АӘД пәнінің мұғалімі: Байсанов Қ. Т талапкер 2015/16 о/ж Әскери-патриоттық клуб жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру түрлері



Дата15.09.2017
өлшемі139,44 Kb.
#32738
3 Талапкер орта мектебі

Мектептегі әскери-патриоттық жұмысты ұйымдастыру түрлері

АӘД пәнінің мұғалімі: Байсанов Қ. Т

Талапкер 2015/16 о/ж

Әскери-патриоттық клуб жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру түрлері
Тәуелсіздікті жеңіп алу жеткіліксіз,

оны қорғап, нығайтып ұрпақтарға қалдыру қажет.

Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан 2030» стратегиялық бағдарламасынан.

Патриотизм- Отанға деген сүйіспеншілік, әр азаматтың бойындағы күш-қуаты мен білімін, Отан игілігі мен мүддесіне жұмсау деген сөз. «Патриотизмнің маңызды элементтерінің бірі-онымен етене байланысып жатқан ұлттық рух пен ұлттық патриотизм. Ұлттық рух пен ұлттық патриотизм – бұл ұлттың ішіндегі асыл белгісі мен қасиеті, өз халқына деген сүйіспеншілігі» -деп Халық Қаһарманы Бауыржан Момышұлы патриотизмнің мәні мен мазмұнын ашып көрсетті.

Халқымыздың басты ерекшеліктерінің бірі-адам бойында ар-намысты ерте қалыптастыру, бала бойына сіңіру, сөйтіп оларды адам тіршілігінің, іс-қимылының өлшемі ретінде қарау. Ұрпаққа мұндай тәрбие беру-халықтың бүкіл өмір тіршілігінен көрінеді. Мектеп қабырғасында әскери-патриоттық тәрбие беру тек қана 10-11 кластарда жүргізілетін АӘД сабағында ғана емес, барлық класс оқушыларына сабақтан тыс өткізілетін іс-шаралар арқылы да беріледі.

Патриоттық сезімнің нысаны мен қайнар көзі Отан десек, оның мазмұны туған жер, ұлттық тіл, ұлттық дәстүр. Олар адам жүрегіне жылылық, жақындық, туысқандық сезімдерін ұялатып, ізгі істердің қайнар көзіне айналуы, патриотизмге тәрбиелеудің арқауы десек те болады. Патриотизм өзінен өзі қалыптаспайды, әр адам бала кезінен «Қазақстан менің Отаным, мен Отанымның алдында борыштармын» деген ойларды сіңіру қажет.

Еліміздің Ата Заңы- Конституцияның 36- бабында «Қазақстан Республикасын қорғау-оның әрбір азаматының қасиетті парызы мен міндеті» деп атап көрсетілген. Отанның лайықты қорғаушысы болу күрделі жұмыс, сондықтан әрбір жасөспірім мектеп қабырғасынан бастап, өзін әскери қызметке даярлауға, Өзінің Отаны Қазақстан Республикасының және оның халқының алдындағы жауапкершілікті ұғынуы тиісті.

Әскери-патриоттық тәрбие жасөспірімдерді еліне деген сүйіспеншілікке, ұлттық армия сапында адал қызмет атқаруға, азаматтық адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіруге баулиды. Жастарды қазіргі еліміздің демократиялық ұстанымдарына баули отырып тәрбиелеу оларды жан-жақты, білімді азамат ретінде өсіру мектептің, сонымен бірге әскери жетекшілердің міндеті.

Қазақстан Республикасының Үкіметі жасөспірімдердің, елінің азаматы мен патриоты болып қалыптасуына үлкен көңіл бөліп отыр. Осы бағытта Қазақстан Республикасында «2010-2014 жылдарға арналған патриоттық тәрбие беру туралы» мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бұл бағдарламаны жүзеге асырушы осы бағытта жұмыстанып оқушыларға Қазақстандық патриотизм идеясын таратушы мұғалімдер қауымы болып табылады.

Мұғалімдер қауымы қоғам сенген өкілдер. Олар елі мен халқына қалтқысыз қызмет етіп, Отан алдындағы борышын адал атқарып келе жатқан халықтық интеллигенция. Қазіргі кезде мектеп мұғалімдері, жасөспірімдерді саяси жағынан шыңдалды, бүгінгі қоғамның мұраттарына сенімі мол, саналы азаматтары етіп даярлауды өздерінің борышы санайды. Мұндай күрделі мақстаттарды іске асыруда тәлім-тәрбие жұмыстарының түрлері де әр-алуан. Бұған жастардың саяси-қоғамдық ұйымдарын, түрлі үйірмелерді, әскери-патриоттық клубтарды жатқызуға болады.

Сондықтан оқушыларға тәрбие берудің негізгі бағыттарының бірі әскери-патриоттық бағытта тәрбиелеу болып табылады. Туған жеріне, еліне, тәуелсіз мемлекетіміздің конституциясы мен заңды сайланған президентіне адал қызмет ететін болашақ Отан қорғаушы жауынгерлерді дайындау мектеп қабырғасынан басталады. Егеменді еліміз Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің кепілі оның Қарулы Күштері болса, оның тәуеліздігін қамтамасыз ететін саяси шыңдалған, шыншыл әрі батыл, қайсар да қайратты және жауапкершілігі жоғары жауынгерлерді даярлау ісімен мектеп қабырғасында жұмыс жасайтын әскери-патриоттық клубтар жүзеге асырады. Егер де агрессияшыл күштер ел тыныштығына қауіп төдіргендей болса қазіргі заманға соғыс қимылдарын жүргізу де Қазақстан қарулы Күштерінің жауынгерлеріне ерекше биік талаптар қояды. Қазіргі заманғы шайқаста өз Отаны мен демократиялық идеяларға, өз халқына шексіз берілген, жоғарғы моральдық-саяси және жауынгерлік қасиеттерге ие, өз ісінің дұрыс екеніне кәміл сенімді, қару мен техниканы шебер меңгерген, тәртіпті және шыныққан жауынгер жеңіп шығады. Қазіргі уақытта, армия мен флотты заманауи жаңа қару-жарақ түрлерімен, әскери техникамен жабдықтау кезінде жас жауынгерлерді оқыту мен тәрбиелеу міндеті едәуір күрделенді. Қысқа мерзім ішінде қазіргі қаруды меңгеру, өзінің Отанының лайықты қорғаушысы болу-күрлеі міндет; сондықтан әрбір жасөспірім мектеп қабырғасынан бастап өзін әскери қызметке даярлауға, өз Отаны Қазақстан Республикасы мен оның халқы алдындағы азаматтық жауапкершілігін ұғынуға тиісті.

Қарулы Күштер қатарында қызмет етудің мәртебесін арттыру, әскерге дейінгі жастардың дайындығын жоғарылату, мемлекеттік рәміздер мен нышандарға құрмет көрсету сезімдерін дарыту ісі де әскери-патриоттық клубтардың негізгі міндеті болып табылады. Әскери-патриоттық клубтардың жастарды тәрбиелеудегі жұмысы, Қазақстандық патриотизм мен интернационализм, демократиялық қоғам ісіне шексіз берілгендік, Отанға және Қарулы Күштерге деген сүйіспеншілік, әскери борышын мүлтіксіз орындауға әзірлік рухында тәрбиелеуге бағытталған.

Осы мақсатта орта мектептердегі өткізілетін АӘД пәнінің және мектепте ұйымдастырылатын әскери-патриоттық клубтардың атқаратын ролі зор. Осы бағытта №3 Талапкер орта мектебінде мектеп жанында ұйымдастырылып құрылған әскери-патриоттық клуб жұмыс жасайды.




«Сарыбаздар» әскери-патриоттық клубының тәрбие беру бағыты

  • Мемлекетіміз Қазақстан Республикасына шын берілген патриоттарды тәрбиелеу

  • Спорт жөнінен шыңдалған, шымыр, қайратты, дені сау жастарды даярлау

  • Жастарды Қарулы Күштер қатарындағы қызметке даярлау

  • Қазақстандық патриотизм,интернационализм бағытында тәрбиелеу


«Сарыбаздар» әскери-патриоттық клубының құрылымы

Әскери-патриоттық клубына мүше ретінде 5-11 класс аралығындағы № 3 орта мектептің оқушылары тартылады. Клубқа жетекшілік ету қызметі мектеп директорына, тікелей жаттығулар мен сабақтарды жүргізу міндеті әскери жетекшіге, дене шынықтыру пәнінің мұғалімдеріне, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына, тәлімгерге, директордың бұйрығымен жүктеледі Клубқа қабылданбас бұрын тілек білдіруші оқушы медициналық комиссияның «денсаулығының жарамдылығы туралы» рұқсат қағазын әкелуі шарт. Сонымен қатар ата-ананың арызы мен сабақ беруші пән мұғалімінің немесе класс жетекшісінің ұсынысымен қабылданады. Клуб мүшелері толық анықталған соң клуб мүшелері арасынан бөлімше командирі тағайындалады. Салтанатты жиында клуб мүшелері клуб жұмысына адал қызмет етуге ант береді.


АНТ МӘТІНІ

Мен (Тегі.Аты-жөні), Сарбаздар клубына мүше ретінде қабылдана отырып салтанатты түрде ант етемін: Туған елім Қазақстан Республикасының адал ұлы және нағыз патриоты болуға ант етемін.

Ата-бабаларымыздың ерлік рухына тағзым ете отырып, әскери салт-дәстүрлерді сақтай отырып, өзімді еліміздің батыл әрі шыншыл, қайсар және білімді, жауапкершілігі жоғары әрі тәртіпті қорғаушысы болу үшін дайындауға ант етемін. Әрдайым ерінбей еңбек етуге, жалықпай білім алуға, үлгілі тәртібіммен, әскери даярлығыммен тәуелсіз еліміз Қазақстан Республикасының жан-жақты азаматы болуға ант етемін.
«Сарбаздар» әскери-патриоттық клубы мүшелерінің міндеттері


  • клуб жұмысына белсене араласуға, жаттығулар мен сабақтарға әрдайым қатысып отыруға. Себепсіз жаттығуларды жібермеуге

  • жаттықтырушының, әскери жетекшінің, бөлімше командирінің барлық бұйрықтары мен жарлықтарын бұлжытпай орындауға

  • қасындағы жолдастарын «теріс әрекеттерден» сақтандыруға

  • қиындықтардан қорықпауға, өз клубын мақтаныш тұтуға

  • оқуда, сабаққа зейінімен және үлгілі тәртібімен алда болуға

  • Соғыс,еңбек ардагерлеріне көмек көрсетуге

БӨЛІМШЕ КОМАНДИРІНІҢ МІНДЕТТЕРІ

  • үлгілі тәртібімен, қажырлы еңбегімен,жан-жақтылығымен және жауапкершілігімен әрдайым алда болуға

  • Бөлімше құрамындағы оқушыларды, олардың мекен-жайын, тұрмыс жағдайын, қызығушылығын толық білуге

  • Әскери жетекшімен, жаттықтырушылармен біріге отырып сабақтар мен жаттығуларды ұйымдастыруға

  • Айына 2 (екі) рет клуб мүшелерімен жиналыстар өткізуге

  • Әскери жетекшімен бірлесіп, әскери бөлімдерге, тарихи мұражайларға экскурсиялар ұйымдастыруға

  • Соғыс,еңбек ардагерлеріне көмек көрсету кезінде клуб мүшелерін ұйымдастыруға

  • ҰОС ардагерлерімен, жауынгер-интернационалистермен және оқшауланған соғыстардың ардагерлерімен кездесулерді ұйымдастыруға

  • Спорттық жарыстар мен әскери-саптық жарыстарды ұйымдастыруға


«Сарбаздар» әскери-патриоттық клубының мүшелерін ынталандыру мақсатында марапаттау әдістері

Жаттығулар мен сабақтар барысында сонымен қатар әртүрлі жарыстар мен қайырымдылық көмектер көрсету барысында клуб мүшелерін ынталандыру үшін әртүрлі марапаттау әдістері қолданылады.



  • салтанатты линейкаларда алғыс жариялау

  • мақтау қағаздарымен марапаттау

  • мектепішілік әскери ту алдында фотосуретке түсіру

  • бағалы сыйлықтармен марапаттау

Тәртіпті бұзған немесе қабылдаған антын бұзған клуб мүшелеріне тәртіп-тік жазалар қолданылады.

  • ескерту жасау

  • сөгіс жариялау

  • клуб жұмысынан 1 (бір) ай мерзімге аластау

  • клуб мүшесі қатарынан шығару


«Сарбаздар» әскери-патриоттық клубының ұйымдастырылуы

Клубтың міндетті түрде өзіне тән әскери нышаны, эмблемасы, саптық өлеңі, әскери ұраны болуы қажет.

Клуб мүшелері әскери-саптық жарыстарға, спорттық жарыстарға (еркін күрес, дзю-до, бокс т.б.), Интеллектуалды жарыстарға (XXI ғасыр көшбасшысы, жігіттің сұлтаны, мың бір сұрақ, тарих тағылым) қатыстырылады.

Клуб мүшелері әскери сабақтар мен жаттығуларға «далалық әскери киіммен», спорттық жаттығуларға спорттық киіммен қатыстырылуы шарт.

Мектеп бітірушілерге әскери оқу орынына түсуге тілек білдірген жағдайда оқу орынына «ұсыныс хат» жолданады.

«Сарбаздар» әскери-патриоттық клубының қаржылай шығынын қамтамасыз ету

Әртүрлі іс-шараларды өткізу кезіндегі шығындарды ескере отырып клуб мүшелері 1 (бір) айда 1 (бір) рет мүшелік жарна төлейді.Мүшелік жарна көлемі клуб мүшелерінің шешімімен және ата-аналар комитетінің шешімімен бекітіледі. Қаржының жұмсалу есебін жүргізу үшін клуб мүшелері арасынан және ата-аналар комитетінің ішінен есепші тағайындалады. Әр жарты жыл соңында бөлімше алдында, клуб есепшілері жиналған жарналардың жұмсалуы туралы есеп береді. Көлемді іс-шараларды өткізу кезінде демеуші ретінде ата-аналар, жеке тұлғалар, мектеп әкімшілігі тартылады.


«Сарбаздар» әскери-патриоттық клубының 2015-2016 жылға арналған іс-шаралар тақырыбы




Өткізілетін с-шаралар


Айы


Жауапты мұғалімдер

1

Клубқа мүшелерді қабылдау, клубтың жоспарымен таныстыру.

Төрт сайыс түрінен жарыс.

Қашықтыққа жүгіру.

Белтемірге тартылу сайысы.

Пневматикалық мылтықтан оқ ату сайысы.

Қол гранатасын лақтыру сайысы.

Әуе Күштері институтына экскурсия


Қыркүйек

Әскери жетекші

ОТЖ орынбасар

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері


2

«Жас ұлан» әскери-спорттық сайысы

Әлия мұражайына экскурсия.




Қазан

Әскери жетекші

ОТЖ орынбасар

Тәлімгер. Класс жетекшілері.


3

«Көңілді старт» жарысы. «Мың бір сұрақ» сайысын өткізу.

ҰОС және еңбек ардагерлеріне, жалғызбасты қарияларға көмек көрсету



Қараша

ОТЖ орынбасар

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері. Тәлімгер. Класс жетекшілері.



4

16 желтоқсан тәуелсіздік күніне арналған «еркін күрес» жарысы. Белсенді клуб мүшелерін марапаттау. Клуб есешісінің жарты жылдық есебі

Желтоқсан

Әскери жетекші

ОТЖ орынбасар




5

«Жас шаңғышы» шаңғы спортынан сайыс

Жауынгер-интернационалистермен кездесу.

ҰОС және еңбек ардагерлеріне, жалғызбасты қарияларға көмек көрсету


Қаңтар

Әскери жетекші

ОТЖ орынбасар

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері. Класс жетекшілері.


6

«Жігіттің сұлтаны 2016» сайысы.

«XXI ғасыр көшбасшысы» сайысы

ҰОС және еңбек ардагерлеріне, жалғызбасты қарияларға көмек көрсету.

Өлкетану мұражайына экскурсия



Ақпан

Әскери жетекші

ОТЖ орынбасар

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері. Класс жетекшілері.


7

Ұлттық ойындар (қазақша күрес,гІр тасын көтеру,т.б.) сайысы.

ҰОС және еңбек ардагерлеріне, жалғызбасты қарияларға көмек көрсету



Наурыз

Әскери жетекші

ОТЖ орынбасар

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері. Класс жетекшілері. Тәлімгер.


8

Жеңіл атлетикалық сайыстар.

ҰОС және еңбек ардагерлеріне, жалғызбасты қарияларға көмек көрсету.

№ 30238 әскери бөліміне экскурсияға бару


Сәуір

Әскери жетекші

ОТЖ орынбасар

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері. Класс жетекшілері.


9

ҚР Қарулы Күштерн құрылған күніне және Ұлы Жеңіс күніне арналған әскери өлеңдер байқауы, «Ал,қанекей,жігіттер» сайысы. ҰОС ардагерлерімен және Қарулы Күштер ардагерлерімен кездесулер өткізу.

Мамыр

Әскери жетекші

ОТЖ орынбасар

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері. Класс жетекшілері. Тәлімгер.


10

Әскери-далалық жиын. № 6655 әскери бөліміне экскурсияға бару.

Мамыр

Әскери жетекші


11

Әскери-спорттық клуб мүшелерін мараппаттау. Клуб есепшісінің қорытынды есебі

Мамыр

Әскери жетекші

ОТЖ орынбасар

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері. Тәлімгер.


12

Айына 2 (екі) рет бөлімше командирі клуб мүшелерімен жиналыстар жүргізіп, хаттама толтырылады.




Әскери жетекші.

Бөлімше командирі.




Аптасына 2 (екі) рет клуб мүшелерімен дзю-до және еркін күрес түрінен жаттығулар сонымен қатар әскери саптық даярлық түрінен жаттығулар жүргізіледі. (жеке жоспар бойынша)

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет