Ағылшын тілін оқытудың бастапқы сатысында оқушыларды ауызша сөйлеуге үйретудің жолдары



бет6/9
Дата21.01.2022
өлшемі54,79 Kb.
#112679
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
00047931-7d135cad

Іштей дифференциялау барысында оқушыларды қабілетіне қарай шағын топтарға бөліп, олармен тіл үйретуде ерекше әдістемелік тәсілдерді қолдану қажет. Бұндай топтарды әрине оқушылардың деңгейлеріне және мүмкіндіктеріне қарай жұмыстар атқарылады.Әр мұғалім сынып оқушыларын әр түрлі бөлуі мұмкін, мысалы бір топта тілге қабілеті бар оқушылар, екінші топта тілді нашарлық білетін оқушылар, үшінші топта қабілеті, білімі жоғары да, нашарлау да оқушылар аралас болады.

Ал сырттай дифференциялау бойынша әрбір топ пен топтардағы оқушылардың  коммуникативтік икемдігін, олардың шеьел тілін оқуға деген психологиялық жағынан дайындығын, елтануға байланысты материалдарды оқып және де оларды өз еліндегі және басқа елдердегі реалиялармен салыстыра отырып меңгеруге қабілеті, мүмкіндіг ескеріледі. Іштей дифференциялау сырттай дифференциялаумен өзара біріге келе оқушылардың тіл үйренуге деген мүмкіндіктерін кеңейте түседі. Бұл орайда, әрине, оқушылардың жеке бас ерекшелігіне баса назар аудару керек. Сыныпта бала саны неғұрлым көп болса соғырлым мұғалім оқушының өзіне тән ерекшелігіне көңіл бөліп, дефференциялауға неғұрлым көп мүмкіндік жасауға тырысу қажет.

Сабақты өтудің әдіс – тәсілін түрліндіре, көрнекіліктермен әрлендіре отырып үнемі әрі жүйелі тұрде оқушылар жұмысын тексеріп кезде біз бұрынғы ескі тәсілмен оқушылар жұмысын тексеріп үнемі әрі жүйелі түрде оқушылар жұмысын тексеріп отырған дұрыс. Шәкірттердің білімін біркелкі бағалай салмауымыз керек, әр оқушының жауабының мазмұнын ескере отырып баға қоюымыз керек. Сонда, мазмұнды, жақс сөйлейтін оқушы одан нашарлау сөйлейтін оқушыға қарағанда өз білімнің жоғары екенін түйсінеді.

Оқушыны ауызша сөйлеуге жаттықтыруда тоғы бір ескеретін жағдай- жеке оқушыдан сабақ сурау кезеңі. Бір ғана оқушы жауап беріп тұрса, нашарлау (сөйлейтін) оқитын оқушылар оны тыңдамай отыруы әбден мүмкін. Сондықтан мұғалім сабақ сұраудың әрбір кезеңінде барлық оқушыны қамтитындай тәсіл қолдануы тиіс.

Ауызша сөйлеуді дұрыс жолға қою үшін ең әуелі оқушылардың шетел тілінен сөз қорын дұрыс жинақтауына көңіл бөлу керек. Оқушылар әр сабақта өтілетін жаңа сөздерді жазып алып, жаттауы міндетті. Тіл үйренуші мектептегі сабақта тілді қалай үйренудің, қалай сөйлеудің жолдарын үйрене, үйде, сабақтан тыс кезде көп оқыса білімі сөйлеу дағдысы бай болары сөзсіз. Мектеп мұғалімі шәкірті жақсы сөйлесін десе оқушылардың  екеуара сөйлесуіне көп көңіл бөлгені жөн. Пәнді жақсы меңгеріп келе жатқан оқушы мен үлгерімі төмендеу оқушыны нашар үлгерімді баланың айтқанын түзеп, көмектесіп отырады.

Ауызша сөйлеуге баланы дұрыс жаттықтырудың тағы бір түрі үйренген матрериалды жаңа материалға ауыстырғызып дағдыландыру. Өтімен материалды, сөздерді бала түрлі ситуацияға байланысты өзгерте отырып қолдануға дағдыланса сөйлеу қабілеті мығымдала түседі. Оқушылардың білімін бағалағанда мұғалім бірден «Сен төртке білесең», «Сен екіге білесің» деп бағаламауы тиіс, оқушылардың  сөзінең қандай деңгейде болғанын сөзбен бағалап, содан кейін ғана баға қою керек. Тәжіребесі мол мұғалім сөйлеуге үйрету барысында сөйлеуге бейім тұратын және сөйлеуге аса ұмтылса қоймайтын міңезі ауыр балалар болатынын да ескертгені дұрыс болады.

Ауызша сөйлеуге үйрету үшін қажетті ситуацияларды мынадай жолдармен жасауға болады:

А) «Көз алдыңа елестетіп көр» және «қиялдап кор» деген сияқты т.б. тапсырмалар арқылы ситуациялар құру.

Ә) белгілі бір ситуацияны жасайтын сурет немесе ситуацияны дамыта, күшейте түсетін суреттер тізімін қарап, соның көмегімен сөйлеу;

Б) Оқушыны қоршаған орта күнделікті өміріндегі болып жатқан жағдайына ұқсас, сәйкес келетін нәрселерді сипаттау. Ситуацияны бұлайша шектеу оны оқушыны ойландыратын тапсырмаларға айналдыруға мүмкіндік береді.

Ғалым И.В. Рахманов «заттық ситуация» мен «қарым – қатынасқа байланысты ситуация» бөліп қарау керек деген пікір айтты. Ол негізінде осында ситуациялардың тақырыптарымен бірге бағдарламаға енгізуге ұсынған болатын. Заттың ситуациялар оқушылар өз жанұясын, үй-емін т.б. өзіне жақын  нәрсені суреттегенде пайда болса, қарым- қатынас ситуациялары шәкірт бір нәрсеге, біреуге өзінің жеке қозқарасын, қатысын білгенде жасалынады. Бұңдай ситуациялар бір нәрсе жайлы ойлап, өз ойын білдірісі келген жағдайда құралады. Сабақта әсіресе қарым-қатынас ситуацияларын пайдалану, практикалық міндеттерді:

Іске асыруға мүмкіндік жасайды, ойткені олар белгілі бір проблеманы қозғап, соған арнайы құрылады. Сабақ үстінде ситуациялар құру, әсіресе қарым-қатынас ситуацияларын пайдалану, практикалық міндеттерді іске асыруға мүмкіндік жасайды. Қарым – қатынас неғұрлым терең әрі жан – жақты болса, соғұрлым сөйлеуге дайындалу процесі жеделдетіп, оңайлана түседі, өйткені сөйлеу негізінде белгілі бір контекст тұрады. Ол контекст қарым – қатынас жасайтын адамдардың іс-әрекеті.

Сөйлеу үшін ең алдымен оқушыларды тіл арқылы қарым – қатынас жасауға ситуациялар арқылы үйрету керектігін негізге ала отырып Ресейлік ғалым Е. Пассов мынадай байлам жасайды: біріншіден, оқушылардың қара іс-әрекет жағдайын ескергенде ғана сөз әрекет іске аса алады; екіншіден, сипуацияларды үнемі өзгертіп жаңалап отырғанда ғана оқыту нәтижелі болады үшінші, ситуация оқушыны өз бетімен ізденуге мәжбүр етеді, себебі ол ес, ойлау сияқты жеке бас қабілетін сүйенеді.

Оқытудың ситуативтілігі оқушылар мен мұғалімдер арасындағы қарым-қатынасқа негізделген жағдайда ғана сабақ үстінде қатынас ситуациясы пайда болады. Е.Пассов өзінің ұзақ жылдар бойы жүргізген ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижесінде комуникативтік оқытуда «ситуация» мен «ситуативтілікті» анықтап алу қажет екеніне көз жеткізген. «Ситуация-дегеніміз қарым-қатынас жасаушылардың, сөйлесушілердің санасында қалыптасқан өзара қарым-қатынасының жүйесі, ал ситуативтілік дегеніміз-осы қарым-қатынастармен байланыс» деп қорытынды жасайды. Ол іс-әрекеттерде дара қарым-қатынастарда мынадай жетекші факторлар болады деп көрсетеді. Е.И.Пассов: а) статустық, ә)рольдік; б)іс-әрекеттік; в)ізгілік.

Шетел тілінде сөйлеуге , қарым-қатынас тіліне үйретуде оқушыларды әсіресе өз бетімен жұмыс істеуге, өзі ізденіп білім алуға дағдыландыруы керек. Бұл қазіргі уақыт талабы. Сонымен оқушының шаршауын сейілтіп, қызығуын арттыратын сабақ арасындағы ойын түрлері үлкен роль атқарады. Ойындар сабақтың тиімділігін, сапасын арттырумен бірге оқушының оқу белсенділігін, шығармашылық ойлау қабілетін дамытады. Сондай-ақ ойын оқушының сөйлеу қабілеті әрекетін тездетеді, танымын күшейтеді. Осы тұрғыдан ойын оқушының жас ерекшелігімен мүмкіншілігіне сай және тәрбиелік, дамытушылық мәні зор болуы тиіс. Ойнау арқылы оқушының сөйлеуге деген ішкі жан дүниелік ынтасы, іздену дағдысы қалыптасады.

Ойын түрлерін пайдалану арқылы жаңа материалды жеңіл де тиянақты, нақты түсіндіруге, меңгеруге жағдай жасалып, ол оқушының санасында берік сақталатын болады. Ойын түрін қолдану оқушыға ерекше әсер етеді, оны дұрыс жоспарлау қажет. Сынып оқушылары оған түгел қатынасуы шарт. Оқушының шаршауын сейілтіп, қызығушылығын арттыратын тек ойын түрлері болып табылады. Ойын  оқушыны бірігіп  жұмыс  істеуге бағыт  береді,іздендіруге  дағдысына  қалыптастыруына  мүмкіндік  туғызады.

Ағылшын тілінде ойын түрлерін мынадай мақсаттарда қолданған дұрыс:


  1. Әліпбиді дұрыс меңгерту;

  2. Орфографияны дұрыс оқыту;

  3. Оқу дағдысын қалыптасыру;

  4. Лексиканы меңгерту;

  5. Грамматикалық құрылымды меңгерту;

6. Оқушының ойын дамыту, дұрыс жазу, дұрыс айту, дұрыс оқи білу дағдыларын қалыптастыру.

Таңдап  алынған  ойындар    оқушылардың сөз байлығын, тіл қорына   сай  болу  керек.Мұғалім кез- келген ойынды өткізу үшін  алдын-ала  жоспар құрып  алуы  керек. Тиімді пайдаланған ойын түрлері мұғалімнің  түсіндіріп  отырған  материалын оқушылардың зор ынтамен  тыңдап  берік  меңгеруіне  көмектеседі.                Өйткені  төменгі  сыныптағы  оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап  отырады. Қызықты  ойын түрінен кейін  олар тез  серігіп тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын    болады. Ойындар барлық сыныптарда қолданылады.

Сонымен  бірге сынып ішінде ойнайтын ойындар мен іс-әрекеттер  арқылы да оқытуға  болады.Біз  сынып ішінде  ойындарынды қашан қолдануымыз керек.Мысалы  сабақ үстінде  жаңа  сөздерді қайталау үшін,отілген жаңа  сабақты  еске  түсіру  үшін қолданған жөн.

Сынып ішінде  мынадай  ойындарды ойнауға  болады:

What’s  in the  bag?

Around  the  world

Board Race

Order Race

Question race

Bingo


Go fish

ойындарын қолдануға  да болады. Бұл ойындар оқушылардың танымын кеңейтіп, білім мен білік шеберліктерінің  жан-жақты дамуына, қалыптасуына, тілдік материалдарды жақсы біліп, сөз іскерліктерін  меңгеруіне  көп көмектеседі.

Ойындар оқушылардың танымын, ақыл–ой белсенділігін қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып,олардың бағдарлама материалының негізгі тақырыптары бойынша  алған  білімдерін тереңдете түсуді,әрі пысықтауды  көздейді.Бұл ойындар балалардың сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі, олардың пәнге қызығушылығын оятып, ынта –ықылыас қоюына баулиды және оқушылардың зейінін,ойлау қабілеттерін дамытады.  Ойындар арнайы  мақсатты көздейді  және нақты  міндеттерді шешеді.

Ойын  сабақтың  әр  кезеңдерінде,  тақырыбына   қарай   мұғалім   өзі   таңдап  алып,  қолданып     отырады.  Сондықтан  осы  жобадада    тілді   меңгерту   мақсатында   сабақта   қолданылатын   түрлі  ойындармен   таныстыра   кетуді  жөн  көріп  отырмын.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет