Қорытынды
Жаңа өмір талабы кез келген адамды алаңдатады. Шетел тілі қазіргі заман талабына сай көптеген мектептерде 2-сыныптан бастап жүргізілуде. Бұл оқушы бойында ертеден бастап ұлтаралық, мәдениетаралық бірлестікке дайындықтың қалыптасуына ықпал етеді. Шетел тілін бастауыш мектептен бастап оқытудың артықшылығы әрбір баланың психологиялық ойлауына, шет тілі сөзіне көңіл аударуына, түсінуіне оң әсер ететіндігі, сонан соң негізгі мектепте білімін берік нығайтып, білім сапасын арттырып, шетел тілінде қарым-қатынасқа түсіп ерте мәдениетаралық коммуникацияға мүмкіндік береді.
Шет тілін оқып, үйрену бірден қалыптаса қоймайды. Өз ана тілін әлі толық меңгермеген балаға шетел тілін үйрету оңайға соқпасы анық. Бұл кезде мұғалімге үлкен жауапкершілік жүктеледі. Сол үшін бастапқы сыныптарда-ақ оқушыларды түрлі тәсілдермен білім алуға үйрету керек.
Шетел тілін оқыту - оқушылардың санасында мәдениетаралық коммуникация іскерліктерін қалыптастырудың нақты жолы. Бұл жерде мәдениетаралық коммуникация ұлттар мен мәдениеттер арасындағы өзара байланысты түсіну ретінде қарастырылады. Оқытудың мәдениетаралық коммуникацияға байланысты бағыт-бағдары әдістеменің логикалық жалғасы болып табылады.
Сонымен, шетел тілдерін оқытуда екі халықтың мәдениеті мен олардың тілдерінің ерекшеліктерін ескеру аса қажет.
Шетел тілдерін оқыту мәселелерін қарастырғанда ең алдымен ана тілінің алар орны туралы мәселе сөз болады. Бұл жайында ғалымдар арасында екі түрлі көзқарас бар. Оның бірі – шетел тілін оқытуда тек ана тіліне сүйене, ана тілімен салыстыра отырып оқыту қажет деп санаса, екіншісі – шетел тілі сабағын ана тілінің көмегінсіз тікелей меңгерту керек деп есептейді. Ғалым Л. В. Ляховицский: «Шетел тілін меңгеруде ана тілінің ерекшеліктерін ескеру, үйренуші үшін жаңа тілде кездесетін қиындықтарды түсінуде өте қажет. Тек қана ана тіліне сүйене отырып, кездесетін осындай қиындықтарды жоюға болады. Шетел тілінде жаттығулар жасау арқылы сабақта ана тілін қолданбауға болады, бірақ ана тілі оқушылардың санасында сақталады. Ал егер сабақта ана тілінің ерекшеліктеріне көңіл бөлмесе, оқушылардың шетел тілін меңгеруіне кей жағдайда зиян келуі мүмкін. Яғни, сабақ тек шет тілінде ғана болса, оқушылар үшін түсініксіз тілдік материалдардың саны көбейе түсіп, ол оқушының шетел тілін меңгеруіне қызығуын төмендетеді», - дейді. Ғалымның пікірін негізге ала отырып, ағалшын тілін оқытуда ана тілінің ролі жоғары, сондықтан ағалшын тілін қазақ тілімен салыстыра отырып оқыту жөн деп санаймын.
Ағылшын тілін үйренушіге арналған 10 маңызды кеңес:
1. Ағылшын тілін үйренумен күн сайын айналысу керек.
2. Егер оқуға деген құлшынысыңыз төмендеп жатса, ағылшын кітабын қоя тұрып, радио тыңдау керек. Сонымен қатар аудиокітаптарға не сөздікке көз салған жөн.
3. Контекс үзінділерін жеке бөліп жаттауға болмайды.
4. «Дайын фразаларды» қажетті орнына қолдану үшін жаттау керек.
5. Ағылшын тілінде естіген әңгіме мәтіндерін, фильм көріністерін ойша тәржімалауға талпыныңыз.
6. Арнайы қате жіберілген жаттығуларды қайта оқудың қажеті жоқ. Көп қайталап оқылған мәтін еріксізден қателерімен қоса жатталып қалады. Қатесін біле тұра, мәтінді дұрыс оқу керек.
7. Ағылшын идиомалары, дайын фразалары мен афоризмдерін жазып алып, әрдайым есте сақтау керек. Мәселен: «I am only pulling your leg» (Мен сені еліктіремін).
8. Ағылшын тілі – бір мезгілде әр тараптан меңгеруге ұмтылғандар үшін үлкен қамал. Олар газет оқу, радио тыңдау, дубляжданбаған фильм, оқулықтағы жаттығуларды пысықтау арқылы ағылшынды игерудің жолын табуда.
9. Сөйлеуден, сөйлеу кезіндегі кейбір қателіктерден қорықпаңыз. Егер ойыңыздағы болмай жатса, оған да жасымаңыз.
10. Ең бастысы, ағылшын тіліне деген қабілетіңіз бен қалауыңыз өсіп, мақсатыңызға жететініңізге нық сеніміңіз болсын.
Достарыңызбен бөлісу: |