Ақиқаттың адамы /Бердібек Соқпақбаевтың 90-жылдығына библиографиялық шолу



бет1/4
Дата06.11.2016
өлшемі218,84 Kb.
#1123
  1   2   3   4

Ақиқаттың адамы

/Бердібек Соқпақбаевтың 90-жылдығына библиографиялық шолу/

Қазақ балалар әдебиетінің классигі, тамаша жазушы Бердібек Соқпақбаев тірі болғанда биыл 90 жасқа толар еді. «Жақсының өзі өлсе де, сөзі өлмейді» демекші, балалардың сүйікті жазушысы артына «Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат», «Қайдасың, Гауһар» және «Ергежейлілер елі» сынды бірқатар әңгіме, хикаялар қалдырды. Балалардың бал мінезін ішкі дүниесімен жақсы сезіне білген жазушы әрбір шығармасында өзі туып өскен Нарынқол таулы өңір табиғатының жанды суреттерін оқырманға үлкен шеберлікпен жеткізе білген. Б. Соқпақбаевтың әңгіме, повесть, романдары және пьесаларында балғын шаққа батыл саяхаттар жасап, таңдандырып, тамсантып, бал дәурен әсерлерінің қаймағын бұзбай, ақиқаттан алшақтамай, балаға тән қиялдап, өмірдің өз болмысын тебірене толғайды. Оқысаң, еріксіз езу тарттырып, кейде күрсінтіп, терең ойға жетелейді. Лезде кейіпкерлермен етене араласып, олар өзің күнде көріп жүрген адамдардай Беркен, Қожа секілді кейіпкерлерімен жадыңда жатталып қалады... Бердібек Соқпақбаев – қазақ әдебиетінде өзіндік өрнегімен, шындықты қарапайым әңгімелеу арқылы мөлдіретіп, көз алдыңа жайып салатын, кейіпкерлерді даралау мен психологиялық бейнелеудің де өзгеше бір жолын тапқан талантты жазушыларымыздың бірі еді. Жасынан өмір талқысын көп көрген адамның өмірбаяндық деректері оның шығармаларына арқау болды. Ол сол көргендері мен сезінген дүниесін 30-жылдардағы ауылдың ауыр тұрмысы, Ұлы Отан соғысы мен одан кейінгі ауыр кезеңнің шындығына сәйкес жаңартып, ой елегінен өткізіп, типтік орта шындығына лайық типтік бейнелер арқылы аша білді. 

Бүгінде кез келген қазақтың қара баласына Соқпақбаевтың кім екенін түсіндіріп жату артық болар, оның «Менің атым Қожасы»  әрбір үйде Абаймен, Мұхтармен бірге ұлттық қазына ретінде сақталуда десек қателеспеспіз. Повестегі барлық оқиға Қожаның өз атынан сөйленеді, Қожа өзінің бастан кешіргендерін өз достарына баян етеді. Повесть бастан-аяқ юморлық стильде жазылған. Сондықтан ол әрі көңілді, әрі жеңіл оқылады. Бірін-бірі қайталамайтын қысқа-қысқа жазылған әр тарау өз алдына бір оқиға болғандықтан, оқушысын жалықтырмай, алға қарай баурай береді. Повесте оқиға дамуының логикалық байланысы берік ақталған. Қожа мен Сұлтан басындағы аңғалдық істер, олардың сезім, құбылыстары, үйрімді тілмен тартымды баяндалған. Жазушы әр кейіпкерін, соның ішінде Қожа психологиясын бала басында бола беретін, олардың жиі кездесетін табиғи мінездермен нанымды түрде көрсете алған.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет