Инновациялық жобалар - көптілділікке оқыту жүйесінің парадигмасы.
Мұның мақсаты - көптілділік білім арқылы басқа халықтың тілне, мәдениетіне, тарихына құрмет сезімдерін қалыптастыру.
Білім беруді дамытудың қазіргі кезеңінде жаңа формация мұғалімдерінің оқытуда жекелік-әрекеттік көзқарасты қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқытудың жаңа модельдері мен технологияларын іздестіру жүріп жатыр. Бұл мақсатты іске асыруда иинвациялық технологиялар өз тиімділігін дәлелдеуде.
Көптілділікке оқытудың инновациялық технологиялармен
жұмыс моделі
Көптілділік
|
Инновациялық технологиялар
|
«Қазақстан бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі»
|
Ақпараттық технологиялар
|
Қашықтан (аралықтан) оқыту
|
Программалап оқыту
|
Оқыту технологиялары
|
Модульдік технология
|
Дамыта оқыту
технологиясы
|
Триз
|
Деңгейлеп оқыту технологиясы
|
Ғылымның өсіп-өркендеуі елеулі техникалық прогресске жол ашып отырған жағдайда оқу-тәрбие жұымында жақсы табыстарға жету үшін ғылыми-техникалық жетістіктерді оқыту процесінде кеңінен пайдалану керек. Соңғы кезде шетел тілдерін оқытуда бейнефильмдерді қолдануға үлкен мән беріліп келеді. Бейнефильмдер оқушының көру, есту сезімдеріне бірдей әсер етеді. Шетел тілі сабағындағы бейнефильмдер оқушының сөйлеу іскерлігін дамыту үшін де қолданылады. Оқушылардың белсенділігін арттырып, өз бетінше жұмыс істеу қабілетін, ойын, тілін дамытуда, оларды түрлі тақырыптарға сөйлетуге үйретуде бейнефильмдердің пайдасы орасан зор.
Шетел тілін оқыту процесін жеңілдету және жетілдіру үшін сабақта техникалық құралдарды, соның ішінде, бейнефильмдерді пайдаланудың дидактика тұрғысынан да, экономика тұрғысынан да маңызы зор:
Бейнефильмдер оқушының фонетикалық, лексикалық, грамматикалық материалды жақсы меңгеруіне, оны интенсивті түрде бекітуге көмектеседі.
Бейнефильмдер оқытушыға оқу-тәрбие жұмысын өмір шындығына жанастыруға мүмкіндік береді.
Сабақта бейнефильмдерді қолдану нәтижесінде оқушылар өздері меңгерген оқушының фонетикалық, лексикалық, грамматикалық материалдарды өз ойларын айтып жеткізу үшін қолданады.
Бейнефильмдер тыңдап-түсінуде кездесетін қиындықтарды жеңуге, оқушының бойында тыңдап-түсіну іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыруға жәрдемдеседі.
Сабақта бейнефильмдерді қолдану оқу сапасын жоғарылатады, оқшының шетел тілін үйренуге қызығушылығын арттырады.
Сабақта қолданылатын бейнефильмдердің түрлері: документальды, көркем фильм, комедия, тіл меңгеруге арналған фильмдер, жарнамалық және коммерциялық фильмдер.
Сабақта бейнефильмдерді қолданғанда ескерілетін жағдайлар: бейнефильмдерді жоспарға сай іріктеу, тақырыпқа сәйкес таңдау, фильмнің көлемін ескеру, қысқа болуын қадағалау, сюжеттің оқушы үшін қызықты әрі логикасы болуы шарт, баяндалу тілінің жатықтығына көңіл бөлу.
Бейнефильмдерді сабақта пайдалану жолдары:
Фильмді бірнеше кадрға бөліп көрсету керек.
Сабақты ой ашардан бастау.
Фильмді көруге дайындық кезеңі:
а) таяныш, қажетті сөздермен таныстыру;
ә) болжау сұрақтар қою;
б) хабарлама жасау.
Фильмді көрсету барысында мына жайлар ескеріледі:
а) негізгі идеяны анықтау;
ә) басты ақпаратты да, қосалқы ақпаратты да толық түсіну.
Фильмді көріп болғаннан кейін төмендегі жұмыстар жүргізіледі:
а) сұрақтар қою арқылы оқушылардың түсініктерін тексеру;
ә) сюжетті талқылау;
б) рөльдік ойындар ұйымдастыру.
Фильмді көрсету әдістер де әр түрлі. Оқушылар фильмді дауысын шығармай дыбыссыз не болмаса кинодан қажетті үзіндіні көру арқылы мұғалімнің берген тапсырмасын орындайды.
Оқушының өздіктерінен жұмыс белсенділігін арттыру үшін бейнефильмдерді көрсету арқылы әңгіме, мазмұндама ұйымдастыруға болады. Сонда ғана оқушы тіл ұстартып, шығармашылық қабілетін көрсете алады, коммуникацияға бейімделеді.
Достарыңызбен бөлісу: |