Кезінде П.С.Коссович пен Д.Н.Прянишников өсімдіктің қоректену мәселесін зерттеуге арналған жұмыстарда сте-рильденген дақылдар әдісін жиі қолданған. Осы әдістің көмегімен өсімдік тамырынан бөлінген органикалық
заттардың субстраттағы қиын еритін фосфор қосылыстарын
|
15. Құм және су дақылдарымен тәжірибелерді жүргізудің
|
|
өсімдікке сіңімді күйге ауысуына әсері, лецитин
|
негізгі мақсаты.
|
|
құрамындағы фосфор мен аспарагин азотын өсімдіктің пай-
|
16.
|
Су дақылдарында тәжірибе жүргізудің ерекшелігін
|
|
далануы, азот қышқыл аммоний тұзының физиологиялық
|
атаңыз.
|
|
|
қышқылдылығы дәлелденді.
|
|
|
|
|
17.
|
Қоректік заттардың тұрақты концентрациясы мен
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
реакциясының әсерін қай әдіс арқылы зерттеуге болады?
|
|
|
|
Бақылау сұрақтары
|
|
|
18. Оқшауландырып қоректендіру әдісінің маңызды
|
|
|
|
|
|
лығы неде?
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
19.
|
Стерильденген дақылдар әдісімен тәжірибені қандай
|
|
1.
|
Вегетациялық тәжірибе нені зерттейді?
|
|
|
мақсат үшін жүргізеді?
|
|
2.
|
Вегетациялық
|
тәжірибенің
|
түрлері
|
мен
|
|
|
|
ерекшеліктерін атаңыз.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3.
|
Вегетациялық
|
тәжірибенің
|
нәтижелерін
|
ауыл
|
|
|
|
шаруашылығы өндірісінде қолдануға болады ма?
|
|
|
|
|
|
4.
|
Вегетациялық тәжірибе жүргізу кезінде қандай зат-
|
|
|
|
тарды пайдаланады?
|
|
|
|
|
|
|
|
|
5.
|
Қоректік
|
қоспаларды
|
дайындауға
|
арналған
|
|
|
|
элементтерді атаңыз?
|
|
|
|
|
|
|
|
|
6.
|
Қоректік қоспаларды не себепті үш топқа бөледі
|
|
|
|
және айырмашылығы неде?
|
|
|
|
|
|
|
|
7.
|
Браунер-Букач ерітіндісін қай уақытта пайдаланған
|
|
|
|
жөн?
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
8.
|
Топырақ дақылдарымен тәжірибені қандай мақсатта
|
|
|
|
жүргізеді?
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
9.
|
Топырақ
|
дақылдарымен
|
тәжірибе
|
жүргізетін
|
|
|
|
ыдыстардың сыйымдылығы мен өлшемінің әртүрлі
|
|
|
|
болуынның себебі.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
10. Тәжірибе жүргізуге арналған ыдысқа топырақты
|
|
|
|
толтыру әдістемесін атаңыз.
|
|
|
|
|
|
|
|
11. Топырақ дақылдарымен жүргізілетін тәжірибеге
|
|
|
|
қажетті тұқымды өндіру тәсілі.
|
|
|
|
|
|
|
|
12. Тәжірибеге қажетті су мөлшерін анықтау әдісін атаңыз?
|
|
|
|
13. Өсімдікке қажетті жарықтың түсуін реттеу тәсілі.
|
|
|
|
14. Құм және су дақылдарының топырақ дақылдарынан артықшылықтары
|
|
|
|
4-ТАРАУ
ЛИЗИМЕТРЛІК ЗЕРТТЕУЛЕР
Топырақ қасиеті мен өсімдік тіршілігін табиғатта егіс жағдайында арнайы құрал – лизиметр көмегімен орындай-тын тәжірибелерді лизиметрлік зерттеу дейді. Лизиметр (грек сөзі еру, босау деген мағынаны білдіреді) құралын пайдалану арқылы ағылшын ғалымы Джон Дальтон 18 ғасырдың аяғында жауын-шашыннын жер асты суларының қорын толтырудағы рөлін түсіндірген.
Агрохимиялық зерттеулер кезінде лизиметрлік әдісті топырақ ылғалдылығының динамикасын, атмосфералық жауын-шашынның топырақтағы жылжуын, су сүзінділерінің құрамын, тыңайтқыштың құрамындағы қоректік заттардың шайылуын анықтау үшін қолданады. Сөйтіп, қоректік заттардың кіріс және шығыс бөліктерін салыстыра оты-рып, олардың балансын есептеп шығарады. Бұл мәліметтер, топырақтың қоректік заттары мен тыңайтқыш және өсімдік арасындағы өзара байланыстың сырын ашуға негіз болады.
Сондай-ақ, лизиметрлік әдісті тыңайтқыш әсерінен топырақтың кейбір қасиеттерінің (мысалы, су өткізгіштік) өзгеруін, өсімдіктердің транспирациялық коэффициентін анықтау үшін пайдаланады.
Соңғы жылдары лизиметрлік әдіс гидрогеология, агро-метеорология, мелиорация және өсімдіктер физиологиясы сияқты ғылым салаларында кең көлемде қолданыс тапқан. Ал суармалы егіншілікте лизиметрлік қондырғыларды су балансын, сор, сортаң топырақтарды шаю, ауыл шаруашылығы дақылдарын суару нормасын анықтау мақсатында қолданады.
Лизиметрлік зерттеу әдісін зертхана жағдайында судың және оның құрамындағы еріген заттардың, тыңайтқыштардың топырақ бойымен жылжу заңдылығын, олардың сүзілу жылдамдығын дәлелдеу үшін жиі пайда-ланады. Бұл тыңайтқыштарды тиімді пайдалану тәсілдерін анықтауда айтарлықтай маңызды рөл атқарады.
Лизиметрлерді құрастыру мен кеңістікте орналастыру кезінде міндетті түрде мына талаптарды ескеру қажет:
Мүмкіндігінше тәжірибе жұмыстары табиғи жағдайға жақындастырылуы тиіс. Ол үшін жерді қазып лизиметр ор-натады және оның ішіндегі топырақты жер бетімен бірдей деңгейге жеткізеді;
Салыстырмалы зерттеу немесе белгілі бір сызба бой-ынша тәжірибе жүргізу үшін лизиметрлерді топтастырып екі қатарға орналастырады. Бір топта 10 немесе одан көп лизиметр болады.Мысалы, лизиметрлерде ауыспалы егіс дақылдарын зерттейді. Лизиметр жанына жерге түскен жау-ын-шашын мөлшерін есепке алатын аспап орнату керек;
Лизиметр құрылғысының түбіне дренаж орнатыла-ды. Оның ішіндегі топырақ бойымен жылжыған су осы дренаждан өтіп, кішкене түтік арқылы ыдысқа жиналады. Ыдыстарды лизиметр астындағы кеңістікке орналастырады. Кеңестіктің температурасы бірқалыпты болғаны жөн.
Тәжірибе тақырыбына байланысты лизиметрде зерттеу жұмыстарын өсімдікпен немесе өсімдіксіз орындауға бола-ды.
Лизиметрлерді зертханаға жақын алаңға орналасты-ру ғылыми-зерттеу жұмыстарын тиімді әрі сапалы және уақытында жүргізуге көмектеседі.
Конструкциясының ерекшеліктеріне қарай лизиметрдің 3 түрі болады:
- бетоннан немесе кірпіштен жасалған лизиметр; - металдан дайындалған лизиметр; - лизиметрлік Эбермайер воронкасы.
Бетон және кірпіштен жасалған лизиметрді өсімдік, тыңайтқыш, топырақ нысандарымен жүргізілетін көпжылдық тұрақты тәжірибе жүргізу үшін пайдаланады (34-сурет). Сыйымдылығы 1м3 (1×1×1 м) және 4 м3 (2×2×1 м) болып келеді. Металдан дайындалған лизиметр цилиндр, куб, параллепипед тәрізді және табиғи құрылымды және үйінді топырақтармен тәжірибе жүргізуге арналған.