Аѓылшын тілін оќытудыњ ќазіргі замандыќ єдістемесі


Ағылшын тілін меңгертудегі даралық принципі



бет10/18
Дата13.11.2022
өлшемі0,66 Mb.
#157895
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18
Байланысты:
stud.kz-6502

Ағылшын тілін меңгертудегі даралық принципі.
Коммуникативті әдісте оқушы жеке тұлға болып саналады.
Коммуникативті әдісте оқушы жеке тұлға болып саналады. Әрбір оқушының өзіне тән мінез-құлқы болады. Коммуникативті оқытуда олардың бойындағы жеке қабілеттері анықталады да оны әрі қарай дамытуға бағытталады. Осы мақсатта олардың қабілеттерін ашу үшін тестер мен жетілдіру үшін жаттығуларға арналған арнайы құралдар қолданылады.
Адамды дамыту көптеген факторларға байланысты. Соның ең бастысы оқыту кезіндегі қарым-қатынас оқушылардың бірлесе әрекеттесуі болып саналады.
Оқушылардың бірлесе еңбектенуін ұйымдастыру барысында жеке тұлғаның өзіндік қасиеттерін жетілдіру көзделеді. Өйткені, ол жемісті ынтымақтасуға аса қажет.
Коммуникативті әдіс жүйесінде оқу-ғылым мотивациясына қолдау көрсетудің тұтас жиынтығы қарастырылған.
Ағылшын тілін игерудегі оқушылардың дербестігі және олардың ойлау қызметін дамыту принципі.
Бұл әдіс оқушылардың интеллектуальдық қажеттілігіне келіп тіреледі, ал ол тіл үйренушінің ойлау қызметін жетілдіруге итермелейді.
Ойлау міндеттері мынадай ой механизмдерін дамытуға бейім: оқиғаны байғдарлай білу механизмі, кері байланыс белгілерін бағалау мен шешімдер қабылдау, мақсатты анықтау механизмі, таңдау және құрамдастыру механизім.
Бұл әдістемеде, әсіресе, мәселені талқылау процесінде ойлау еркіндігін дамытуға зор көңіл бөлінеді.
Еркіндік бақылаумен байланысты. Коммуникативті оқытуда өзін-өзі бақылау мен өзара бақылау арқылы бақылауды ауыстыруды жоспарлайтын стратегия жиі пайдаланылады.
Ағылшын тілін оқытудағы функциональдық принципі.
Аталған принцип бойынша әрбір оқушы тілді тәжірибелік тұрғыдан ғаан игеріп қоймай, алған білімін қажетті орнында қолдануға икемделуі керек.
Осы принципке сай адамдардың өзара қарым-қатынасы барысында сөйлеу қызметінің бірқатар функциялары зерделенеді.
Функциональдық принципі сәйкес, тіл арқылы орындалатын функциялар меңгеру нысаны болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет