Агрессия және мектеп жасындағы баланың агрессиясының теориялық ТҮсніктері



бет17/18
Дата01.05.2020
өлшемі143,29 Kb.
#65310
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
..

ҚОРЫТЫНДЫ


Балаларды мектепке даярлаудың дәрежесі әр түрлі екенін еске ұстау жөн. Балалар арасында оқи білетін және айтып бере алатын, өзін ұстай алатын, сол секілді оқи алмайтын және оқушылық міндетті нашар игеретіндер де кездеседі. Кейбіреулері әлі оқи алмайды жене оқушы міндетін қиыншылықпен игереді. Кейбіреулері оқудан шаршап қалады.

Егер дер кезінде көңіл аудармаса, олардан үлгірмеушілер шығуы мүмкін. Сондықтан мұғалім бар ерекшеліктерді ескере білуге тырысуы керек. Балабақшадан келген балалар тек отбасында тәрбиеленген өз құрбыларынан көп ретте алда болады. Тәрбие үрдісінде оларды теңестіруге тырысу қажет. Тәрбие әр балаға көңіл белуді талап етеді, оқушының жеке басын құрметтей білуді көздейді. Бұл жерде оның тұлғасын емес, оқушының әрекетін бағалауға тырысу керек. Мәселен, «сен жамансың» немесе «сен жақсысың» деудің орнына «сен дұрыс істемедің» немесе «сен жақсы істедің» деу орынды.

Әр оқушының өз әлсіздігі болады және әрқайсысынан өзіне тән жақсы сапаларды да табуға болады, мәселен, жинақылық немесе басқалармен қарым-қатынас жасай білу. Оқушының мінез-құлқының жақсы жақтарына сүйене отырып, оның өз күші мен мүмкіндігіне сенімін арттыру керек.

Бірінші сынып оқушысымен мұғалімнің қарым-қатынас жасау стилі оқушылар арасындағы өзара қарым-қатынастардың үлгісі болып табылатынын әрқашан есте ұстаған жөн.

Бірінші сынып оқушыларының бойында табиғатты қорғаудың алғашы ұғымын қалыптастыру орынды және оларға адамның еңбекке қабілеті табиғатқа байланысты болуының мәнін, адамның табиғатты өз қызметінде пайдалануы туралы түсіндіру қажет.

Қоғамдық пайдалы еңбектің қажеттігін, сынып ұжымының істеріне қатысудың өркениетті демократиялық қоғамдағы өмірін білудің қажеттігін түсіндіріп тәрбиелеу орынды.

Осы заманғы адамгершілік тәрбие жүйесінде еңбекке көзқарас проблемасы барынша маңызды. Әр түрлі, күрделі проблемалар көп. Арамтамақтық, нашақорлық, маскүнемдік, жезөкшелік, күш көрсетушілік, мейірімсіздік жастар арасында өршіп кетті. Олармен мектеп күн сайын ұшырасады. Олар жастардың адамгершілік санасын және олардың өзін бүлдіреді: ол рухани және дене дамуы жағынан кері кетіреді.

Педагогика этикалық бағыттағы тәрбие ісінің құрылымына адамгершілік мораль туралы мағлұматтарды ендіреді, адамдық сананың моральдық үлгісі адамдық мәдениеттің бір бөлігі дегенді айқын түсінуіне қол жеткізеді. Моральдің мәнін, өлшемін және ұстанымдарын түсіну тәрбиеленушілерді олардың өздерінің және басқа адамдардың қылықтарын бағалай білуге адамгершілік туралы ойлауға әкеледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет