділетсіз сот 
үкімін, шешімін немесе өзге де сот актісін шығару (ҚК 350-бабы), ал 
екіншісі: лауазымды адам болып табылмайтын, бірақ арнайы субъектінің 
өзгедей белгілеріне ие адамдар: көрінеу жалған жауап беру, сарапшының 
жалған қорытындысы немесе қате аудару (ҚК 352-бабы), куәнің немесе 
жәбірленушінің жауап беруден бас тартуы немесе жалтаруы (ҚК 353-
бабы), алдын ала анықтау немесе алдын ала тергеудің деректерін жария 
ету (ҚК 356-бабы), судьяға және қылмыстық процеске қатысушыларға 
қатысты қолданылатын қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтерді жария 
ету (ҚК 356-бабы), бас бостандығынан айыру орнынан, тұтқындаудан 
немесе қамаудан қашу (ҚК 358-бабы), қылмысты атқару мекемесі 
әкімшілігінің талаптарына қасақана бағынбау (ҚК 360 -бабы). 
Қылмыс субъективтік жағынан қасақаналық ниетпен жасалады.
Құқықтық әдебиетте сот төрелегіне және жазалардың орындалу 
тәртібіне қарсы қылмыстардың түрліше дәрежелеуін кездестіруге болады. 
Кейбір ғалымдар аталған қылмысты қылмыс субъектісінен тәуелді 
топтарға бөледі, ал басқалары - тікелей объект бойынша топтарға бөледі. 
Біздің заң үшін осы қылмысты тікелей объект бойынша төрт топқа бөліп 
қарау ыңғайлы. 
Әділ соттың Конституциялық принциптерінің жүзеге асыруын 
қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастарға қол сұғу - қылмыстың 1-ші 
тобы, бұларға сот төрелігін жүзеге асыруға және алдын ала тергеу 
жүргізуге кедергі жасау (ҚК 339-бабы), көрінеу кінәсіз адамды жауапты-
лыққа тарту (ҚК 344-бабы), қылмыстық жауаптылықтан көрінеу заңсыз 
босату (ҚК 345-бабы), көрінеу заңсыз ұстау, қамауға алу немесе қамауда 
ұстау (ҚК 346-бабы), жауап беруге мәжбүрлеу (ҚК 347-бабы), параға 
немесе коммерциялық сатып алуға арандату (ҚК 349-бабы), көрінеу 
әділетсіз сот үкімін, шешімін не өзгедей сот актісін шығару (ҚК 350-бабы), 
адвокаттар мен өзге адамдарды, азаматтарды қорғау және оларға заңгерлік 
көмек көрсету жөніндегі заңды қызметіне кедергі жасауды (ҚК 365-бабы) 
жатқызуға болады. 
Сот төрелігін және жазалардың орындалу тәртібін қарсы 
қылмыстардың екінші тобы олардың міндеттері мен мақсаттарына сәйкес 
құқық қорғау органдарының қалыпты қызметін қамтамасыз ететін 
қатынастарға қол сұғады.Бұларға: сот төрелігін немесе алдын ала тергеуді 
жүзеге асырумен адамдардың өміріне қол сұғу (ҚК 340-бабы), сот 
төрелігін жүзеге асыруға немесе алдын ала тергеу жүргізуге байланысты 
қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері (ҚК 341-бабы), сотты құрметтемеу 
(ҚК 342-бабы), судьяға, прокурорға, тергеушіге, алдын ала анықтауды 
жүргізуші адамға, сот приставына, сот орындаушысына қатысты жала 
жабу (ҚК 343-бабы), судьяға қылмыстық процеске қатысушыларға 


қатысты қолданылатын тәуелсіздік шаралары туралы мәліметтерді жария 
ету (ҚК 356-бабы), қылмысты жасыру (ҚК 363-бабы), қылмыс туралы 
хабарламау (ҚК 364-бабы) жатады. 
Сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы 
қылмыстардың үшінші тобы іс бойынша ең анық дәлелдерді алуды 
қамтамасыз ететін қатынастарға қол сұғады: айғақтарды бұрмалау (ҚК 
348-бабы), көрінеу жалған сөз жеткізу (ҚК 351-бабы), көрінеу жалған 
жауап беру, сарапшының жалған қорытындысы немесе қате аударуы (ҚК 
352-бабы), куәнің немесе жәбірленушінің жауап беруден бас тартуы 
немесе жалтаруы (ҚК 353-бабы), жалған жауап беруге немесе жауап 
беруден жалтаруға, жалған қорытынды беруге не қате аударуға сатып алу 
не мәжбүр ету (ҚК 354-бабы). 
Сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстардың 
төртінші тобы сот актісін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін қатынастарға 
қол сұғады: сотталған немесе иелік етуге тыйым салынған не тәркілеуге 
жататын мүлікке қатысты заңсыз әрекеттер (ҚК 357-бабы), бас 
бостандығынан айыру орнынан тұтқындаудан немесе қамаудан қашу (ҚК 
358-бабы), бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеуден жалтару 
(ҚК 359-бабы), қылмыстық-атқару мекемесі әкімшілігінің талаптарына 
қасақана бағынбау (ҚК 360-бабы), қоғамнан оқшалауды қамтамасыз ететін 
мекемелердің қалыпты қызметінің тәртібін бұзу (ҚК 361-бабы), сот үкімін, сот 
шешімін немесе өзге сот актісін орындамау (ҚК 362-бабы). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет