Ахметова ұлжан төлегенқызы орынбор ғылыми мұрағаттық комиссиясының құрылуы және қызметі



бет17/32
Дата25.01.2022
өлшемі0,51 Mb.
#114191
түріДиссертация
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   32
Байланысты:
Ахметова лжан т леген ызы орынбор ылыми м ра атты комиссиясын (1)

Қорытынды бөлімде диссертацияда алынған нәтижелер нақтыланып, қарастырылып отырған мәселелер бойынша тұжырымдар жасалды. 1887 жылы құрылып, 1918 жылдың маусымында өз жұмысын аяқтаған Орынбор Ғылыми Мұрағаттық Комиссиясы 30 жылдан аса қызметінде XVIII-XX ғасырлардағы тарихымызға қатысты құнды құжаттарды жинақтап, реттеп, мүмкіндігінше ондағы мұраларды ғылыми айналымға шығарып, тарих сахнасынан кеткенімен артына өшпес ізін қалдырды. Көп жағдайда Комиссияның барлық жұмысына ғылыми бағыт-бағдар беру үшін сол кезеңде танымал ғалымдар тартылды. Әр жылдары Комиссия жұмысына түркі тілдес халықтар да қатыстырылды. Дегенмен, олар мұрағат істерін жинастырып, реттеуге, істерді бөлуге жіберілмей, керісінше, ел арасынан материалдар әкелуге, ақшалай көмек көрсетуге, түрлі отырыстарда көтерілетін мәселелерді талқылауға шақырылған.

Сонымен ОҒМК-ның 30 жылдан аса жасаған қызметінің қорытындысында жарияланған 35 рет басылыммен жарық көрген «Еңбектер», мыңдаған ғылыми зерттеулер мен ізденістер бүгінгі ХХІ ғасырға жетті. Мұның барлығы Қазақстанды танудағы жасалған ізгі қадамдар еді. Бүгінде ОҒМК мұрағатындағы құжаттарсыз XVIII-XX ғасырлардағы қазақ тарихын тану мүмкін еместігі анық.

Қазақстанды отарлаған патшалы Ресейдің өз заманында жүргізген саясаты ОҒМК қызметінен де көрініс тапты. Мұрағаттық Комиссияға тікелей қатысты тарихи әдебиеттерді, мұрағаттық құжаттарды саралау барысында төмендегідей қорытындыларға қол жеткізілді:

ОҒМК негізгі мақсат-міндеттерінің бастамалары, оның алғышарттары XVIII ғасыр басында-ақ қаланды. Ресейдің Азия бағытындағы бірнеше ғылыми экспедицияларды, ғылыми қоғамдарды құруы Қазақстанды ғылыми тану ғана емес, сонымен бірге жоспарлы отарлау саясатының шешуші қадамы болды.

XVIII ғасырдың екінші жартысынан бастап Қазақстанды тану Орынбор әкімшілігінің басты жұмыстарының біріне айналып, қазақтар туралы мол мәліметтердің Орынбор кеңсесінде жинақталуымен көзге түсті. Соның нәтижесінде ОҒМК бірнеше жүз мыңнан аса құжаттар жетті.

ИОГҚ-ның Орынбор бөлімі Қазақстанды ғылыми тануда жергілікті қазақтарға белгілі дәрежеде арқа сүйеді. Алғашқы отырысында-ақ бөлім алдына Орынбор өлкесін зерттеу бағдарламасын бекітіп, география, этнография, жаратылыстану, тарих, статистика бағыттарын анықтап алды. Орыс Географиялық қоғамының Орынбор бөлімшесінің жұмысы Қазақстанның толықтай Ресей құрамына енуі кезеңімен тұстас келеді. Әскери күшпен отарлау ендігі жағдайда ғылыми жолмен ашық түрде жалғасын тапты. Оның барлығы болашақ Орынбор Ғылыми Мұрағаттық Комиссиясы қызметінде де айқын көрінді.

ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде патша үкіметі XVIII-XIX ғасырларда Орынбор генерал-губернаторлығы кеңсесінде жинақталған мол тарихи құжаттарды қалыптасқан тәжірибе бойынша жүйелеп, реттеуге шешім қабылдады. Губерниялық комиссиялар патша үкіметінің нұсқауын орындап, империялық мақсат-міндеттердің ауқымымен қызмет жасады.

А.Б. Байтұрсынов және Ғ.Б. Балғымбаев мұрағаттық құжаттарды сұрыптап, реттеп, жинақтауға, қатыстырылмаса да, оның түрлі отырыстарынан, кітапхана мен мұражайынан мол мәліметтер алды. Орынбор қаласы, онда 1913 жылдан бастап жарық көрген «Қазақ» газеті қазақ зиялыларының мақсаты тоғысқан орталық ретінде есептелді. «Қазақ» газеті Орынбор Ғылыми Мұрағаттық Комиссиясының «Еңбектерімен» алмасты. Олар 1887-1918 жылдар аралығында ОҒМК мұрағат істерін қалыптастырумен қатар ғылыми ізденістермен шұғылданды.

ОҒМК қазақтар тарихына, оның әлеуметтік-экономикалық, саяси даму кезеңдерін қамтитын материалдар жинақтады. Сол кезең үшін бай кітапхана мен мұражай ұйымдастырды. Соның нәтижесінде қазақ елі туралы құнды материалдар әлемге таралды.

Мұрағаттық Комиссия мүшелері Ресейдегі бұқаралық ақпараттық құралдармен тығыз қарым-қатынаста болып, Қазақстан және Орта Азия туралы ізденістерін жариялап отырды. Қалыптасқан жаңа тұжырым орыс баспасөзі арқылы кең түрде насихатталды.

ОҒМК патша үкіметі жүктеген тапсырманы толықтай орындап, өзінің мақсат-міндеттерін жүзеге асырды. Өйткені, Комиссия арқылы Ресей Қазақстанды қарусыз, бейбіт түрде ғылыми тұрғыдан отарлауға көшті. Қазақтың бай тарихы бүкілресейлік мұрағаттық жүйеге келтіріліп, сұрыпталып, империялық көзқарасқа қарама-қайшы тұстары сызылып, жойылды.

Қорыта келгенде, Орынбор Ғылыми Мұрағаттық Комиссиясы тарихы – халқымыздың жүріп өткен жолындағы күрделі кезеңдерді айқындайтын белестердің бірі. Сондықтан Комиссия еңбектері біз үшін әрдайым маңызды болмақ.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет