Аѓылшын тілін оќытудыњ ќазіргі замандыќ єдістемесі



бет13/18
Дата13.11.2022
өлшемі0,66 Mb.
#157895
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
stud.kz-6502

Белсенділік принципі.
Іс-әрекет методикасында оқушының белсенділігі басты орында. Бұл әдісте тілдік құралдарды меңгерудегі үйренушінің жоғары белсенділігі мен сол тілдік құралдарды қолдану арқылы білім алудың және ғылым игерудің негізі қарастырылады.
Келесі әдістеме қашықтықтан оқыту:
Ақпараттық-коммуникациялық және қашықтықтан оқыту технологияларын іске асыруға арналған материалдық-техникалық жағдайлар;
Электронды тасымалдағыштарға арналған мамандықтар бойынша білім беру бағдарламаларының контенті (мазмұны);
Білім беру процесі субъектілерінің мүмкіндікті өзара іс-қимылына дайындалған кадрлық құрамы бар болған кезде білім беру қызметіне лицензиялары бар білім беру ұйымдары іске асырылуы мүмкін.
Қашықтықтан оқыту нысаны негізгі үш технологиялар бойынша жүзеге асырылуы мүмкін:
- Желілік технология (автономды желілік курстар немесе виртуальді кабинетер, Интернетті пайдаланатын мектептер);
- Кейс-технологиялар негізінде қашықтықтан оқыту;
- ТВ-технологиялар негізінде қашықтықтан оқыту.
Қашықтық нысаны бойынша оқу процесін ұйымдастыру
Қашықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып оқу процесін ұйымдастырудың негізгі міндеттері:
1) оқытуды даралау;
2) оқытудың тиімділігін (сапасын) арттыру;
3) дәстүрлі оқыту нысаны қолайсыз болып табылатын тұлғалар үшін білім беру қызметін ұсыну болып табылады.
Білім беру ұйымдарында қашықтықтан оқыту жүйесін ұйымдастыру және дұрыс қызмет етуі үшін мынадай функцияларды орындау қажет:
1) білім алушыларға оқу материалдарын жеткізу;
2) кеңестер беру;
3) білім алушылармен кері байланысты ұйымдастыру;
4) білім алушылардың білімдерін бақылау.
Білім беру ұйымдарында (соның ішінде мектептерде):
Білім алушылар үшін оқу-әдістемелік және оқу-әкімшілік ақпараттарынан тұратын беттері бар білім беру Интернет-порталының;
Телекоммуникациялық желіге шығатын (Интернет, спутниктік теледидар) жабдықтардың;
Әр түрлі терминалдардың: мультимедиялық сыныптардың, электрондық оқу залдарының;
CD, DVD дискілеріне арналған оқу контентінің ( жеке меншік және/ немесе сатылып алынған);
Желілік оқу мультимедиа контентінің (жеке меншік және сатылып алынатын);
Тиісті дайындықтан өткен оқытушы, оқу-көмекші және техникалық персоналдардың;
Жеке меншік контентін (локалдық және желілік) құру үшін мультимедиа зертханаларының;
Оқытуды басқарудың желілік жүйелері (Learning Management Systems - LMS);
Оқыту контентін басқару жүйелерінің (Learning Content Management Systems- LCMS) бар болуы қашықтықтан оқыту нысаны кезінде оқу процесін ұйымдастырудың қажетті шарттары болып табылады.
Қашықтықтан оқытудың нысандары: бейне лекциялар, теледидар лекциялары; радио-лекциялар; мультимедиалық лекциялар; бейне конференциялар; телеконференциялар; электронды оқу басылымдары бойынша (электронды оқулықтар, мультимедиалық оқыту бағдарламалары, тренажерлар, ақпараттық-анықтамалық жүйелер) оқушының өзіндік жұмыстары, виртуальді зертханалық практикумдар (имитациялық модельдер); компьютерлік тестілеу жүйелері; форумдар, чаттар мен электронды пошта арқылы консультациялар беру.
Телеконференцялар өкізу үшін білім беру ұйымының жабдықталған студиясы мен тиісті бейне және проекторлық аппаратуралары болуы керек.
Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудағы маңызды кезең - виртуальды (синхрондық немесе асинхрондық) өзара іс-қимыл. Синхрондық өзара іс-қимыл оқушы мен оқытушының нақты уақыт режиміндегі қатынасты қарастырады. Бұл үшін қашықтықтан оқыту жүйесінің чаттары немесе бейне конференциялар қолданылуы мүмкін. Асинхрондық өзара іс-қимыл оқушы мен оқытушы нақты уақытта қарым-қатынаста болмаған жағдайда жүзеге асырылады, бұл жағдайда қашықтықтан оқытудағы байланыстар жіберу тізімдерінің немесе телеконференциялардың көмегімен электрондық пошта бойынша хат алмасу арқылы ұйымдастырылады.
Оқытушының кеңесі (синхрондық немесе асинхрондық) – қашықтықтан оқытуды орындаудың міндетті шарттары.
Қашықтықтан оқыту жүйесімен оқыту білім алушылардың оқу үрдісін оқытушы-консультанттың (тьютордың) басшылығымен қашықтықтан оқыту жүйесіне арналған оқу-практикалық құралдарды, сондай-ақ оқытудың қазіргі құралдарын (компьютерлік, телекоммуникациялық) пайдалана отырып, өзіндік зерделеуді ұсынады.
Оқытудың теледидарлық құралдарына кабельдік немесе спутниктік теледидардың көмегімен ұжыммен немесе жеке қолданатын бейне лекциялар, сондай-ақ интерактивтік режімдегі теледидар сабақтары жатады.
Оқытудың компьютерлік құралдарына электронды оқулықтар, мультимедиалық курстар, кері байланысы бар тренингтік бағдарламалар (супертьюторлар), желілік іскер ойындар жатады.
Оқытудың ойындық құралдарына іскер және операциялық ойындар түріндегі ұжымдық сабақтардың белсенді әдістері, дискуссиялар, коммуникативтік сабақтар, сондай-ақ виртуальді білім беру, ортада оқылатын проблемалық және пәнаралық лекциялар жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет