«Денелердің өзара әрекеттесуі. Дененің массасы. Заттың тығыздығы». Бұл сабақта үй тапсырмасын сөздік диктант арқылы тексердім. Үй тапсырмасын жаңа тақырыппен байланыстырып, сабақтың мақсатымен таныстырдым. Оқушыларды сандар арқылы 1,2 деп 2 топқа бөлдім. Жаңа терминмен таныстырып, 2 топқа 2 тақырыпта 1. Дененің массасы. 2. Заттың тығыздығы деген тақырып бердім. Әр топ өз тақырыптарын оқып, келесі топқа түсіндірді. (Джигсо әдісі. Тақырып талданып біткен соң келесі тапсырмаға көшпес бұрын оқушылардың назарын интербелсенді тақтаға аударып, тақтадан гір тастары туралы қызықты видеоролик көрсеттім. Содан соң видеоға байланысты 2 топқа да сұрақтар тараттым. Әр топ видеороликтен көріп, тыңдап білгендері туралы кітаппен жұмыстана отырып жауап беруі тиіс болды.
Тапсырманы аяқтаған соң оқушыларды сергітіп алу үшін тақырыпқа сай сергіту жаттығуын орындаттым. Әр түрлі гір тастары аталған кезде 1-топ, гір тастарының өлшем бірліктері аталған кезде 2-топ тұрып қол шапалақтайды.
Бекіту жаттығуларын орындауға 2 топқа өз топтарының атауларына байланысты тапсырма бердім, 2 топтың алдына 22,23- жаттығулар беріліп «1» топқа 22-жаттығу, «2» топқа 23-жаттығуларды орындауға берілді. Оқушылар сабақ соңында не білгендерін айтып сабаққа талдау жасады, өздеріне «Бағалау сызбасының» көмегімен баға қойды. Сабақтың мақсатын орындай алмаған тұстарын және оның себебін айтты.