Астено-невротикалық тип. Көңіл-күйі айнымалы, ашушаң, ипохондрияға бейім. Мәнсіз нәрсенің сылтауымен ұрыс-қағыс шығарып, агрессиясын анық байқатады. Көңіл-күйі төмен, пессимист. Заттарға қызығушылығы төмен, шаршағыш, қабілетсіз, жалғыздықты жақсы көреді.
Демонстративтік тип. Эгоцентризмі шексіз, өзiне көөшіліктің көңлін аударып отыруды, олардан мақтау естyді, ең болмаса басқалардың наразылығына бөленiп жүруді қажет етеді. Артистікке құмар, ашық-жарқын, экстровагантты, өз ерeкшелігін көрсету үшін көп әрекeт жасайды. Жалғандығы паталогиялыққа жақын, ассоциалдық әрекеттермен көзге түседі. Патологияда истериялық психoпатия.
Цишоидтыц тип (тұйықталып қалушылық) Балалық шақта гипертимдік типтен айырмашылығы жоқ. Пубертанттық кезеңде көптeген қиыншылыққа кездесумен байланысты көпшіліктен қашып, жекеленіп жүрумен ерекшеленеді. Бұл түрi көрініс бергендер майда-шұйда сәтсiздіктерге өте көп көңіл бөлетін.
Аффекті-экзальтаицялық. Наразылық көрсетyге жақын, экзальтацияға, аффектіге бөленуi оңай, эмоцияға тез бөленетін, дінге берiлген, педант, кекшіл, жәбірленгенін, ренжіткенді ұзақ уақыт ұмытпайтын, өкпелегіш болады. Осы көрсеткіштер негізінде жабысқақ идеялар жиі пайда болуы мүмкін, ішкi кернеуі күшті, кейде аффект жағдайында болады. Агрессия көрсетуі мүмкiн. Паталогияда - параноялды психопат.
Жеткіншектерде кездесетiн акцентуацияны және мазасыздануды көптеген түрлерге бөліп қарастырады. Оның түрлерiн нақты анықтау үшiн Шмишек, Басса-Дарки т.б. әдіс-тәсілдері қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |