«Агрономияның барлық міндеттері, егер олардың мәнін байыбына жете ұғынсақ, өсімдіктердің дұрыс қоректену жағдайларын анықтап, дәл жүзеге асыру болып табылады», деп тұжырымдалған


-кесте. Өсімдікті суда өсіру үшін қазіргі қолданылатын қоспалар құрамы



бет41/86
Дата06.06.2022
өлшемі1,58 Mb.
#146128
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   86
Байланысты:
Агрохимиялык зерттеулер адистемеси эл китап

6-кесте. Өсімдікті суда өсіру үшін қазіргі қолданылатын қоспалар құрамы






























Калифорния

Гидро-







ЛТА

Бил

тәжірибе




Тұздар

Агри




қоспасы

қоспасы

стансасының







қоспасы













қоспасы



















NH4NO3

-

200

-

-






















(NH4)2SO4

160

-

-

-






















Са(NO3)2

2570

-

475

540






















KH2PO4

300

-

136

128






















KNO3

-

500

1010

450






















К2SO4

-

-

-

336






















H3PO4 (77%)

-

-

-

76






















Ca(Н2PO4)2

-

550

-

-






















MgSO4

600

300

120

60






















FeCl3

1

-

-

-






















Fe2(SO4)3

-

22

220

-






















H3ВO3

2

2,9

2,9

1,82






















Н2SO4

-

0,9

0,9

-






















МnSO4

-

1,9

1,9

1,53






















CuSO4

-

0,2

0,2

0,11






















ZnSO4

-

0,2

0,2

1,08






















Феризан

-

-

-

3,55






















102 103


Егер қоспалар құрамында микроэлементтер болмаса, Браунер-Букач ерітіндісін пайдалану ұсынылады (7-кесте).


7 кесте. Браунер-Букач ерітіндісінің құрамы



Қосылыстар

мг/л

Қосылыстар

мг/л




MnCl2

350

Со(NO3)2

50



















H3ВO3

500

ТіО2

50



















ZnSO4·7H2O

50

LіСl

25



















CuSO4·5H2O

50

КВr

25



















Аl2(SO4)3

50

КI

25




·18H2O
















NіSO4·7H2O

50

SnСl2·2H2O

25



















Құрамында микроэлементтер жоқ дайын қоректік қоспалардың бір литріне Браунер-Букач ерітіндісінің бір миллилитрін қосу ұсынылады.


Тәжірибеде дақылды өсіру ортасы мен оның жоспарының сипаттамасына сәйкес вегетациялық тәсілдердің мына түрлерін пайдаланады: топырақ дақылдары, құм дақылдары, сулы дақылдар, өсімдікті ағатын ерітіндіде өсіру, өсімдікті оқшаулап қоректендіру және өсімдікті тазартылған (стерильді) ортада өсіру.




3.2 Топырақ дақылдары

Топырақ дақылдары вегетациялық тәжірибеде кеңінен қолданылатын әдіс. Бұл әдісті топырақтың тыңайтқышпен және өсімдіктің топырақпен әрекеттесуін, сондай-ақ топырақ және тыңайтқыштардың қасиеттерін зерттеу үшін пайдаланады.


Тәжірибеге арналған топырақты біртекті учаскеден, тың және тыңайған жерден немесе өткен жылдары белгілі бір


дақыл өсірілген егістіктен алады. Тәжірибе жүргізілетін орынға жеткізілген топырақты диаметрі 3 мм електен өткізеді де, өсімдіктің тамырынан, сабағынан, тастан және басқа бөгде заттардан тазартады.

Електен өткізілген топырақты мұқият араластырып, химиялық талдауға арналған сынама алады. Осыдан кейін сынаманы қартон қорапқа немесе қағаз қапшыққа салып, химиялық талдау үшін сақтайды. Тәжірибеге арналған топырақты қапқа немесе жәшікке салып, оған жауын тимеу үшін үстін жабады да қалқанның астына орналастырады.


Топырақ дақылдарымен вегетациялық тәжірибені екі типтегі ыдыста жүргізеді. Егер вегетациялық тәжірибе ашық аландағы тор ішінде жүргізілетін болса, онда Митчерлих ыдысын пайдаланады. Бұл эмальданған цилиндрлі, түбі тесілген сыйымдылығы 7 кг ыдыс. Топырақ құрамынан су-мен шайылған қоректік заттар ыдыс түбіне жиналады, оны осы ыдыстың өзіне қайта құйып отырады (27-сурет).




27-сурет. Митчерлих ыдыстарында жүргізілген вегетациялық тәжірибе (жүгері)

104 105


Топырақ дақылдарына арналған ыдыстың екінші түріне шыны, металл, пластмассадан жасалған сыйымдылығы 1-20 кг ыдыстар жатады (28-сурет).


28-сурет. Шыны ыдыстарда жүргізілген топырақ дақылы (қант қызылшасы)

Бұл ыдыстарға қарағанда Митчерлих ыдысында тәжірибе жүргізу ыңғайлы. Себебі ыдысты массасына суарудың қажеттігі болмайды.


Топырақ дақылдарына арналған ыдыс сыйымдылығы өсімдіктің биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес және оның тамыр жүйесінің қалыпты өсіп-жетілуін қамтамасыз етуі тиіс. Астық, бұршақ, қарақұмық, қыша үшін ыдыс өлшемінің ең тиімдісі 15×20 және 20×20 см (бірінші цифр ыдыс диаметрін, екіншісі – оның биіктігін көрсетеді). Та-мыр жүйесі терең бойлай өсетін өсімдіктер үшін - 15×30 см. Тамыржемістілер, картоп, күнбағыс, жүгері сияқты дақылдар сыйымдылығы үлкен ыдыстарда жақсы өседі (25×30 және 30×30 см). Ыдыстарды әзірлегенде оларды биіктігі мен диаметрі және массасы бойынша таңдап ала-ды. Қатты қызудан қорғау үшін шыны ыдыстарға қағаздан


жасалған қаптама кигізеді және суаруға арналған диаметрі 1,5 см, ұзындығы ыдыс биіктігінен 2-3 см артық болатын шыны түтік орнатады. Сонан соң салмағы 200-300 г шыны сынығын дренаж ретінде ыдыстың түбіне бір жақ кенересіне 300 жантайтып салады. Суару ыдыстың массасы бойынша жүзеге асырылатындықтан, бұл жұмысты оңайлату үшін дренаждары және түтіктері бар барлық ыдыстардың масса-сы бірдей болуы тиіс. Өлшенген ыдыстағы дренаж үстіне дәке шеңберін қояды. Сонан кейін жуылған ылғал кварц құмынан 300-500 г өлшеп алып, дәке үстіне төгеді. Осыдан кейін қажетті мөлшерде тәжірибеге дайындалған топырақты табаққа салып сызбада көрсетілген тыңайтқышты қосады.

Тыңайтқышты топырақпен жақсылап араластырып, ыдысқа біртіндеп салып толтырады. Топырақты ыдысқа салған сайын нығыздап отыру керек. Құрғаған кез-де ыдыстың қабырғасынан ажырап кетпеуі үшін оның жиегіндегі топырақты неғұрлым нығыздаған дұрыс. Егер ыдысқа топырақты тығыздап толтырмаса, кейін ол шөгіп, өсімдіктің тамырын үзіп жіберуі мүмкін.


Ыдысқа топырақ салғанда, суаруға арналған түтік оның кенересінен 1-1,5 см алшақтықта тұруын қадағалайды. Суаруға ыңғайлы болу үшін ыдысқа топырақты жоғары жиегіне 2-3 см жеткізбей салады. Вегетациялық ыдыстағы судың булануын азайту және топырақтың қабыршақтануын болдырмау мақсатында, сондай-ақ күннің қыздыруын азай-ту үшін топырақ бетіне 200 грамм шамасында кварц құмын себеді.


Топырақ дақылдарымен жүргізілетін тәжірибелерде негізінен азот, фосфор, калий тыңайтқыштары қолданылады. Егер тәжірибе тыңайтқыштар формасын зерттеуге арналған болса, құрамында ілеспе бөгде иондар өте аз мөлшерде кездесетін химиялық таза тұздарды пайдаланады. Ол үшін 100 мл таза тұз ерітіндісінде 1 г қоректік элемент бар сұйықтықты алады (8-кесте).



106 107


8-кесте. Топырақ дақылдары үшін тыңайтқыш ретінде қолданылатын химиялық таза тұздар






Құрамында 1 грамм қоректік зат болатын тұз

Тұздар




өлшемі







N

P2О5

K2О

NH4NO3

2,86

-

-













(NH4)2SO4

4,72

-

-













NH4Cl

3,82

-

-













NаNO3

6,07

-

-













Са(NO3)2·4H2O

8,44

-

-













KNO3

7,22

-

2,15













К2SO4

-

-

1,85













KCl

-

-

1,58













NH4H2PO4

8,21

1,62

-













(NH4)2HPO4

4,72

1,87

-













KH2PO4

-

1,92

2,89













K2HPO4

-

2,46

3,70













NаH2PO4·2H2O

-

2,19

-













2HPO4·12H2O

-

5,04

-













Ca(Н2PO4)2·H2O

-

1,78

-













CaНPO4·2H2O

-

2,42

-













Ca3(PO4)2

-

2,19

-













Сондай-ақ тыңайтқыш мөлшерін топырақ массасының шамасына байланысты есептеп қолдануға болады (9-кесте).


Егер тәжірибенің сызбасы бойынша өсімдіктерді үстеп қоректендіру керек болса, тұздардың ерітіндісін суару кезінде 2-3 күн бөліп пайдаланады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет