Қосымша 4 – сыныптағы «Менің отбасым» тақырыбына арналған сабақтың құрылымына назар салайық.
Сабақтың тақырыбы: «Менің отбасым»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тілдік дағдыны қалыптастыру, оқушыларға отбасы мүшелері жайлы екі тілде түсінік беру, тілдік қорын байыту.
Тәрбиелік: Өз ана тілін құрмет тұта отырып, ағылшын тілінің ерекшеліктерін де меңгеру.
Дамытушылық: Тіл үйренушінің логикалық ойлау қабілетін арттыру, ауызекі сөйлеу және жазба тіл мәдениетін жетілдіру.
Сабақ барысында жүргізілетін жұмыс түрлері:
Отбасы мүшелеріне байланысты монитор бетіне шыққан суреттердің екі тілде дұрыс айтылуына назар аударту.
Бұл – менің отбасым. This is my family. Ата – grandfather Әже – grandmother Ана – mother Аға – brother Апа – sister Іні – little brother Қарындас – little sister 1-тапсырма
Киіз үйдің ішінен отбасына байланысты шығып жатқан сөздердің ағылшын тіліндегі баламасын табыңыз. (Ал ағылшын тіліндегі баламасын құлақпен естиді не болмаса ағылшын тілінде сөздер шықса, бала қазақша баламасын табады). Киіз үйден шығатын сөздер – ата, әже, аға, үй, дала, т.б.. 2-тапсырма
Екі тілде берілген диалогты сөйлемдердің дұрыс жауабын тауып көріңізші? (Сұраулы сөйлемдер екі тілде оқылады, бала дұрыс жауабын өзі табуы тиіс).
Сенің анаң нешеде? How old is your mother? Сенің ағаң бар ма? Have you any brother? Сен әкеңмен қайда барасың? Where did you go with your father? Әжеңнің неше немересі бар? Hoy many grandchildren? Жауабы: Мен әкеммен театрға барамын. I went to theatre with my father. Әжемнің үш немересі бар. My grandmother has three. Менің ағам бар. Аты – Хасен. I have a brother. His name is Hasen. Менің анам қырық екіде. My mother is forty two years old. 3 –тапсырма
Есте сақтау арқылы ертегі не фильм үзіндісінен әңгіме жазып көріңіз.
(Монитордың бетіне орыс не қазақ тіліндегі мәтін шығады, бала алдымен сол мәтінді құлаққап арқылы естиді. Мәтін өшіріледі, орнына сурет пайда болады, естіген мәтінін бала сурет арқылы суреттейді).
4-тапсырма
Бос орындарды сәйкес сөздерді тауып, сөздік құраңыз. Сол сөздерді жатқа айтыңыз.
Қазақша Ағылшынша
Ата а grandfather Әже ...................... .......... a father Ана ........................ ........ a brother Қарындас ....................... 5-тапсырма
Төменде берілген сұхбат бойынша рольдік ойын жүргізу керек. Оқушылар мұғалімнің көмегімен мәтінді ағылшын тіліне аударады.