Ағылшын тілі сабағында халықтық педаогика элементтерін қолдану
Халқымыздың ең жақсы қасиеттерін жас ұрпаққа енгізудің тиімді бір жолы халықтық педагогика элементтерін тиімді сабаққа пайдалану. Халықтың ғасырлар бойы сараланып,ұлттық тәлім –тәрбие дәстүрімен тығыз байланыста дамып, өсіп-өркендеп ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, бүгінге жалғасып отыр. Қазақ халқы өмір сүру тәжірибесіне сүйене отырып мағынасы терең нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар,жаңылтпаштар және тұрмыстық салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын қалдырған. Осы халықтық педагогика элементтерін сабақта қалай пайдалынуға болады. Сабақтағы негізгі мақсаттың бірі оның тәрбиелік жағы екенін ескеріп,оқушыларға тілді тиімді үйрете отырып өз халқымызға деген сүйіспеншілігін арттыру және оны қалыптастыру. Сабақта халықтық педагогиканы пайдалану үшін мынадай:әдет-ғұрып,салт-дәстүр,мақал-мәтелдер бағыттарында жұмыс жүргізуге болады. Мысалы,жыл мезгілдері тақырыбын өткен кезде оқушыларға ағылшын тілімізде ай аттары мен жыл мезгілдерін үйрете отырып қазақша жыл санауын үйретеміз.Жылдардың қазақша және ағылшынша аталуын “Count the year” деген ойын арқылы үйренеміз. Оқушыларға ана тілінің негізінде ағылшын тілін үйрету,олардың өз ойын ауызша және жазбаша дұрыс,еркін келістіре баяндай білуге дағдыландыру, ағылшынша жазылған шығармалардың тіл байлығын,стилін,әр сөздің атақратын идеялық эстетикалық әсерін жеке меңгерту, егемен еліміздің ұлттық мәдениетін,әдет-ғұрпын,салт-дәстүрін,тарихи құндылықтарын,ізгі тағылымдарын шетел тілі арқылы таныту басты мақсат. Ағылшын тілін оқытуда іскерлік ойын түрлерін пайдаланып өткізілген сабақ оқушының шетел тілін үйренуге деген ықыласын арттырады.Оқушылар жаңа сөздерді үйренеді,грамматикалық материалды түсіне алады, тақырыптарды оқи алады,диологтарды тыңдап,жаттайды және өткен сабақты қазақ тілімен байланыстыра оқу үшін ізденіп жұмыс жасайды.Мысалы сабақтың тақырыбына сәйкес келетін мақал-мәтел айту «Денсаулық» тақырыбы бойынша бір оқушы мақалдың ағылшыншасын айтса,екіншісі қазақшасын,үшіншісі орысша баламасын айтады.«Health is above wealth», «Денсаулық-зор байлық»,«Здоровье дороже денег », «Үй» тақырыбы бойынша «East or West, home is best»- «Өз үйін-өлең төсегің». «Гостях хорошо, а дома лучше ».
Осындай жолдармен үйренудің өзі Елбасымыздың үш тілділік жайлы айтқан сөздерін басшылыққа алу қажеттігін білдіреді . Ол «Қазақстан халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде бүкіл әлемге танылуға тиіс. Қазақ тілі-мемлекеттік тіл, орыс тілі-ұлт аралық қатыныс тілі, ағылшын тілі- . экономикаға ойдағыдай кіру тілі » деген болатын. Мақалдар мен мәтелдерді, фразиологиялық сөздердің мәнін түсіне жаттау керек. Қазіргі кезде Елбасымыз көптеген шетелдермен мәдени,саяси- әлеуметтік қарым-қатынастар жасауда. Мына өзгеріп жатқан заманда оқушылар бірнеше шет тілін меңгеулері керек. Шет тілін оқытуда пәнаралық байланыстың маңызы зор. Тіл үйретудің басты мақсаты –оқушылардың сөйлеу қабілеттерін дамыту. Оқушылардың жас ерекшелігіне қарай сабақ берудің тәсілін өзгертіп отыру керек.Бастауыш сынып оқушыларында заттың сыртқы түріне қызығу басым келеді, сондықтан олардың өзіндік дара қабілетін дамыту керек.Олар сабақта жалықпас үшін қазақ ертегілерінің кейіпкерлері келіп рольдік ойындар ұйымдастырған тиімді. Мысалы:саусаққа киетін қуыршақ арқылы Алдар-көсе,Тазша бала бейнесін жасап,тақтаға бір сөзді қате жазамыз.Сосын оқушыларға; “Балалар ,Алдар-көсеге әріптер көнбей қашып кетіпті,оларды тәртіпке шақырып ретімен қоялық”,деген тапсырма береміз.Оқушылар қате сөзді дұрыстап жазады.Сабақта түрлі ойыншықтар мен суреттер пайдалануға болады. Орта буын сыныптарда саяхат-сабақтар,аукцион,жарыс,телекөпір өткізу оқушылардың өз бетінше ізденуіне,ойлануына бағыт бағдар береді.Оқушылардың сабақта белсенделігін арттыруда интернет жүйесін пайдалану, аудио-визуалды құралдармен,интерактивті тақтамен, электронды оқулықтармен жұмыс жүргізу өте тиімді.Бұл тұрғыдан дыбыстарды қайталау және жаттықтыру арқылы сөйлемдерді дұрыс айтуға, мәтінді тыңдап, түсінік айтуға үйренеміз.
6 сыныпта “Қазақтың ұлттық дәстүрі”
7 сыныпта “Ұлттық тағам түрлері”
8 сыныпта “Қазақстан кеше,бүгін,ертең ” деген сайыс-сабақтарына оқушылар өте белсенді қатысты.
Оқушылардың басқа елдің тілін, салт-дәстүрін білгісі келсе, алдымен өз ана тіліңді ,әдет-ғұрпыңды білуге тиіссің дей отырып қазақ және ағылшын американдық жазушылардың өмірбаянымен,еңбектерімен танысуы қажет деп білеміз.В.Шекспердің өмірбаянын –өткен кезде қазақтың ұлы ақыны А.Құнанбаевтың өмірбаянымен, қара сөздерін “We hear you Abai” және “Path of Abai” романындағы ертедегі қазақ халқының өмірін салыстыра оқу оқушылардың танымын,ой-өрісін кеңейтеді.
Сабақ барысында Ұлы Британияның әйгілі адамдары тақырыбы қайталағанда оған қосымша ретінде “Қазақстанның әйгілі адамдары” тақырыбын енгізіп “ХХI ғасыр лидері” ойынын өткізуге болады.Онда ұлттық ойындар: бәйге, көкпар, палиглот, оратор(шешендік) білімдері бөлімдері болады.
Сабақта әр түрлі көрнекіліктерді пайдалана отырып оқушылардың қызуғышылығын арттыруға болады. Спорт тақырыбын өткен кезде газет материалдарын,спорт жаңалықтарын,ұлттық ойын түрінен жарыс сабақ өткізуге, мысалы: бәйге, көкпар, кім жылдам?. Жыл мезгілдеріне байланысты “алма жинау” “сырғанақ” “орманда” ойындарын ойнату.
“Қазақстан-Америка” телекөпірін өткізгенде қазақ халқының салт-дәстүрін,ұлттық мерекелері жайлы айта отырып, екі елді салыстыра оқытуға,
“Қоршаған орта” “Табиғат” тақырыбын өткізген кезде қазақтың әсем табиғатын, экологиялық жағдайын салыстыру арқылы тіл үйретуге болады. Әр түрлі тарау,тақырыпты қайталаған кезде КВН-дар,таңғажайыптар алаңы “Не? Қайда? Қашан?” “Аукцион” жарыстарын өткізу тиімді де әрі қызықты.
Қорыта айтқанда осындай бағытта жүргізілген сабақтар оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары артады.Өзінің туған елінің мәдениетіне, тарихына, әдебиетіне деген көзқарас ағылшын пәні тұрағынан қалыптасады,оқушылардың деген сүйіспеншілігін арттырады.
Достарыңызбен бөлісу: |