Сенситивтік тип. Үлкен компанияларды, дабр-шу шығаратын ойындарды жақтырмайды. Бейтаныстармен қарым-қатынас жасамайды.Туғантуысқандарына бауырмал, ашық-жарқындық белгілері басым. Оларға бір эмоциялық жағдайдан екіншісіне көшу ауыр. Барлық нәрселердің өз орнында болғанын, адамдар өз ойларын анық жинақтап айтқанын ұнатады. Ескертулерге өте нәзік әсерленеді, ашулы, қамыққан кездердс қарсылык көрсетпестен іштен тынып жүруге бейімді, кекшілдік білдіреді. Өзін-өзі қатал бағалап, кемістіктерім өте көп деп есептейді. Паталогияда - эпилептикалық психопатия.
Шизойдтық тип. Тұйық, қарым-қатынасы шектеулі. Шизойдтық жеткіншектер — тынымсыздықтың өте жоғары сатысындағы меланхоликтер. Өздерінің достары жоқтығынан жалғыздық сезіміне бөлсніп жүреді де одан да бетер тұйықталады. Өздеріне сенімі төмен, өз қабілеттілігін бағаламайтын, азайтып көрсететін, басқалардан өзін қорғап жүретін адамдар. Ұялшақ, жауапкершіліктен қорқады. Олардың аффектілік реакциялары өзін-өзі қорғау механизмі.
Достарыңызбен бөлісу: |