Аѓылшын тілін оќытудыњ ќазіргі замандыќ єдістемесі


Шет тілдері мәдениеті аспектілерінің мазмұнын модельдеу принципі



бет9/18
Дата13.11.2022
өлшемі0,66 Mb.
#157895
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18
Байланысты:
stud.kz-6502

Шет тілдері мәдениеті аспектілерінің мазмұнын модельдеу принципі.
Елтану мен лингвистикалық білім көлемін бір ғана мектеп курсы шеңберінде игеру мүмкін емес. Сондықтан танымдық нысан мазмұнының моделін құру қажет. Мұнда қаралатын елдің мәдениеті мен тілдік жүйесі жеткілікті көрініс алатын болуы шарт. Сол үшін оқытуда танымдық талап-тілектерді ескерген орынды.
Кванттық және программалық база негізіндегі оқу үрдісін басқару принципі.
Кез келген оқыту жүйесіндегі оқу үрдісінің барлық компоненттері (мақсаты, оқу құралдары, материалдары т.б.) квантталуға тиіс. Кванттаусыз мақсат орынсыз, материал нәтижесіз, шарт оңтайлы бол алмайды, сондай-ақ қажетті оқу құралдары да сәйкес келмеуі мүмкін. Оқытуды басқару мен оның тиімділігін бақыламайынша оқу жүйесін оңтайлы етуге мүмкін емес.
Ағылшын тілін оқытуды ұйымдастырудағы жүйелілік принципі.
Бұл принцип бойынша коммуникативті оқыту жүйесі реверсивті жолмен құрылады. Яғни, алдымен соңғы өнім (мақсат) белгіленеді, содан кейін нәтижеге жеткізер білім айқындалады.
Бұл барлық аспектілерге де бірдей қатысты. Мұндай тәсіл оқытудың жүйелілігіне жеткізеді.
Ұсынылған жүйе бойынша ағылшын тілі мұғалімі мен оқушының өзі және оның ата-анасы, сондай-ақ басқа пән мұғалімдері де енгізіледі. Пәнаралық байланыс шет тіліне мүдделі емес тұлғалар үшін қосымша мотивациялау құралы ретінде қолданылады.
Оқыту процесін ұйымдастырудың жүйелілігі тіл игеру сатыларын жобалайды, яғни, оған оқыту процесінің әр алуан дәрежелері кіріктіріледі:
оқыту процесінің деңгейі (бастауыш, кіші, орта, жоғарғы);
2) ішкі сатыларын айқындайтын оқытудың кезеңдік деңгейі;
3) кезеңдер (этаптар) деңгейі (лексикалық, грамматикалық дағдалардың қалыптастыру кезеңдері, дағдыны жетілдіру кезеңі, шеберлікті дамыту кезеңі);
4) ішкі кезеңдерді анықтайтын оқыту сатыларының деңгейі (имитация (еліту), трансформациялау, көшіру және құрамдастыру сатысы).
Өзара қарым-қатынас жүйесі іспетті оқиға негізінде ағылшын тілін оқыту принципі.
Коммуникативті оқыту өзара қарым-қатынас жүйесі іспетті түсінікті оқиғалар негізінде жүзеге асырылады. Оқиға қарым-қатынасқа түскен субьектілердің өзара әлеуметтік, ахуалдық, рольдік, іс-әрекеттік және өнегелілік байланысының динамикалық жүйесі ретінде өрбиді. Бұл оқыту үрдісін жүзеге асыратын әмбебап форма болып табылады, сондай-ақ қатар сөйлеуді дамыту мен сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың басты шарты болып табылатын сөз әрекетін мотивациялау мен сөйлеу құралдарын ұйымдастыру әдісін жетілдіруге қызмет етеді. Коммуникативті методикада оқиғаның барлық функциялары пайдаланылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет