2. А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ САУАТ АШУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ЕҢБЕКТЕРІНІҢ МӘНІ
2.1. А.Байтұрсынұлының ағартушылық қызметі
Ахмет Байтұрсынұлы мұралары негізінен бастауыш мектепке және Қазақстандағы бастауыш мектеп жүйесін жандандыруға арналған. Әсіресе, оның «Әліп-биі», «Тіл құралы», «Ақ жол» және т.б. еңбектері ұлттық бастауыш мектепті дамытуға өз үлесін қосады.
Ахмет Байтұрсынұлы ұлт мектебінің бойына жүгіріп, өз аяғына тұрып кетуі үшін, ең алдымен, оның жазуы, яки түсінікті де сөздің айтылу жүйесін толық белгілей алатын әліпби қажеттігіне, әсіресе қатты деп қояды. Сөйтіп, 1910 жылдан бастап қазақ жазуын жаңадан түзумен айналыса бастайды.
Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілінің оқулығын жазуы – қазақ тілінде қазақша жазылған оқулықтың алғашқы бастамасы болды. Автор 1912 жылы мектеп балаларына арнап қазақша сауаттандыратын – әліппені «Оқу құралын»жазғаннан кейін, мектепте қазақ тілін пән ретінде оқытатын оқу құралын жазуға кіріседі. «Біздің заманымыз – жазу заманы: жазумен сөйлесу – ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман. Алыстан ауызбен сөйлесуге болмайды. Жазумен дүниенің бір шетіндегі адам екінші шетіндегі адаммен сөйлеседі. Сөйлегенде сөздің қисыны келтіріп сөйлеу қандай керек болса, жазғанда да сөздің кестесін келтіріп жаза білуге, қай сөз қандай орында қалай өзгеріліп, қалайша біріне-бірі қиындасып жалғасатын жүйесін білу керек», деп жазады ұлы ғалым (Тіл құрал, 173-бет).
1926 жылы Ахмет Байтұрсынұлы «Жаңа Әліп-би» еңбегін жазады. Бұл Мемлекеттік білім кеңесінің ұсынған бағдарламасына сәйкестендіріліп, суреттермен безендіріліп, толықтырылып шығарылады.
Ахмет Байтұрсынұлы көрнекті ғалым ретінде ғана емес, әдіскер ретінде де көп еңбек еткен. Алғашқы әліппе, оқулық, тіл құралдарын жазумен қатар, осы оқу құралдарын тәжірибе жүзінде қалай пайдалану қажеттігі жөнінде де ғылыми тұрғыдан терең талдаулар жасайды. Бұл тұрғыдан Ахмет Байтұрсынұлы қазақ әдістемелік ғылымның да алғашқы бастаушысы бола алды. «Баяншы», «Әліппе астары», «Нұсқаушы», «Тіл жұмсар» әдістемелік еңбектері мен «Баулу мектебі», «Жалқылау», «Қай әдіс жақсы», «Дыбыстарды жіктеу» атты мақалалары осының айғағы болса керек.
Ғалым өзінің оқулықтарында әріптерді балаларға тез әрі үйрету үшін көптеген әдістерді пайдаланған. Ол өзі жасаған әліпбидегі әріптерді үйрету үшін, ең алдымен, оны жазып үйрену үшін, тілдегі дыбыстарды тани керектігіне назар аударады. «Әріптерді тани білуді» мақсат ету- таңбаның негізгі белгілерін бағамдауға үйрету. Таңбаныңнегізгі екі белгісі бар. Бірі – сыртқы тұлғасы да, екіншісі оның мағынасы. Ахмет Байтұрсынұлы осының екі жақтылық белгісін балаға дұрыс пайымдатуға көңіл бөлген. Дыбысты меңгертіп, оның әріптік таңбасын таңбалайды.
Ахмет Байтұрсынұлының әдістемелік бағытта жазылған «Тіл жұмсар» атты еңбегінің мәні зор. Тіл – құралдың жеке бөлшектерін түсіндіру жолын белгілеп берген бұл еңбектің қазақ тілінің әдістемесі пәнінде алатын рөлі мен маңызы ерекше болмақ.
«Тіл жұмсар» - қазақ тілін оқыту әдістемесінің басы. Ғалымның өзі көрсетіп бергендей, тіл туралы еңбек жазу бар да, оны балаға оқыту жүйесі бар: «Тіл құрал» қазақ тілі қандай құрал екендігін тұтас түрінде таныту үшін түрлі бөлшектерін, тетіктерін ұсағын ұсағынша, ірісін ірісінше жүйелі тұрған орнында алып көрсетіп танытады. «Тіл жұмсар» сол үлкен құралдың бөлшектерін, тетіктерін балаға шағындап бөлек- бөлек ойыншық сияқты құрал жасап, соларды танытып, соларды жұмсату арқылы барып үлкен құралды танытады» ( 1992, 336).
Әдіскер-ғалым оқытудың дұрыс жолға қойылуы үшін мынадай әдістемелік қағидаларды ұсынады:
1) Жаңа берілетін сабақты баланың білетін мағлұматтарымен ұштастыру;
2) Тиісті таныстыру арқылы сабақтың мазмұнына ынталандырып, ілтипат аудару;
3) Сабақты алдын-ала даярлайтын сұраулар қою арқылы ынтасын арттыру;
4) Қажетсіз мағлұматтардан сақтану, баланың ілтипатын қоздыратын қызықты нәрселерді ғана сөйлеп, үйрету;
5) Баланың ішін пыстыртатын біркелкі мағлұматтардан сақтану, лайықты салыстыру, теңестіру, ұқсастыру, түрлі әдісті оңтаймен оқытуға, жандандыруға тырысу;
6) Алғашқы кездегі оқыту деректің көрнекі болуы. Оған сай жобаларды дұрыс қолдану;
7) Өзгелерді ынталандыру үшін оқытушы үйрететін нәрсесіне өзі де жақсы көру, оқытушы сүйген нәрселерді оқушы да сүйеді.
Ғалым ұсынып отырған қағиданың қай-қайсысы болса да балаға дәріс беру жүйесінде ешқашан ескермек емес. Мектеп мұғалімі үшін үнемі есте болатын негізгі ұстанымдар деп бағамдаймыз.
Ахмет Байтұрсынұлы тіл білімінің басты салалары туралы ең алғаш қалам тартқан ғалым еді. Алғашқы сауат ашу құралы ретінде жазылған «Оқу құралынан» бастап, «Әліп-би» мен «Тіл құралда» қазақ тіл білімінің басты әрі негізгі терминдерін жасады.
Еліміздің егемендік алуы ХХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы көрнекті қоғам қайраткерлерінің педагогика ғылымына қосқан үлестерін, тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерін көрсететін бай-мұраларын ғылыми тұрғыдан, жаңа қырынан бүгінгі заман талаптарына сай ашып көрсетуге мүмкіндік берді. Солардың ішінде Байтұрсынұлы Ахмет ғалым-лингвист, әдебиет зерттеушісі, ақын-аудармашы, публицист ғана емес, ағартушы педагог ретінде ерекше орын алды. Оған А.Байтұрсынұлының өз бетімен педагогикалық іс-әрекетке қатысқаны нақты дәлел бола алады. [11]
А.Байтұрсынұлының еңбек жолын ағартушылықтан бастауының үлкен мәні бар. Оның ағартушылық ісі сол кезеңдегі қазақтың әлеуметтік тіршілігінде ең қажетті, игілікті әрекет еді. Ол 1895-1909 жылдары Қостанай, Ақтөбе, Қарқаралы уездерінде ауылдық, болыстық мектептерде бала оқытып, екі сыныптық училищелерде сабақ берді және оқу-ағарту ісін өзінің азаматтық міндеті мен өмірінің мақсаты деп санады. Бұл мақсатын өз өлеңдерінде, публицистикалық мақалаларында бейнелі тілмен «Надандық, өнерсіздік ата жолдасымыз болған соң, олжалы жерде үлестен қағылғанымыз, ордалы жерде орыннан қағылғанымыз, жоралы жерде жолдан қағылғанымыз – бәрі надандық кесапаты» деп жеткізген.
А.Байтұрсынұлыты қазақтар үшін өз әліпбиін жасау әрекетіне де, тілін зерттеп оқулықтар жазуына да, тіпті қоғамдық-әкімшілік істеріне араласуына да алып келген – осы ағартушылық мақсаты. Оның ағартушылыққа байланысты білдірген ойлары мен істеген істері тек оқу-білімге шақырумен тынбайды. Ол қазақ даласындағы мектептердің жайы, бала оқытудың жолдары туралы жиі мақалалар жазды. Соның бірі – 1913 жылы «Қазақ» газетіндегі «Оқу жайы» мақаласы. Бұл еңбегінде ол «Қазақта балаларды оқытатын әзірге жосықтар /программалар/ мен кітаптар /оқулықтар/ жоқ» дей келіп, оларды жазу қажеттігін және арнаулы педагогтік білім алатын оқтушылар даярлау керектігін, «білімнің бас құралы - кітап» деп, «білім конкурсы» дегенді жариялау арқылы да оқу-ағартуды жандандыруға болатынын айтады.
А.Байтұрсынұлы ағартушылық қызметін Алашорда үкіметі кезінде де, Қазан төңкерісінен кейін де ешбір тоқтатпаған. Бұл айтылғандар А.Байтұрсынұлының халықты оқуға шақырған, білім-ғылымның қажеттігін түсіндірген жалаң үгітші емес, қазақ арасында ағартушылық жұмыстарын, жалпы мектеп ісін жолға қоюға күш салған, бала оқытқан, тәжірибелі ұстаз, ғалым-ағартушы екендігін дәлелдейді.
Сондықтан А.Байтұрсынұлы қалдырған мұралар да әр тектес. Мысалы, «Маса», «Қырық мысал» деп аталатын өлең жинақтары, «Тіл-құрал», «Әліп-би», «Оқ құралы» деген қазақ тілін оқытып-үйретуге арналған оқулықтары мен хрестоматиялары, оқыту әдісіне арналған әдістемелік құралдары, оқу-ағарту мәселелеріне арналған мақалалары, графика мен терминология мәселелерін әңгімелейтін мақалалары мен баяндамалары, саяси-әлеуметтік тақырыпты қамтитын публицистикалары. Ал оның педагогикалық идеялары «Қазақша оқыту туралы», «Мектептер қажет», «Бастауыш мектеп», «Баяншы», «Тіл жұмсар», «Қай әдіс жақсы», т.б. еңбектерінде де айқындалған.
«Сөйтіп, оқу-ағарту саласында өшпес із қалдырған А.Байтұрсынұлы әліппелері жеті рет басылым көрді. Осыншама таралыммен ағарту саласында ұзақ қолданысқа ие болған өзге бірде-бір әліппе, оқулық жоқ. Басқа авторлардың әліппелері құрылымдық, әдістемелік енгізілген жадығаттары жағынан олқы соғып, бір рет басылым көруден аспады. Ал, А.Байтұрсынұлы әліппе, оқулықтары сол тұстағы жинақталған алдыңғы қатарлы тәжірибелерге сүйене отырып, белгілі педагогикалық-дидактикалық ұстанымдарды сақтай білуімен, жас өспірімдердің психологиялық жас ерекшеліктерін, тіпті, ұлттық ерекшеліктерін ескере жазуымен құнды болды. А.Байтұрсынұлы әліппелерін қазақ жұртшылығы ана тілінде жазылған аса қажетті тың құрал ретінде қабылдады. Ұлт ұстазының әліппе, оқулықтарының үсті-үстіне мол таралыммен басылып, ұзақ қолданылуының бір астары осында деп білеміз».
А.Байтұрсынұлы хат таныту, сауаттандыру әдістемесін жетік білген. Бұған еңбекте талданған Ахаң әліппелерінің құрылымы, ондағы жадығаттар, қолданған әдіс-тәсілдері, сүйенген ұстанымдары дәлел бола алады. Жинақтай айтсақ, Абат Саттыбайұлының «А.Байтұрсынұлының әдістемелік мұрасы» зерттеу еңбегі арқылы қазақ ғұламасының әліппе, оқулықтарының сан алуан әдістемелік иірімдерге толы екенін байқаймыз. Байқаймыз да, қайран қаламыз. Көз алдымызда Ахмет ата бейнесі бұрынғыдан да биіктей, тереңдей түскендей. Оқу құралының авторы да: «Бұлардың бүгінгі оқыту ісімізде пайдасы шексіз. Оқу құралдарының өміршеңдігі де осында. Мұның бәрі, айналып келгенде, тілді оқыту әдістемесі тарихының бастау көзі осы іспеттес оқу құралдарында жатқанына, олардан бастау алатынына толық айғақ» деп түйіндейді. Иә, авторға сүйене айтсақ, А.Байтұрсынұлының әліппе, оқулықтары кейінгілерге үлгі болып қана қоймай, әдістемелік зерттеулерге ой салды, қорытынды теориялық тұжырым жасауға негіз болды. А.Байтұрсынұлынан кейінгі әдіскер ғалымдардың ешқайсысы да өз зерттеулерінде А.Байтұрсынұлының әліппелерінде, оқулықтарында көрінген, жүзеге асқан әдістемелік идеяларына соқпай өте алған жоқ. А.Байтұрсынұлы теориялық тұрғыда дәлелдемегенімен, тәжірибеде әліппе, оқулықтары арқылы іс жүзінде көрсеткен әдістемелік ойларын, пікірлерін қазіргі ғалымдар дамытып жатқанына ешбір күмән жоқ.
«А.Байтұрсынұлы – қазақ тілін оқыту әдістемесі ілімінің іргетасын қалаушы» тарауын автор өз тарапынан: »күні кешеге шейін сахараның сәби сезімді қазақ санасының шамшырағы А.Байтұрсынұлы талантының өзге қырлары секілді оның әдіскерлігі жөнінде де ештеңе білмей келдік. Білетіндер де бұл салада ауыз ашпаған. Әрине, бұған қытымыр заман кінәлі делік. Ал енді сөз бостандығы өзімізге еркін тиіп, ел тарихындағы «ақтаңдақтарды» қопара саралауға мүмкіндік туып, «халқым», «жұртым», «тілім», «ділім», «ұрпағым» деп еңіреп өткен ардақты біртуар арыстарымыздың көпшілікке беймәлім мұраларын елеп-екшеуге қолымыз жетіп отыр. Бұл орайда аса жауапкершіліктің де керектігіне дау жоқ» деп бастай отырып, Ахаң еңбектеріне терең үңіліп, қазіргі оқыту үрдісіне қатысты қилы әдістемелік қалтарыстарды, амал-тәсілдерді орынды Алматыылаймыз. А.Байтұрсынұлы әдістемелік еңбектерінің бүгінгі оқыту ісімізбен сабақтастығын дөп басып көрсетеді. Нәтижесінде автор: «... бүгінгі қазақ тілін оқыту әдістемесі ілімінде А.Байтұрсынұылының әліппелері, «Тіл-құрал», «Баяншы», «Тіл жұмсар» әдістемелік кітаптары өміршеңдігін, сабақтастығын, құндылығын жоймаған еңбектер. Ал оқыту ісінде әдіскер ғалым еңбектерін керекті тұсында жүйелі түрде орынды пайдалану - әр мұғалімнің ісі. Бұдан біз оқыту ісінде ұтпасақ, ұтылмасымыз сөзсіз».
1912 жылы Орынборда шыққан «Оқу құралында» дыбыс пен әріпті оқыту дидактиканың «жеңілден ауырға» ұстанымы бойынша бірте-бірте күрделендіріледі. Онда тақырып бойынша бала өмірде күнделікті қолданатын, кездесетін сөздермен таныстыру ұстанымы сақталған. Әрі қарай баланы қызықтыратын жаңылтпаш, жұмбақтар және мақал-мәтелдер берілген. Одан кейін ғана қысқа мәтіндер мен өлең шумақтарын береді.
«Әліп-би» деп аталатын оқулығында негізінен мәтінді қолданып, түрлі ойындарды ұсынады. Ол ойындар дыбыстық әдіс жолымен сөздерді түрлендіру арқылы сөздер, сөйлемдер жасауға арналған. Әрі қарай жаттығулар беріп, оларды өзгертіп, жаңылтпашқа айналдыру тапсырмалары күрделендіріліп беріледі. Мұның өзі А.Байтұрсынұлы әдістемесінде күрделендіру ерекше орын алатыны көрінеді. Сонымен қатар баланың тілін дамытуда, оқығанды есте сақтауда қайталаудың маңызды екені ескеріледі.
«Қай әдіс жақсы», «Жалқылау /айырыңқы/ әдіс», «Жалқылауды жалпылау әдісі» деген еңбектерінде «Әдістің жақсы-жаман болмағы жұмсалатын орнының керек қылуына қарай» дейді. Мәселен, сауаттау әдісі дегеніміз – соны білдіруге жұмсалатын түрлі әдістердің шумағы. Жазу - әріптердің дыбыстарын айта сала тізу; оқу - әріптердің дыбыстарын айта тізу. Сондықтан да ғалым мынадай заңдылықтарды түсіндіреді: «Әдісін алғанша қай істе болса, қиын болады. Әдісін алған соң, қайсысы болса да оңайлайды. Істің шапшаң істеліп күйге жетуі, қайта-қайта істеліп, дағдыға айналған кезде болады... Әдісін алғаннан кейін... қиындығы жоғалады. Одан әрі тек жаттығу, төселу үшін істің қайта-қайта істелуі шарт». [15]
Қандай әдісті пайдалансақ та, ол әдіс оқыту үрдісінің алдында тұрған дидактикалық міндетті шешуі керек. Оқу іс-әрекетінің тиімді болуы үшін, мұғалім белгілі бір нәтижеге қол жеткізу үшін өзі төселген бір әдіс болуы қажет. Бір әдістің өзін бірнеше мақсатқа пайдалануы мүмкін. Ол арқылы білімді де меңгертеміз, тексертеміз, дағдыны қалыптастырамыз, т.б. Бірақ, бір әдісті білу жұмыстың нәтижелігін аңғартпайды. Мұғалім қай әдісті таңдамасын, оқушы қабылдауына жеңіл, тиімділігі мол, нәтижелі, ең негізгісі дидактикалық мақсат пен міндеттерге сәйкестігі ескерілуі қажет. Сонымен қатар мұғалім жұмысқа төселу үшін істің тиянақты, жауапты түрде істелуін көздеп, оқушыға меңгертетін білім жан-жақты жетілдірілген, білімдік мағлұматтар мол болуымен бірге, оны игерудің әдістемелік жолдарына назар аударуы керек. Сондықтан «Оқу мектептерінен шыққандарында мәніс білім мол болғанымен, әдіс білім аз болады» дейді. Яғни сабақта берілетін білімнің мазмұны ғана емес, оны игертудің әдісін де білгізу керектігін баса айтады. Және де «... әдісті үйрету де, үйрену де қиын... істің істеу мәнісін білгенмен, істеу әдісін білмей, ... істі дұрыстап істеуге болар ма?» деген пайымдау жасайды.
«Тіл жұмсар» кітабында оқытуға қойылатын талапты былай тұжырымдайды: «Бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу керек. Мұғалімнің қызметі – оның білімнің ұзақ жолын қысқарту, қиналмай оңай оқу, керек білімін кешікпей, дер негізінде алып отыру үшін балаға жұмысты әліне шағындап беру және баланың бетін белгілеген мақсатқа қарай түзеп отыру» деп есептейді. Қай пәнде болсын баланың алған білімін тәжірибеде қолдануы барлық сабақтарда нақты тапсырмалар, өздігінен байқау, зерттеу жұмыстары арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан оқушы ережелерді, теориялық мағлұматтарды тәжірибе жүзінде қолдана алса ғана білім сапалы, тиянақты болып, дағдыға айналады.
Сыныптағы оқушылардың қабілеті түрліше дамиды. Көп балалардың қабілеті бір деңгейде орташа қалыпта, кейбіреуінің арнайы мүмкіндігі мол, қабылдау қасиеті ерекше болады. Сондықтан мұғалімдер осыған қарап материалды меңгерту жұмысын түрлендіріп береді. Әр оқушының қабылдау, тапсырманы орындау қабілетіне қарап, белгілі бір мақсатты білімге ұмтылдырып отырады. Мұғалімдер әр оқушыға дербес тапсырма беріп, өз бетімен іздендіруге бағытталған жұмыс түрлерін жүргізеді.
А.Байтұрсынұлы тіл мен әдебиет пәні арқылы дидактикалық заңдылықтарға, өзі негізге алған оқыту ұстанымдарына /«жеңілден ауырға», «оңайдан қиынға», «қарапайымнан күрделіге», «білім мөлшерінің баланың жас және дара ерекшелігіне қарай берілу» ұстанымы/ сүйене отырып оқытудың мақсатын, білімнің мазмұнын, сабақ беру ісін ұйымдастыру және оның әдістері мен әдістемесін ашып көрсетеді. Ендеше А.Байтұрсынұлы мұраларындағы дидактикалық ұстанымдарды қоғам талаптарына сай қазіргі заманғы оқыту әдістемесінде қолдану оқушылардың ғылыми дүниетанымын, өмірлік көзқарастарын қалыптастыруда, белсенді, дербес тұлғаны тәрбиелеуде аса қажет деп санаймыз.
А.Байтұрсынұлының 125-жылдық мерей тойына байланысты қабылданған іс-шараларда ғұламаның еңбектерін бүгінгі оқу орындарында оқыту жан - жақты қамтылады: ұлы ғалым, тіл білімінің негізін қалаушы Ахмет Байтұрсынұлының 125-жылдық мерейтойына арналған конференциялар, жиындар «Ахмет тағылымы» атты семинар сабақ, оқулар өткізу; барлық мемлекеттік және мемлекеттік емес мектепке дейінгі мекемелерде, жалпы білім беретін мектептерде, арнаулы орта және жоғары оқу орындарында мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейте түсіп, Мемлекеттік тілді оқытудың тиісті деңгейін қамтамасыз етуге, сөйтіп оны жеке адамдар арасындағы қарым-қатынаста, іскерлік байланыста және қазіргі кездегі іс жүргізуде жүзеге асыруға мүмкіндік беретін нақты іспен айналысу;
-әртүрлі этникалық және әлеуметтік топтардың пайдалануына жеңіл, әрі тиімді әдістемелерді, көпшілікке арналған өз бетінше оқып-үйрену құралдарын, сөздіктерді, тілашарларды көптеп шығаруға ат салысу, әрі оған қамқорлық жасау;
-мемлекеттік тілді қолдануды дамыту жөніндегі құрылған қалалық «Мемлекеттік тіл» қорының жұмысына қолдан келгенше үлес қосу мүмкіндіктерін іздестіру;
-Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мұражайда алдағы уақытта «Ахмет поэзиясы», «Ахмет өлеңдері», «Ахмет-тіл зергері», «Ахметтану ілімі», «Ахмет тағылымы» тәрізді тақырыптар бойынша кездесу, сұхбаттар өткізуді дәстүрлі түрде қамтамасыз ету;
-«Мемлекеттік тіл және А.Байтұрсынұлы» деген тақырыпта мектеп оқушыларының шығармашылық байқауларын ұйымдастыру;
-басқа ұлт өкілдерінің байқауларын өткізіп, тілдің шынайы жанашырларын Ахмет Байтұрсынұлы атындағы сыйлықтармен марапаттау жайы;
-кітапханалар мен мұражайларда Ахмет Байтұрсынұлына және тіл саясаты мәселелеріне арналған көрмелер, сұхбаттар, семинарлар ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
-ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлының туған күні халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының басшылығымен жыл сайын тіл мерекесі іспетті ерекше дайындықпен өткізілуі ойластырылсын.
Қазіргі кезде А.Байтұрсынұлы мұралары мектеп бағдарламасына жаппай енгізіліп, оқытылып жатыр. Бастауыш мектептерге арналған жаңа буын оқулықтарын зерделейтін болсақ XX ғасырдың басында өмір сүрген зиялы қауымның еңбектерін молынан енгізілген. Мәселен, 2-сынып «Ана тілі» оқулығының күнтізбесінде М.Дулатовтың «Ешкімге жауыздық қылма», «Наурыз», «Байлық», Ж.Аймауытовтың «Ыстық қой, шіркін, туған жер», А.Байтұрсынұлының «Ағаш» т.б., 3-сынып Қазақ тілі оқулығында М.Жұмабаевтың «Балалық шақ», М.Дулатовтың «Күлмеңіздер кәріге». 3-сынып Ана тілі оқулығында С.Сейфуллиннің «Туған ел», «Ақсақ киік», «Дала», М.Жұмабаевтың «Өзім күнмін, өзім от», «Ауылға келген мұғалім», «Қарағым», «Аққала», М.Дулатовтың «Қоян», «Қош келдің, Наурыз», Ж.Аймауытовтың «Торғай» және т.б. еңбектері, А.Байтұрсынұлы туралы «Әліппенің атасы» атты мақалада ғұламаның өмірі туралы мағлұмат берілген. 5-сыныпта А.С.Пушкиннен аударған «Балықшы мен балық» әдеби ертегісі (2 сағат); 6-сыныпта «Қара бұлт» өлеңі (1 сағат); 7-сыныпта «Ақын ініме» өлеңі (1 сағат); 8-сыныпта «Қазақтың бас ақыны» мақаласы (1 сағат), 10-сыныпта «Қырық мысал», «Маса», «Әдебиет танытқыш» монографиялық оқу (7 сағат), 11-сыныпта А.Байтұрсынұлы мұраларын жан-жақты оқытылу қарастырылады.
Расында да, XX ғасырдың басындағы жаңа дәуір әдебиетінің негізін салушылар Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Ахмет Байтұрсынұлы, Жүсіпбек Аймауытов және т.б. еңбектерінен қазақ әдебиетінің туу, қалыптасу жолын және жас ұрпақты адамгершіліке тәрбиелеудің негізін көреміз.
XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің бастаушысы болып Ахмет Байтұрсынұлы тұрды. Ахметтің өмір жолынан бастап, артына қалдырған мұраларына: мысалмен айтқан көп ойлары, қаламгердің көсем сөзі, тіл тағылымы, оның ғалымдығына, еңбектерінің өміршеңдігін, пән сабақтарында және сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын сабақтастыра жүргізу барысында бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда мүмкіндігінің мол екендігіне көзіміз жетті. Ол мына төмендегі кесте түрінде жүйеленеді:
Кесте 1
Тақырыбы
|
Педагогикалық мүмкіндіктер
|
Әдіс-тәсілдер
|
Білімділік
|
Тәрбиелік
|
Дамыту
|
"Қырық мысал" еңбегі бойынша
|
И.А.Крылов аудармасы екендігі, көшпелі елдің стихиясы - жан-жануарлар өмірінен алынған мысалдың халықтың төл туындысындай болуы; аудармадағы жаңа ой, соны пікір, толғаулы сөздің ақынның төл туындысы екендігі; әр түрлі аңдар кейпін хабар беруде ишара тұжырымның кейде жұмбақтап, тұспалдап, кейде ашық, дәл айтылуы М.Әуезовтың "алғашқы төңкеріс рухындағы сөзі" деу себебін түсініп білу
|
Жақсы, жаман қасиеттерді айыра білуге, ынтымақ, бірлік, тәккәпарлық, дұшпандық, табалаушылық, көре алмаушылық, өз мінін көре білушілікке, адамгершілік, еңбек сүйгіштік, кішіпейілділік, қайырымдылыққа
|
Тіл байлығын, мәнерлеп оқи білуін, әсерлеп айта білу, шығарманы орындауда эмоционалды сезіне және сөз үлесімділігін келтіре отырып орындай білуге, шығармашылықпен жұмыс істей білуге
|
Алған әсерінен сурет, мүсіндеу; сахналау, театрлау, драмалау, алған әсерлерінен соны пікірді қажетіне қарай пайдалана білу
|
"Маса" еңбегі бойынша
|
Жеке бастың мұң-шері, тұрмыс- салт суреті емес, негізінен әлеуметтік-қоғамдық ойлар, азаматтық идеялар екендігі; М.Әуезовтың "елшілдік ұраны" деу себебі; халқының ұлттық санасын оятуға ықпалы. Қазақ халқының басынан кешкен ауыр хал- ахуалын суреттеген шыншыл көркем шығарма екендігі; қараңғылық, надандық, марғаулық шаруаға енжарлық, кәсіпке марғаулықтан ояту әрекеті
|
Туған елін сүюге, оның сол кездегі күйін түсінуге; Ел, Жер, Тілге сүйіспеншіліктің қамынан туған іс-әрекетті құрметтеу
|
Ақыл-ойын, қиялын талдай, қабылдай білуге; естігенін есте сақтай білуге; шығармашылығын эмоционалдықпен мәнерлілікпен пайдалана білу
|
"Қазақ" газетінде ойларын еркін көрсете білу, мәнерлеп оқу жарысын ұйымдастыру, жеңімпаздарды А.Байтұрсынов туған күнінде мәнерлеп оқу және марапаттау
|
"Әдебиет танытқыш" кітабындағы ауыз әдебиеті
|
Ермектеме - ертегі, ертегісымақ, ауыз әдебиеті, өтірік өлең, жұмбақ, жаңылтпаш, бас қатырғыш; заңықтама - ертегі жыр, тарихи жыр, айтыс, үгіт өлең, толғау, түрлі терме өлендер; салалардың, тармаққа, бұтаққа бөлініп, оларға тұжырымдама жасалуы; олардың тәрбиелік мәнін, өміршеңдігін білу, пайдалана білу. Сарындама бір тарауы салт сөзіне - мысалдар, мәселен, ділмәр (афоризм) сөз, тақпақтар, мақалдар, мәтелдер; сарындама екінші тарауы ғұрып сөзіне - той бастар, жар-жар, беташар, неке қияр, жарапазан; сарындама үшінші тарауына - бесік жыры, бал ашқанда, ауру баққанда, бақсылардың жынын шақырғанда, тісті емдегенде, құрт шағыру, мал бәдік болғанда танымдық іс- әрекетін қалыптастыру
|
Адамгершілік қасиеттердің қалыптасуы, ерекшеліктерін айыра білуі, ата-баба тәрбиесіндегі ролін бағалай білу, құрмет көрсету Салт-дәстүрді құрметтеуге,оны пайдалана білуде тапқырлыққа, табандылыққа, тез шешім қабылдауға, достыққа, мейірімділікке, инабаттылыққа, адалдыққа
|
Ой-ерісін, талғамын, шығарманы мазмұнына қарай таңдай білуге; оны орнымен пайдалана білу, тәжірибесінде пайдалана білу, көргенін талдай білу, мазмұндамалар жазу, әңгімелесу, алған әсерлерін әңгімелеп беру, айырмашылығын айта білу
|
Пән сабақтарында, мерекеліктерде, апталық-айлықтарда пайдалану; сурет, мүсіндеуде пайдалана білу Сұрақ-жауап, сауалдамалар, ажырата білу, айырмашылығын, тұжырымын білу, оны пайдалана білу, үйкендер салт-дәстүрін жадында сақтау, әсерлерін шығармашылықпен әңгімелей білу
|
|
А. Байтұрсынұлының негізгі мұралары: көркем дүние өлең жинағы "Маса" мен "Қырық мысал" әдебиеттану саласынан жазылған ғылыми еңбегі - "Әдебиет танытқыш" еңбектерінің тәрбиелік маңызы ерекше. Адам өзінің адамгершілігімен ардақты. Адамгершілік адамның рухани арқауы. Күнделікті өмірде істеген ісімен, адамдармен қарым-қатынасымен т.б. көрініс береді. Ахмет Байтұрсынұлының "Қырық Мысал" еңбегінің бастауыш сынып оқушылары адамгершілік қасиетін тәрбиелеудегі тәлім-тәрбиелік мүмкіндіктері мына төмендегі кестеде қамтылды.
Кесте 2
Тақырыбы
|
Педагогикалық мүмкіндіктер
|
Әдіс-тәсілдер
|
Білімділік
|
Тәрбиелік
|
Дамыту
|
Аққу, шортан мен шаян 1-сынып
|
Аққу — көкте, шортан — көлде, шаян – құрлықта өмір сүруі себебінен бір бағытты таңдап ала алмауы, түсінбеушілігі. Адамның жерде күнелткендігінен, бір мақсатқа — бірлік, ынтымақ етуге мүмкіндігінің болуы
|
Әр қайсының өзіне тән табиғатын түсіне білуге, оны қорғай білуге, сүйіспеншілікке
|
Талғамын, талдай білу шілігін, ерекшелігін түсіну
|
Әсерлеп драмалау, сахналау, шығармашылықпен әңгіме құрай білу
|
Ағаш 2-сынып
|
Жас ағаш пен кәрі ағаш арасындағы айырмашылықты білуі, жас ағаштың өсуіне қажетті нәрселерді аңғару. "Жалғыз ағаш орман болмас" деген тақырыпта әңгіме құру
|
Көре алмаушылықтан зиян жегуі, оның жаман қасиет екенін түсіну, табиғатгы аялай білу
|
Ізденушілікке, өз бетінше талдай білу
|
Оқиғаға байланысты мақал-мәтел, теңеулер пайдалану; шығармашылықпен әңгіме құруға
|
Қара бұлт Өзен мен Қарасу 3-сынып
|
Пайдасыз істен қайырымның жоқтығы, "Көрпеңе қарай көсіл" тақырыбына әңгіме құру, соған орай әр нәрсенің өз табиғатына сай ісінің болуы
|
Қайырымдылыққа, пайдалы іс істей білуге, мақтаншақтық тан сақтануға
|
Ізденушілікке,пайымдылыққа
|
Өз беттерінше ізденіп, тақырып ашу тәсілін қарастыру
|
Егін бастары 4-сынып
|
Бидайдың дәнді, дәнсіз болғандағы жағдайын айыра білу; адамның ақылды, ақылсының жағдайы, өзін көрсете білу жайы "Су ішкен құдығыңа түкірме"
|
Тәкәппарлықтан сақтануға, кішіпейілділікке
|
Көркем дүниені түсіне білуге, табиғатты аялай білу
|
"Қазақ" газетіне мақала беруге, әңгіме құруға
|
А.Байтұрсынұлы шығармаларындағы адамгершілік мәселелері оның аудармаларында негізгі орын алады. Ғұламаның аудармасының ерекшелігі: аударма тікелей тәржіма емес, оның өз пікірлері де қамтылды.
Әсіресе, А.Байтұрсынұлы мұраларын бастауыш сатыда жүргізілген сыныптан тыс тәрбие жұмыстары «Әліппе», «Қазақ тілі», «Ана тілі» пәндеріндегі берілген білім мазмұны және А.Байтұрсынұлының ұсақ әңгімелерін оқытып, түсіндіру арқылы жүргізілді. Сонымен қатар, әр түрлі пәндік үйірмелерде, тарихи-саяхаттарда іске асырылды.
А.Байтұрсынұлы бастауыш мектепте оқушыларға білім мен тәрбие беруді жан-жақты талдай келе, «Адамға тіл, құлақ қандай керек болса, бастауыш мектепте үйренетін білім де сондай керек» - деп атап өзі көрсеткендей ғұламаның еңбектері бастауыш саты оқушыларына сұрыпталып берілді.
Бастауыш саты оқушыларын дамыта отырып білім және тәрбие беруде Л.С.Выготскийдің, Л.В.Занковтың, Ш.А.Аманошвилидің т.б. еңбектеріндегі қарастырылған ұстанымдары басшылыққа алынды.
Сонымен қатар, М.Жұмабаевтың, Ж.Аймауытовтың, Т.Сабировтың, С.Қирабаевтың бастауыш мектеп оқушыларының танымдық, шығармашылық іс-әрекеттерін қалыптастыруға байланысты идеялары тәжірибелік - эксперименттік жұмыстарды жүргізгенде негізге алынды.
Жалпы, бастауыш сынып бойынша Н.Айғабыловтың «Бастауыш оқушыларының ақыл ой бірлігі», В.П.Стрезикозиннің «Бастауыш кластарда тәрбиелей оқыту тиімділігінің кейбір шарттары», М.Н.Сарыбековтың «Оқушыларға экологиялық тәрбие берудің теориясы мен практикасы» еңбектеріндегі және «Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмүнының тұжырымдамасы», [21]«Жалпы білім беретін мектептің оқу бағдарламаларындағы» оқушылардың білім, білік, дағдыларына қойылатын талаптар ескерілсе отырылып қамтылады.
Оқушының жас және дара ерекшелігіне байланысты:
-коммуникативтік мәдениет (ана тілі)
-ақыл-ой мәдениеті (математика, адамтану, қоғамтану)
-эстетикалық және адамгершілік мәдениет
-еңбек мәдениеті
-дене мәдениеті
А.Байтұрсынұлының еңбектерін бастауыш сыныптағы үйірме жұмыстарында өткізу барысында М.Әуезовтың фольклорлық жанр бойынша жасаған типологиясын басшылыққа алдық.
1. Сыршылдық салт өлендері.
2. Әңгімелі өлеңдер (батырлар әңгімесі, ел поэмасы, тарихи өлендер).
3. Айтыс-тақпақ.
4. Ертегі, мақал-мәтел, жұмбақ (75). А.Байтұрсыновтың мұраларын оқытуда үйірме жұмыстарының, әсіресе пәндік үйірмелердің ықпалы мол болғанын тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар барысында айқын аңғардық.
Жаңа буын оқулықтарында танымдық дамытушылық бағыттағы ұстанымдарды басшылыққа алады. 2-сыныпқа арналған «Ана тілі» оқулығында ұлттық сана-сезімді көздеген шығармаларды 5-тарауға жүйелейді.
I. Өз елімді сүйемін.
II. Асыл сөз.
III. Адам болам десеңіз...
1. Мейірімділік жүректен.
2. Еңбек түбі - береке.
3. Табиғат - өмір бесігі.
IV. Өнегелі өмір
V.Біздің тілегіміз - достық (100).
А.Байтұрсынұлы мұраларын зерттеу барысында бастауыш мектептерге арналған әдіс-тәсілдер жан-жақты қарастырылды.
-«Жақсы дерлік те, жаман дерлік те бір әдіс жоқ. Одақтықтың белгісі - бір ғана әдісі болу; шеберліктің белгісі - түрлі әдісті болу; керек орында жоқ әдісті табу да қолынан келу. Мұғалім әдісті көп білуге тырысу керек; оларды өзіне сүйеніш қолғабыс нәрсе есебінде қолдану керек».
-«Әр әдіс өз орнында жақсы».
-«Әдіс - керекшіліктен шығатын нөрсе. Әдістің жақсы-жаман болмағы жұмсалатын орнының керек қылуына қарай. Мәселен, сауаттау әдісін алсақ, бір жұрттың сауаттану ісіне қолайлы болған әдіс екінші жұрттың да сауаттану ісіне қолайлы боларға тиіс деп айтуға болмайды».
-«Сөздің дыбыстары сондай өзгергіш болған соң, орыс тіліндегі сөздердің дыбыстарына сәйкестеп әріп алуға болмайды. Дыбысқа сәйкестеп әріп алынбаса, сөздің жазылуы мен айтылуы бөлектенбей қала алмайды».
-«...бізде сөздің ішіндегі дыбыстарын айыра білу ете керек. Сөздің дыбыстарын дұрыс айыра біліп, оларға арналған әріптерді қоя білудің өзімен де үйренуші емлеміздің аз болса 60-70 пайызын біліп қалады».
-«Біздің жазу жүйемізбен ағылшын, америка, француз жазу жүйесінің арасы алыс. Олардікі қытайдың таңба жүйелі жазуына жақын».
-Сөздің жазылуы мен айтылуының арасы алыстаған сайын емле тәртібі таңба негізіне жақындамақшы. Сөздің айтылуы мен жазылуының арасындағы сәйкестік сайын емле тәртібі таңба негізінен алыстай бермекші.
-«Тұтас сөз» әдіс деген сол «таңбаша үйрету» әдісі болады: бұл әдісше әріппен жазылған сөз таңба мағынасында көрсетіліп, таңба есебінде үйретіледі».
-Сауаттылық негізгі оқу бола ма, жазу бола ма? - әрине, жазу болады... Сауаттылықты оқу мұқтаждығы тудырмаған, жазу мұқтажы тудырған».
-«Жазба білу үшін тілдегі дыбыстарды таный білу керек. Ол дыбыстарға арналған әріптерін тани білу керек. Таныған әріптерін жазу білу керек, жазған әріптерін дыбысымен атай білу керек. Сауаттау әдісі дегеніміз - соны білдіруте жұмсалатын түрлі әдістердің шумағы болады».
-«Жазу - әріптердің сүйретін сала тізу, оқу - әріптердің дыбыстарын айта тізу».
-«Әдісін алғанша қай істе болса қиын болады. Әдісін алған соң, қайсысы да болса оңайланады. Істің шапшаң істелу күйге жету, қайта-қайта істеліп дағдыға айналған кезде болады».
«Сауаттану жас балалардың жүруге үйренгені мысалы: бастапқы кезде балалар айағын бір басып, бір тұрады; онан апыл-тапыл жүруге жарайды. Онан кейін ақырын да болса кәдімгідей жүретін болады. Онан әрі жүгіруге жарайды. Жүгіруге жарағаннан әрі жарысқа түсіп, жүрісті өнер есебінде қолдану дәрежеге жетеді».
-«Әдісін алғаннан кейін батылырақ қимылдайтын болады, онан әрі батылырақ жүретін болады, онан соң қалай болса солай жүретін болып әбден төселеді, төселгеннен әрмен басқалармен жарысып өнер салыстырарлық дәрежеге жетеді».
-«Әдісін алғаннан кейін айырудың да қосудың да қыйындығы жоғалады. Онан әрі тек жаттығу, төселу ғана қалады. Жаттығу, төселу үшін істің қайта-қайта істелуі ғана шарт».
-«Дыбысты әдіспен үйрету жолы... үйретушіге сүйеніш арта, сүйеніш шала безіп үйрету жолы... Бұлай жылжыған уақыт әр қимылды мүшелері өзі істеп, өз басынан кешіріп сезіп, түйіп отырғандықтан, қимыл тетігін тез аңдап, әдісін тез алады».
-«Тұтас сөзді әдіспен үйрету жолына келсек, ол - арбаны өзіне беріп, соған сүйендіріп, өзі қозғалтып, өзін жүргізіп үйрету емес, арбаға тіркеп, біреу сырғытын жүргізіп жіберіп отырып үйрету сияқты».(«Қай әдіс жақсы?» «Жаңа мектеп», 1928, №4, 3-11 бет).
-«Үйрену һәм үйрету ең басында қиын. Балалар оқудың басында қиналмаса, оқудан тауы шағылмай, көңілі қайтып, мұқалмайды; оқуға ықыластанып, оқыған сайын қызығады. Үйретушінің де жігері қүм болмай, ісі ілгері оңай жылжыған сайын, көңілденіп оқытуға жаһады зорайып, шыбыттанады. Оқу барысында қиын болса, балалар миға (ұйыққа) түскен мал сықылды, малтығып жылжи алмай қиналады, үйретуші сүйреп шығара алмай қиналады. Екі жағының да жігері кеміп, шабыты болмайды. Шабыттанып істелмеген іс оңды да болмайды».
«Сондықтан әліппе кітабы оңай болып, оқытқанда балаларды неғұрлым аз қинаса, соғұрлым жақсы болмақшы. Әліппені балалар қиналмай оқып шықса, онан әрі оқуға ықыластанып, талаптары қанат байлағандай көтеріліп, зораймақшы. Осыны ойлап, әліппе оңай болмағын көздеп, бірінші, әліппенің басынан аяғына шейін оңай һәм қысқа сөздерді алдым; қазақ харіптерді оқып шыққанша, балалардың жолында малтыққандай еш қиыншылық ұшырмас. Екінші, бұл әліппеде әр дыбысқа, өзіне деп анықтап, хәріп арналады; олай болғанда бұрынғыдай бір харіп әр түрлі орында оқылмай, қай орында да болса, бір харіп бір-ақ түрлі оқылады; бүл һәм оқуды жеңілдетеді».
-«Сөз ішіндегі дыбыстарды балаларға айырту үшін әуелі бір буынды сөздер алынады. Мұнан соң екі буынды сөздің ішіндегі дыбыстарды айыруды үйрету, бұл арада балаларды сөздің буынымен таныстыру керек. Ол үшін екі буынды, үш буынды сөздерді алып, созып айту. Созып айтқанда, сөз буын-буыннан бөлініп естіледі. Сөз ішінде неше буын бар екенін білу балаларға қиын болмайды».
-«Осындай бірнеше сөзді созып айтып, қай сөзде қанша буын бар екенін айыруды біледі. Сөзді буындап бөлуді білгеннен кейін, мүғалім екі буынды, үш буынды алып, әуелі әр сөзді буын-буынмен бөлдіріп, әр буындағы дыбыстарды айыртқызып, сонан соң, тұтас сөздің ішінде қанша һәм қандай дыбыс барлығын көрсетеді. Өзге екі буынды, үш буынды, төрт буынды сөздердің дыбыстарын айырту үшін осылай істеу (керек)».
-«Балалар сөзді буындап бөле білгеннен кейін, сөздің әр буынындағы дыбыстарды қосып сөз айтуды үйрету. Бұл үшін әуелі дыбыстарды емес, сөздің буындарын бөлек-бөлек айтып, оларды қосқызын сөз айтқызу».
-«Сөздің ішіндегі дыбыстарды айыра һәм қоса білуге аз болса жеті, көп болса екі жеті уақыт керек. Балалар әбден білгенше асығып харіп көрсетпеске керек. Балалар сөздің буындарын һәм дыбыстарын қосып үйренгеннен кейін, харіптерді көрсету».
-«Жазу дегеніміз - дыбыстың таңбасы. Әр дыбыстың әр елдің таңбасындай таңбасы болады. Таңбасына қарап қай дыбыс екенін танимыз».
-«Бірден қосып оқи алмаған жерлерде сөздерді буындап бөліп қосқызады. Мұнан арғы сабақтардағы харіптерді үйрету жөні һәм реті осылай болады. Яғни әр жаңа харіп әуелі сол жаңа харіп ішінде келетін қысқа-кысқа сөздерді айтып, дыбысын айырту. Екінші, үйрететін дыбыстың харіпін кеспе әліппеден алып, яки тақтайға жазып көрсету; үшінші, ішінде сол харіп бар сөздерді оқыту, жазғызу; төртінші, жазғандағы қателерін балалардың көзінше түзету».
(«Баяншы», Қазан, 6-шы мемлекеттік баспа, 1920 ж.)
-«Жалқылау әдіс - жалпылау әдіске қарсы жөндегі әдіс. Жалпылаудың асылы ұсақтан ірілету болса, жалқылаудың асылы - іріден ұсақтау».
-«Мұның тәсілі жеке балаларды оқытуға жараса да, мектепте көп баланы оқытуға жарамсыз болып шыққан. Негізгі кемшілігі сөзді жаттығу, сөз әріптен, буыннан мағыналы, балаларға түсінікті болғанмен, не үшін былай «ат» етіп сызған нәрсе ат болып оқылуға тиістілі, онысы балаларға түсініксіз, сондықтан бұл әдіс те іске асып жарымайды, бірақ жалқылау әдіс пікірі өшпейді».
-«Баулу мектеп Европа мен Американың мәдениеті мен байлығы бойлап өсіп, аспанға таласқан, басына қырағы зейін барын салған, қырын ұясы сияқты төрдегі».
-«Баулу мектеп бала тәрбиелеу жүзіндегі көсемдердің көңіліндегі іздеген мүддесі көздеген мұраты есебінде жүрген мектеп еді.
-«Баулу» деген сөз жаңа мектептің атына да, затына да дөп келеді. Баулу мектепте балалар «баулу» түрде үйретіледі. Қазақ тілінде «баулу» деген сөз үйретудің қай түрінде айтылады. Мұнда да «баулу» үйретудің сол түрінде айтылады».
-«Қазақ тәртіптеп мектеп ашып, тәрбиелеп бала үйреткен жұрт емес. Сондықтан қазақта бала үйрету тарихы да қысқа. Сол қысқа тарихында да бала үйрету түрін, жұрттың керек қылуына қарай, байқаймыз... мәдениет есігінде отырған шағында, олардың да бала үйрету «баулу» түрде болған. Олар да бала үйретудің «өлі оқу» түрін де бастарынан кешірген. Олар да «өлу оқуды» жандандыру үшін төте оқу түрінде түскен. Онан бері келе «төте оқуды» да жандандыру үшін көрнекті оқу түріне түскен. Ақырында қайтадан «баулу» түрге түсіп отыр».
-«Бұрынғы «баулу» мен бұл күндегі «баулудың» түрі бір болғанмен сыры бір емес, өйткені ол күндегі тұрмыс түрі бұл күндері тұрмыс түрі емес, тұрмыс түрі басқа соң, баланы баулығында үйрететін іс түрі басқа болады... Солай болған соң бұрынғы «баулу» мен бүгінгі «баулудың», тек түрінің бірлігі болмаса, істері басқа. Олай болса, қазіргі «бала үйрету» қайта жайылу емес. Табиғи жолынан лағып шығып кеткен, үйрету беттің ілгергі алдын түзету болады».
-«Өлі оқу», «төте оқу», «көрнекті оқу» бәрінің асылы - оқу. «Оқу» біткеннің бәрінен алатын білім - өлі білім. Өйткені оның бәрі де нәрсенің өзімен, затымен айналыстырып үйретпей, тек нәрсенің атымен, пернесімен ғана айналыстырып үйретеді. Бәрі де істің әдісін үйретпей, тек мәнісін үйретеді. Сондықтан «оқу мектептерінен» шыққандарда мәніс білім мол болғанмен, әдіс білім аз болады».
-«Әдіссіз тек мәніс білім - өлі білім. Тіршілік - тірлік шарасы. Тіршілік шарасына үйретілген білім тірі болу керек. Ондай білімді адам мен әдіс білімін қатар үйренгенде білмек».
-«Ұлы істердің әдісі де ұлы болады. Ұлы әдісті үйрету де, үйрену де қиын болады. Ұсақ істің істеу мәнісін білгенмен істеу әдісін білмей, дұрыстап істеуге болмаса, ұлы істі дұрыстап істеуге бола ма?».
-«Нәрсеге ісің түсіп қарағанда байқаудың түспей қарағандығы байқаудың екеуі бірдей болмайды... Тоғай толының жайын тамашалай аралағаннан құрықша іздеп аралағанда әлбетте жақсырақ білсек керек».
-«Өлі оқудан» көрі - «төте оқу» беретін білім жандырақ, «төте оқудан» көрі - «кернекті оқу» беретін білім жандырақ. «Баулу» беретін білім бәрінен де жандырақ. «Баулу» асылында дағдылы мағынадағы «бала оқыту» емес, тіршілік ісіне тікелей түсіру».
-«Баулу мектеп» нәрседен нәрсе жасап товар қылып шығаратын фабрика, завод сияқты да орын емес, өзінен өзі әсерлік жағдай жасап, бәрін даяр күйінде беріп, балапан шығаратын жұмыртқа сияқты да орын емес, ұйым түрінде іс қылып, іс жүзінде біліп алып, еңбекті сүйетін шын еңбекші болып, ұшқанда алатын нәрсесіне ұяда баулығын қыран баласы сияқты жастар шығаратын орын».
-«Қазаққа керек оқу екі түрлі: бірі - мұсылманша оқу, бірі -русша оқу. Осы күні алты-жеті жыл русша оқығандарымыз дұрыстап русша сөйлей алмайды һәм жаза алмайды. Ондай уақыт оқуға жалпақ жұрттың бәрінің қолы жете алмайды».
-«Мұсылманша оқуға, мұсылманша болғанда қазақша оқуға, оншама көп жыл керек емес. Не үшін десеңіз, русша оқығанда уақыттың көбі тіл үйренуге кетеді. Қазақша оқығанда тіл үйренуге кететұғын уақыттар басқа нәрселерді үйренуге керек уақытқа ауысады».
-«Сондықтан русша 6-7 жыл оқып білетұғын білімдерді қазақша үш жыл оқып білуге болады. Русша оқып дұрыстап хат жаза білуге аз болса 8-9 жыл керек. Қазақша дұрыстап хат жаза білуге бір-екі-ақ жылдық. Қазақша оқу дегенде мен осы күнгі мұсылманша оқып жүрген оқуды айтпаймын, қазақтың тілімен оқуды айтамын».
-«Бұл күнгі мұсылманша оқып жүрген жылдың бұлғалаң-жырғалағы көп, онымен жүріп хат жаза білуге жеткенше русша білуден уақыт кем кетпейді. Себебі қазақ тіліменен оқытпай, ноғай, түрік, фарсы, араб, тілінде жазылған кітаптар араласып бас қатып, ми ашып, балалар әуре-пәуре болады».
-«...оқу керектігі даусыз болса, оқуға керек құралдары сайлау керектігі де даусыз».
А.Байтұрсынұлының тіл танудағы еңбектерін бастауыш сынып оқушыларына таныстыруда төмендегідей тәлім-тәрбиелік мүмкіндіктері және оқыту барысында ғұламаның өзі негізін салған әдіс-тәсілдер пайдаланылды.
1 сынып
Әрбір әріп, белгілі бір дыбысты белгілеу керек, әріп пен дыбыс сәйкестігінің болуы керек деп араб алфавитіне өзгеріс жасап, жаңа алфавит қосып өзгерістер жасады. Бұл қазақ тіліндегі дыбыстар жүйесін толық және дәл таңбалауда істеген үлкен өзгеріс. Бұл қазақ тілінің дыбысына орай бейімделген өзгеріс. Осы, алфавит негізінде тұңғыш "Әліппе" жасап шығарды. Бұл қазақ тілінің әріптері мен дыбысын беретін алғашқы әліппесі еді. Сондықтан "Ахаң- әліппе атасы". Бұл сауатсыздықты жоюға, алфавит, әріп мәселесін шешуде ұлттық жазу таңбасының керектігі мен оқулық мәселесін шешу керектігіне байланысты - ісі.
2 сынып
Ахаң өзі түрлеген жазу үлгісі негізіндегі сауат ашуда тек оқушыларға ғана емес, үлкендер сауаттандыруда үлкендерге де арнап кітап шығарды. Ахаң - әліппенің атасы. Ахаң - қазақ тілінің реформаторы. Оның көптеген өзекті мәселелерінің ішінен бірінші кезекке қойғаны - жазу, оқу мәселесі. Оған себеп: халқының сауатсыздығы, қараңғылығы. Қайтсек оқу, жазу ісін алға қоямыз деп жұмыс істеді. Араб алфавитіне реформа жасады. Енгізген өзгерісі: оның араб графикасы негізінде жасаған алфавитінде 24 әріп бар. Осы 24 әріптің ішінен араб жазуынан 16 таңба дайын күйінде алынған. 8 таңбаны өзі қосқан. А.Байтұрсынұлы - графикасының таза араб жазуынан басты айырмашылығы - ондағы дыбыстар созылыңқы, қысқа деп бөлінбестен, әрқайсысы жеке әріп түрінде таңбаланды. Бұл өзгерістері алфавитті көп жеңілдетті, оқуға жазуға көп оңай болды. Бүл жазуды кезінде төте жазу деп атады. Оны халық 1929 жылға дейін қолданды. Сөйтіп Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тілінің дыбыстық жүйесін толық бере алатын алфавит жасады.
3 сынып
Сауатсыз халықтың болашағын ойлап, жаны күйзелуі сауатсыздықты жою үшін алдымен алфавит мәселесін, әріп мәселелсін дұрыс жолға қою керектігіне көз жетеді. Сөйтіп, қазақ балаларының өз ана тілінде сауат ашуына көп күш жұмсайды.
Қазақ тіліндегі дыбыстар жүйесін толық және дәл таңбалау үшін араб әріптерін қазақ тілінің дыбыстарына бейімдеп қазақ тіл білімінің негізін салады. "Әрбір әріп белгілі бір дыбысты белгілеу керек, әр дыбыстың жеке өз таңбасы болуы керек" деп есептейді. Сондағы әріп пен дыбыс сәйкестігі дұрыс болады, жазуымыз, графикамыз жүйелі болады деп есептейді.
Ахаң - қазақ тілінің атасы. Төл грамматикалық терминдерді қалыптасырғанын. Зат есім, сын есім, сан есім, бастауыш, баяндауыш, пысықтауыш, сөз таптары, сөйлем мүшелері, дыбыс, әріп, дауысты, дауыссыз т.б. теминдерді тілімізге орнықтырған - Ахаң. Мұндағы "Тіл - құрал" еңбегінің ролі зор болды.
4 сынып
Жас ұрпақтың сауатын қазақша ашатын ұлттық жазу таңбасының керектігін ұғады. Араб жазуы таза сол күйінде қазақ тілі үшін қолайлы еместігін байқап, оны қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне икемдеп, (8 таңбаны алып тастап, қайта өз жанынан қосып) қайта түзетуді қолға алады. Пікірлерін 1910 ж. "Айқап" журналы мен "Қазақ" газеті беттерінде білдіреді. Бұл пікірді барлық зиялы қауым бірдей қабылдамайды. Кейбіреулері: "Араб жазуын мүлдем алып тастап, басқа алфавитті алу керектігін айтады. Кейбір авторлар араб жазуының қазақ тіліне керек еместігі - онда дыбыстың аздығын, оны басқа алфавитпен ауыстыру керек, не жаңа алфавит жасау керек" дейді.
Кейбіреулері: Алфавиттің халық мұқтажын өтеп отырғандығын, қаншама ғасыр пайдаланып келе жатқан жазуды алып тастауға болмайтындығын, оған халықтың жағдайы да, жайы да келмейтіндігін, бұл жазуға тек өзгерістер енгізу керектігін сөз қылады. Міне, сөйтіп сол кездің өзінде халқының қамын ойлаған азаматтар болды. Барлығының арманы, мақсаты қайтсек елімізді түзейміз, қайтсек оқу, жазу ісін алға қоямыз деген ойлар еді. Бұл ойларынан, тілектерінен А.Байтұрсынұлы шықты. Байтұрсынұлы - араб жазуын мүлдем алып тастап, басқа алфавитті алуға қарсылығын білдіреді. Сөйтіп, 1912 жылы Орынборда "Әліппе" бастырып шығарды. Кейін А.Байтұрсынұлыны араб қолдауы - ислам дінін уағыздағандай болып көрінді, оны "ұлтшыл" деп, "халық жауы" деп айыптады. Ол ислам дінін уағыздауды көздеген жоқ. Керісінше А.Байтұрсынұлы қазақ тілінің дербестігін, тазалығын сақтауды қатты қолдаған адам еді.
Кесте 3
А.Байтұрсынұлының тіл жөніндегі еңбектері бойынша адамгершілік тәрбие беру
Тақырыбы
|
Педагогикалық мүмкіндіктер
|
Әдіс-тәсілдер
|
білімділік
|
тәрбиелік
|
дамыту
|
1
|
Әрбір әріптін белгілі бір дыбысты белгілеуі, әріп пен дыбыс сәйкестігінің болуы керектігі, араб алфавитіне өзгеріс жасауы, мұның қазақ тіліндегі дыбыстар жүйесін толық және дәл таңбалауда істеген үлкен өзгерісі екендігі. Осы алфавит негізінде түңғыш - "Әліппе" жасалуы, бұл қазақ тілінің әріптері мен дыбысын беретін алғашқы әліппесі. Мұның сауатсыздықты жоюға, алфавит пен әріп мәселесін шешуге, үлттық жазу таңбасының керектігі мен оқулығы мәселесін шешудегі ісі.
|
өз ана тілінің дыбыстық, таңбалығық бейнелеудегі Байтұрсынов еңбегін құрметтеу, тілге құрмет көрсету, өз ана тілін сүю, жалпы азаматтық құндылықта рды бағалай білу және оған құштарлығын арттыру
|
дыбыстарды, таңбаларды ажырата білу, олардың қай жерде орналасқанъша қарамай ажырата білу, "Әліппе атасы" А.Байтұрсынов екендігі, оның қазақ тілін таңбалаған, негізін қалған ғалым екендігі.
|
қазақтың түрмыс-салтывда, түрмыс тіршілігінде, ауыз әдебиетінде пайдаланатын сөздердің ішінен, бейнелеу өнерінде; тіл мерекелігі, апталығында пайдалану; "Әліппемен қоштасу" мерекелігінде пайдалану
|
1 сынып
|
Ахаң өзі түрлеген жазу үлгісінде тек, оқушыларға ғана емес, үлкендерге де арнаған. Ахаң - әліппенің атасы, қазақ тілінің рефор-маторы. Араб алфавитін реформа жасауда 16 таңба-ны дайын күйінде, 8 таңба-ны езі қосқан. А.Байтұрсы-нов графикасының таза айырмашылығы — созылыңқы, қысқа деп бөлінбестен әрқайсысы жеке әріп тү-рінде таңбалануында. "Төте жазудың" қазақ тілінің ды-быстық жүйесін толық беруі
|
қендылық-тарды құр-меттеуге, оны бағалай білуге; тап-қырлыққа мейірімді-лікке, тез шешім қа-былдауға, көрсетуге, оны сүюге
|
ой-өрісін, тал-ғамын дамы-тады, таңбала-ну ерекшелік-терін түсінуге, салыстырмалы түрдегі "Төте жазу" мен "Қазіргі қазақ тілі" таңбала-рының айыр-машылығын білуге
|
Апталық ме-рекеліктерде, өз бетінше жұмыс істеу-де, Ахмет мүрасының қүндылық-тарын пайда-лана білуде, оны айта білу.
|
2 сынып
|
|
|
-машылығын білуге
|
|
3 сынып
|
Сауатсыз халықтың бола-шағын ойлап, сауатсыздық-ты жоюда алфавит мәселесін, әріп мәселесін дұрыс жолға қою керектігіне көз жетеді. Қазақ тіліндегі дыбыстар жүйесін толық және дәл таңбалау үшін араб әріптерін қазақ тілінің ды-быстарына сай бейімдеуі. "Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тілінің - атасы", "Тіл-құрал" еңбегінің маңызы.
|
Еңбек сүй-гіштікке, ті-лін қорға-ған, оны жасаған Азамттарды құрметтеуге, сүюге, қас-терлеуге, өз ана тілін сүюге баулу
|
ой-өрісін, тал-ғамын. Ана тілі жөніндегі күрес тарихын білуге, қүш-тарлығын арттыру
|
ана тілі ап-талығында әңгімелей білуге, "Қа-зақ" газетін-де алған әсерлерін баяндай бі-луге, маз-мұңдама жазуда пай-далана білуге
|
4 сынып
|
"Қазақ тілінің реформато-ры", тіл жөніндегі пікірле-рін "Айқап", "Қазақ" газет-терінде білдіруі, А.Байтұр-сыновтың араб жазуын қолдауы, оған өзгеріс енгі-зуге ұсынысы және өзгеріс жасауы, "Ахмет Байтұрсы-нов қазақ тілінің негізін салушы".
|
Табандылық-қа, Отансүй-гіштікке, ана тілін қорғай білуге, тілге құрмет көр-сетуге
|
қиялын, есте сақтауын, ерекшеліктер ді түсіне білуін, білуге құштарлығын арттыру
|
пікірін "Қа-зақ" газетін-де білдіруге, әңгімелеуге, апталықта, мерекелікте А.Байтұрсы-новтың тіл жөніндегі мұрасын насихатгау
|
3 сыныпта «Әліппенің атасы» атты тақырыпты өткенде А.Байтұрсынұлының бастауыш оқушылары үшін үлкен еңбек еткенін оқушылар түсіне білді.
2 сынып
|
Ахаң өзі түрлеген жазу үлгісінде тек, оқушыларға ғана емес, үлкендерге де арнаған. Ахаң - әліппенің атасы, қазақ тілінің реформаторы. Араб алфавитін реформа жасауда 16 таңбаны дайын күйінде, 8 таңбаны өзі қосқан. А.Байтұрсынұлы графикасының таза араб жазуынан басты айырмашылығы — созылыңқы, қысқа деп бөлінбестен әрқайсысы жеке әріп түрінде таңбалануында. "Төте жазудың" қазақ тілінің дыбыстық жүйесін толық беруі
|
құндылықтарды құрметтеуге, оны бағалай білуге; тапқырлыққа мейірімділікке, тез шешім қабылдауға, тілге құрмет көрсетуге, оны сүюге
|
ой-өрісін, талғамын дамытады, таңбалану ерекшеліктерін түсінуге, салыстырмалы түрдегі "Төте жазу" мен "Қазіргі қазақ тілі" таңбаларының айырмашылығын білуге
|
Апталық мерекеліктерде, өз бетінше жұмыс істеуде, Ахмет мұрасының құндылықтарын пайдалана білуде, оны айта білу.
|
3 сынып
|
Сауатсыз халықтың болашағын ойлап, сауатсыздықты жоюда алфавит мәселесін, әріп мәселесін дұрыс жолға қою керектігіне көз жетеді. Қазақ тіліндегі дыбыстар жүйесін толық және дәл таңбалау үшін араб әріптерін қазақ тілінің дыбыстарына сай бейімдеуі. "Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тілінің - атасы", "Тіл-құрал" еңбегінің маңызы.
|
Еңбек сүйгіштікке, тілін қорғаған, оны жасаған Азамттарды құрметтеуге, сүюге, қастерлеуге, өз ана тілін сүюге баулу
|
ой-өрісін, талғамын. Ана тілі жөніндегі күрес тарихын білуге, құштарлығын арттыру
|
ана тілі апталығында әңгімелей білуге, "Қазақ" газетінде алған әсерлерін баяндай білуге, мазмұндама жазуда пайдалана білуге
|
4 сынып
|
"Қазақ тілінің реформаторы", тіл жөніндегі пікірлерін "Айқап", "Қазақ" газеттерінде білдіруі, А.Байтұрсынұлының араб жазуын қолдауы, оған өзгеріс енгізуге үсынысы және өзгеріс жасауы, "Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тілінің негізін салушы".
|
Табандылыққа, Отансүйгіштікке, ана тілін қорғай білуге, тілге құрмет көрсетуге
|
қиялын, есте сақтауын, ерекшеліктер ді түсіне білуін, білуге құштарлығын арттыру
|
пікірін "Қазақ" газетінде білдіруге, әңгімелеуге, апталықта, мерекелікте А.Байтұрсынұлының тіл жөніндегі мұрасын насихаттау
|
3 сыныпта «Әліппенің атасы» атты тақырыпты өткенде А.Байтұрсынұлының бастауыш оқушылары үшін үлкен еңбек еткенін оқушылар түсіне білді.
Сабақтың тақырыбы: «Әліппенің атасы»
Сабақтың мақсаты: Бастауыш саты оқушылары үшін оқулықтар жазған А.Байтұрсынұлының еңбектерімен таныстыра отырып, оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру.
Сабақтағы көрнекіліктер:
-А.Байтұрсынұлының суреті; ғұламаның «Әліппесі»;
Көрнекі сөздер: «Ахмет Байтұрсынұлы - Әліппенің атасы»
«Адамдық диқаншысы қырға шықтым,
Көлі жоқ, көгалы жоқ, қырға шықтым.
Тұқымын адамдықтың шаштым, ектім,
Көңілін көтеруге қүл халықтың.»
А.Байтұрсынұлы
«Әліппенің атасы» атты сабақты өтпес бұрын оқушынарға ата-аналарымен біріге отырып А.Байтұрсынұлы туралы мағлұматтарды оқып келу тапсырылды. Сабақтың бастапқы кезеңінде оқушылардың өздері оқып жүрген оқулықтарының авторларының аты-жөндерін жатқа білу тапсырылды. Аталған тапсырмалардан байқағанымыз оқушылар өздері күнде пайдаланып, оқып жүрген авторлардың аты-жөндерін білмейтіні айқындалды. Сондықтан, А.Байтұрсынұлы мұраларымен, оның «Әліппелерінің» мазмұнымен таныстыруда ата-аналарының да кемегі пайдаланылды.
Сабақ барысында оқушыларға төмендегідей сұрақтар қойылды:
1. «Қазақ хрестоматиясы » оқулығын кім жазды?
2. Оқулықтың алғашқы беташары қалай басталады?
3. А.Байтұрсынұлы алғашқы «Әліппені» қашан жазды?
4. «Әліппедегі» алғашқы беташар сөз?
5. Оқушыларды қандай өлеңмен оқу, білімге шақырады?
6. А.Байтұрсынұлының «Әліппесі» қанша рет басылып жарияланды?
7. «Әліппенің» мазмұнында қандай тақырыптар берілген?
8. А.Байтұрсынұлының өздеріңе арнаған оқулығы ұнайма?
Осы сұрақтарды қоя отырып және А.Байтұрсынұлының «Әліппесіндегі» аддын-ала бөлініп берілген тақырыптар бойынша түсініктері, білімдік және тәрбиелік дәрежелері айқындалды.
Әсіресе, мұғалім сабақты қорытындылау барысында А.Байтұрсынұлы «Әліппесіндегі» тақырыптар бойынша«Менің сүйікті құстарым», «Туған өлкем», «Біз тоғайға барғанда»,«Менің атам мен әжем», т.б. тақырыптар бойынша мазмұндама жазғызып, олардын дүниетанымдық іс-әрекетін дамытты.
Сонымен, А.Байтұрсынұлықа арналған «Әліппенің атасы» атты. сабақта оқушылар ғүламаның «Әліппесі», ондағы қаралған мәселелер, тақырыптар бойынша мағлұматы болды. «Әліппедегі» тақырып бойынша өздеріне берілген тапсырманы түсініп, еркін талдай білді.
Бастауыш мектепте А.Байтұрсынұлы мұраларымен қатар, оның замандастарының еңбектерінің оқытылу мүмкіндікгері қарастырылды. Мысалмен «Әліппе» оқулығында Ж.Аймауытовтың «Торғай мен қарлығаш» атгы әңгімесі біраз ықшамдалып енгізілген. Бұл материал шәкірттер өріптермен толық танысып болған соң, оқыту сауаттылығын меңгеру кезінде оқытылады.
Әңгімені оқыту үшін мүғалім жазушының шығармада алға қойған мақсатын, тақырыбы мен идеясын дұрыс түсініп сабақта қолданылатын оқытудың әдістемелік амал-тәсілдерін қарастырады. Жазушы шығармада ынтымақ, бірлік, ұйымшылдық секілді адам баласына қажетті ізгі қасиеттерді суреттейді. Мысалды балаға таныс күнделікті өмірден, айнала қоршаған ортада алған. Яғни, шағын әңгімеде құстар әлемі сөз етіледі. Торғай, қарлығаш сияқты қүстардың тіршілігін сипаттай отырып, жас буынның танымдық кез қарасын дамытумен бірге оларды ынтымақта ауызбірлікте болуға тәрбиелейді. Солай еткенде ғана, өзгеге кіріптар болмайтындығы айтылады.
Жазушы ойын жеткізу үшін сабақты төмендегідей етіп жүргізді.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды оқуға дағдыландыру, тілін, ойын дамыту. Оларды ынтымақ, бірлікке, үйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың кернекілігі: Ж.Аймауытовтың суреті, шығармалар жинағы, торғай, қарлығаш, оның ұясының суреттері, кесте, плакат, мақал-мәтелдер.
Сабақтың барысында мүғалім әңгімені мәнерлеп, сөзбен жайлап түсінікті етіп оқиды. Арада кездесетін оқушылардың үғымына ауыр, түсініксіз деген сөздердің мән-мағынасын ауыз екі тілде түсіндіреді.
Мысалы: сүрлеу - ұяның шеті, жиегі деген мағынада; баттау - бірінің үстіне бірі қатталып лайдың, балшықтың қалындап жағылуы».
1-сынып сабағында мүғалімнің әрбір сөзі қысқа, нақты болып дәлелді оқиғаға құрылу керек. Жеңілден қиынға, жекеден жалпыға деген педагогикалық қағиданы ұстап отырмаса, оқушы зерігіп тез шаршайды. Бірте-бірте білімге деген ынтасы мен қызығушылығы төмендейді. Мұны бастауыш сынып мұғалімі әрдайым есінде ұстауы керек.
Мазмұнымен қатар әңгімеге қатысушы кейіпкерлер мен оқиғалар баланың ойында тез сақталып, сабақты оңай меңгеруіне жағдаі. жасайды.
Әңгіменің мазмұны осындай әдіспен түсіндіріледі. Содан кейін мынадай сұрақтар жазылған плакат, кесте тақтаға ілініп, сабақтың мазмүны сұралады.
І. Ұя қай құстікі еді ?
2. 0ны қай құс иемденіп алды ? Оныкі дұрыс па?
3. Қарлығаштар басқыншы торғайдың қорлығына қандай амал-әрекет қолданды?
4. Қарлығаштардың мұндай іс-әрекеттерімен қандай ой түюге болады?
5. Автордың айтайын деген ойы не? Кестедегі сұрақтарға жауап алынады. Әрине, бірінші сынып оқушысы оған дәл,нақты жауап бере алмауы мүмкін. Ондай жағдайда мүғалім өзі толықтырын отырады. Осылайша бірте-бірте сөйлеу тілін жетілдіріп, ойын дамытуға дағдыландырады. Енді сабақтың екінші кезеңінде, яғни тәрбиелік мақсатын түсіндіруге көштік. Бұл үшін тақтаға мынадай кесте ілінді:
Әңгімедегі ынтымақ, бірлік, ұйымшылдық туралы.
Мақалдар: І. Ырыс алды-ынтымақ. 2. Бірлік болмай - тірлік болмас. Мұғалім сабақты қорытындылай келе: - Міне, сендер әлі -ақ өсіп ер жетесіндер, өмірге араласасындар. Алдарыңнан не бір қиыншылықтар, асу белестер кездесуі мүмкін. Ондайда достарыңмен тату, бірлікте болсаңдар, кездесетін қиыншылықты оңай жеңіп шығасыңдар, - деп, оқушылардың өмірде кездесетін қиыншылықтардан құтылу жолдарын көрсетіп,олардың белсенділік іс-әрекетін дамытады.
А.Байтұрсынұлы мұраларын пән сабақтарында және сыныптан тыс жұмыстарының негізінде іс-шараларды ғылыми-педагогикалық тұрғыдан жүйелеу барысында:
1. XX ғасырдың басындағы ұлттық педагогиканың негізін салушы зиялы қауымның мұраларын бастауыш мектепте оқытудың әдіс-тәсілдері нақтыланды.
2. Зиялы қауымның еңбектерінің өзара сабақтастығы керсетілді.
3. А.Байтұрсынұлы мұраларын сыныпта және сыныптан тыс уақытта жүргізудің әдіс-тәсілдері қарастырылды.
Достарыңызбен бөлісу: |