Ағылшын тілін оқытудың бастапқы сатысында оқушыларды ауызша сөйлеуге үйретудің жолдары



бет5/9
Дата21.01.2022
өлшемі54,79 Kb.
#112679
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
00047931-7d135cad
933. Адамны танымды рекетіне жатпайтын психологиялы категори, 00047931-7d135cad, әдістеме реферат, әдістеме реферат, 7-ТАҚЫРЫП. Қызметкерлерді жинау және басқару
Тыңдаған әңгіме бойынша төмендегідей жұмыс түрлерін орындауға болады:

  1. Жазбаша жоспар құру, мәтінге ат қою, сөз тіркестерін жазу.

  2. Ауызша мәтінннің қысқаша мазмұнын беру, толық мазмұнын беру. Жұмыстың мұндай түрі шетел тілін тыңдап түсіне білу мен сөйлеуге үйретеді. Шетел тілін тыңдап түсіне білуге үйрену үшін тек ұнтаспа ғана емес, сонымен бірге видео-фильм және диафильмдердің көмегіне сүйенуге болады. Шетел тілінде тыңдап түсіну қабілеттері дамып жетілгеннен кейін, радиобағдармаларды тыңдауға немесе көркем және деректі фильмдерді көрсету арқылы оқушылардың білімдерін нығайтуға болады.

Түсініп тыңдау жұмысы кезінде естіген хабарды қаншалықты  түсінгендігі тексеріледі. Онда шағын мәтін немесе сөйлемдер оқылып, тыңдату, мәтінді қайталап тыңдау арқылы екі-үш сөйлемнен мәтіннің мазмұнын айту, сипаттама беру, жаңа сөйлемдер құрастыра білу сынды жұмыстарды жан – жақты жүргізген туста істің нәтижелі болатынына көз жеткізе аламыз. Түсініп тыңдау деңгейде жан-жақты жүргізіліп, естіген хабарды қаншалықты түсінгендігі тексеріледі. Шағын әңгіме, үзінді, мақала мазмұндары оқылып, түсініп тыңдау мәтінді екі рет тыңдау арқылы екі – үш сөйлеммен мәтіннің мазмұнын айту жұмыстары жүргізіледі. Жұмыс барысында сипаттама беру, мәтін бойынша жоспар құру, сұрақ қол білу сынды жұмыстар тіл дамыту жұмыстарына негіз бола алады.

Оқушылар өздері оқығандары мен тыңдағандарының ішінен оқиғаларды және фактілерді тауып, соған өздерінің қөзқарасын қысқаша айтып берулері тиіс. Олар өз пікірін айту үшін мәтінді жоспар жазбаларын пайдалануына болады.

Шетел тілінде тыңдағанын, естігенін түсіну біліктілігі басқа кісілермен сөйлесуге, тілдік қарым-қатынас жасауға қажетті жағдайлар тудырады. Шәкірттер тыңдап түсінуге арналған аутентті мәтіндермен түрлендіре жұмыс істеуге, сөйлеуге одан ары қарай жаттығады, баяндамалар жасайды.

Ағылшын тілінде мектеп бағдарламасы ауқымында шәкірттерді сөйлеуге үйрету, ауызекі тілде сойлету күні бүгін шетел тілін оқытудың ең басты міндеті болып отырғаны белгілі. Әр мұғалім өзі еңбек етіп жүрген  мектебінің қарай оқыту тәсілдерін тиімді етіп, түрлендіре отырып жоспарлауы тиіс.

Мектеп жағдайында оқушыны ауызша сөйлеуге үйрету үшін жүргізілетін жұмысты дифференциялап жүргізуді екіге болуге болады: іштей және сырттай.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет