Тәрбие сағаты
|
Қазақ халқының ұлы баласы - Ыбырай Алтынсарин
|
Мақсаты:
|
Ы.Алтынсарин туралы түсініктерін кеңейту, шығармаларымен таныстыру, білімге деген ынталарын , құлшыныстарын арттыру.
|
Көрнекіліктері:
|
Ы.Алтынсарин портреті, суреттер, постер, маркер.
|
І.Ұйымдастыру бөлімі.
|
Мұғалімнің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Ой қозғау
|
Ассоциация құру
|
Ыбырай ағартушы, кемеңгер, жазушы, көшбасшы, кемел тұлға, т.б. жазады.
|
Мағынасын ашу
|
Ыбырай балалық шағы.
Жылдар сөйлейді.
1841 жылы 20 қазанда Қостанай облысы Затабол ауданында туған.
1850 жылы Орынбордағы қазақ балаларына арнап ашылған жеті жылдық орыс-қазақ мектебіне барған.
1857 жылы «өте жақсы» деген бағамен бітірген.
1859 жылы Орынбордағы шекаралық комиссияға тілмаш болған.
1860 жылы Торғай мектебінде мұғалім болып тағайындалады.
1864 жылы Торғайдағы мектепті ашады.
1876 жылы Петербург ,Қазан қалаларына барады.
1879 жылы «Қазақ хрестоматиясы» Орынборда басылып шығады.
1879 жылы Торғай облысы мектептерінің инспекторы қызметіне тағайындалады.
1881 жылы Орск қаласында тұңғыш мұғалімдер мектебі ашылады.
1879-1883 жылдары Торғай қаласының төрт уезінде (Торғай, Ырғыз, Троицк, Ақтөбе) мектептер ашылады.
1883 жылы Торғайда қолөнер мектебі ашылады.
1887 жылы Ырғызда тұңғыш қыздар мектебі ашылады.
1889 жылы ауыр науқастан 48 жасында қайтыс болады.
Слайдпен жұмыс.
Ыбырай өлеңдері. Қай өлеңдерінен үзінді?
Кел балалар оқылық!
Сиса көйлек үстінде
Тоқуменен табылған,
Сауысқанның тамағы
Шоқуменен табылған.
Ыбырай әңгімелері .
Өнер- білім бар жұрттар
Адамды құстай ұшырды,
Мал істейтін жұмысты
От пен суға түсірді.
Отынсыз тамақ пісірді,
Сусыздан сусын ішірді.
Бұл кім?
Бала, бала ,бала деп,
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған.
Өзен
Таулардан өзен ағар сарқыраған,
Айнадай сәуле беріп жарқыраған.
Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта,
Аралап тау мен тасты арқыраған.
|
Оқушылар слайд бойынша ағартушының өмірбаянымен танысады.
Оқушылар үзінділер қай өлеңнен екенін табады.
|
Ой толғаныс
|
Ыбырай әңгімелері. Көрініс «Әке мен бала»
Сұрақ:
1.Әңгіме неге әке мен бала деп аталған?
2.Негізгі тақырыбы неде?
3.Баланың қандай қылығын байқадыңдар?
4.Әкесінің баласына айтқан ақылы қандай?
5.Сендер баланың орынында болсаңдар не істер едіңдер?
6.Әңгімедегі әкеге мінездеме беріңдер.
7. еңбек туралы қандай мақал мәтел білесіңдер?
Шығармашалық жұмыс. Әр топқа 1-1 әңгіме беріледі.
«Асыл шөп» әңгімесінде – сабырлық, шыдамдылық, төзімділік , ұстамды болуға үйретеді.
«Бір уыс мақта» әңгімесінде –үнемдеуге, ысырапшыл болмауға, барды пайдаға асыруға, т.б. үйретеді.
Бала бойындағы жаман қылықты қисық терекке, әкесінің бойындағы жақсы мінезді түзу терекке жазып жапсыра қойыңдар.
|
«Әке мен бала» әңгімесінен көрініс көрсетеді. Оқушылар пікірлеседі.
Оқушылар әңгімелері бойынша постер құрады.
Теректерге баланың бойындағы сөзді екі ету, қанағатшыл болмау ,т.б. жаман қылықтарын жазып , стикермен жапсырады.
|
Қорытынды
|
Көрмеге тоқталу.
Қорытынды. Халқымыздың ұлы перзенті , қазақ жерінде оқу-ағарту ісін жүзеге асырған зиялылар көшбасшысы , тұңғыш халық ағартушысы , қоғамда өзгерісті жасау жолында талмай күресіп, ел игілігі үшін жан аянбай еңбек етудің үлгісін көрсеткен , ХІХ ғасырдың екінші жартысында шолпан жұлдыздай жарқырап әлем көгіне шыққан , ұлт тарихында аты мәңгі өшпейтін кемел тұлға –Ы.Алтынсарин қоғамдық ой-пікірдің өркендеу тарихында үлкен орын алған педагог, демократ.
Бүгінгі шарамызда Ы бырай атамыздың әңгіме, өлеңдерімен таныстық. Қорытынды жасай қойыңыздаршы бүгінгі танысқан Ы.Алтынсарин шығармаларындағы басты тақырып не? Қандай тақырыптарға аса мән берген? Өзіңіздің ойларыңды бір ауыз сөзбен стикерлерге жазып, жүректерге жапсырайық.
Белсене қатысқандарыңыз үшін рахмет.
|
Стикерлерге түйінін жазып, адамгершілік, үнемдеушілік, шыдамдылық, табиғатқа деген сүйіспеншілік, т.б. сөздермен қорытындылайды.
|
Достарыңызбен бөлісу: |