АҚынның МӘҢгілік мұҢЫ 18 Сәуір, 2013 ж 1 826 0



бет5/5
Дата20.03.2020
өлшемі191,49 Kb.
#60475
1   2   3   4   5
Байланысты:
bcfnfq


ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта келгенде, қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар сөз зергері Ілияс Жансүгіровтің көркем прозадағы еңбегі мен тың ізденісі образдық көркемдік бейне болмысы мен оның бейнеленуін арнайы мәселе етіп қойып, қарастырылуы заңды. Ілияс Жансүгіровтей кемел таланттың шығармашылығын әлденеше қырынан зерттеуге болады. Қандай да болмасын ірі қаламгер тудырған көркемдік әлем бір типті, бір ізді ғылыми таным шеңберіне сия бермейтіні мәлім. Сондықтан, І.Жансүгіров шығармашылығындағы трагедия жанры да күрделі әрі жүйелі зерттеуді қажет ететіні сөзсіз. Әдебиет әлемінде өзара дара қолтаңбасын қалдырған суреткер І.Жансүгіровті толық тану үшін оны ақын, драматург, аудармашы, прозашы ретінде жеке-жеке зерттеу керек, зерттелді де. Сонда ғана Ілияс Жансүгіровтей қазақ халқының рухани өмірінен лайық орын алған қабырғалы қайраткер тұлғасын танып, білеміз. І.Жансүгіров ақын ретінде де, драматург болып та, прозалық еңбектерімен де қазақ әдебиетінің мәуелі бәйтерегінің біріне айналды.

Ал, біз осы Ілияс Жансүгіров қалам тартқан әдебиет арналарындағы образдық көркемдік бейне болмысын суреттеуде еңбегі мен тың серпіні мен оның Ілияс шығармашылығында көрініс табуына тоқталдық. Оның қаламынан алғашқы өлеңдерінен бастап, қазақ әдебиетінің таңдаулы мұрасына айналған «Күй», «Күйші», «Дала», «Құлагер» поэмалары мен қысқа да нұсқа, түсінікті де танымды әңгімелері, проза саласындағы «Жолдастар» романына дейін адамзаттың сонау балаң шағынан бастап, бүгінгі өркениеттік шырқау шыңына дейін өзекті де басты мәселе болып отырған тіршіліктің сан алуан қайшылықтары, ғаламат тартыстар мен сезімдер шайқасына, яғни трагедиялық элементтерге толы. Сондай-ақ, оның шығармалары адамзат баласының бағын байлап келген небір әлеуметтік келеңсіздіктердің түп себебінің неден өрбитінін мейлінше терең, жеріне жеткізе суреттей алуымен құнды.

Біз бұл диплом жұмысымызда қазақ әдебиетінің «Құлагері» атанған ақын шығармаларын, оның ішінде прозадағы еңбегі мен тың серпінді, образдық көркем бейне, трагедия элементтері кездесетін әңгімелерін, «Жолдастар» романын әдеби процесс контексінде қарастыруға тырыстық. Сол арқылы қаламгердің шығармашылығындағы жаңаша болмысын бейнелеудегі шеберлігін таныту, кейіпкердің дара адамгершілік болмысын ашуда жазушының шығармашылық табысын, көркемдік әдіс-тәсілін тереңірек ашып көрсетуді басты мақсатымыз етіп алдық.

Диплом жұмысының бірінші тарауында, прозадағы жаңашылдық пен тың туындыларына келу әлеміне терең барлау жасалды. Сонымен қатар нысанға алынған прозадағы жетістігі, жаңашыл элементтер көрінісі қарастырылған. Ілияс прозасы - терең ойдың үлкен сезімнің прозасы. Ол өрен жүйрік, асқақ ақынның тегеурінді талантынан туған жоғары идеялы, шыншыл, ұшқыр қиялды қуатты проза, ыстық жүректен қорғасындай балқып төгіліп, алуан сырлы образдар корытқан салмақты, салиқалы проза - бұл прозаның мазмұны заман құбылыстарын қамтиды. Мұның жырлаған негізгі қаһарманы -халық.

«Шешілмген жұмбақ» әңгімесі түгелімен қаламгер ойларының қақтығысынан, өмір тудырған, қоғам тудырған сұрақтарға жауап іздеу сияқты идеялар иірімінен құралған. «Осындай адамдар бар екен» деген сөзді сюжет жолында енгізген. Осы сияқты туынды жолдары толығымен жазушы ойының қақтығысынан туған.

І.Жансүгіров қай шығармасында болмасын өзі өмір сүрген кеңестік қоғам шындығы, өзі басынан кешірген қоғамдағы адам тағдыры жайында ой қозғайды.

Диплом жұмыста қаламгер шығармашылығындағы образдық көркемдік бейне болмысы мен оның бейнеленуі жүйелі түрде жан жақты әрі терең қарастырылды. Әдебиеттану ғылымында арнайы зерттеудің нысанасына айналдырылды.

Қаламгер шығармашылығындағы образдық көркемдік бейне табиғаты мен оның бейнеленуін толық ашу барысында Ілияс Жансүгіров шығармаларындағы, оның ішінде прозадағы образдық көркемдік бейне көрінісіне, әңгімелеріндегі және «Жолдастар» романындағы образдық көркемдік бейне табиғаты анықталып көрсетілді.

Қазақ әдебиеттану ғылымында қаламгер шығармашылығы туралы қалам тартқан зерттеуші ғалымдар еңбектеріне, мақалаларына шолу жасалды.

І.Жансүгіров шығармаларының басылымдары хронологиялық түрде қарастырылып, мазмұны мен өзіндік ерекшелігі, көркемдігі айтылып, ғылыми хронологиялық сипаттама беріледі. Әрбір шығармадағы жаңашылдық көрінісі, көтерген жүгі мен айтар ойы талданып, жан-жақты қарастырылды.

Әдебиет тіршіліктің, қоғамдық өмірдің ілеспе шежіресі, айнасы ғана емес, сол қоғамдағы адамдардың өмір танымын қалыптастыратын, дүниеге көзқарастарын дамытатын көркем құрал. Оның таным тарапындағы мәні де, тәрбиелік қуаты да сол құралдың кереметтей шешуші сырына негізделеді. Ол – көркем әдебиеттің эстетикалық мәні, яғни әрбір көркем шығарманың құндылығы оның адам сезіміне, түсінігі мен түйсігіне ойын қозғар әсерімен өлшенеді. Өмір құпиясына терең бойлай білген жазушы ғана оқырманын сан алуан көңіл-күйіне еліктіреді: қуантады, жылатады, толғандырады. Сол сезім арқылы оқушының көңіл түкпіріндегі ойды қозғайды, санасына өшпес із қалдырады. Әрине, мұндай сипат кез келген өнер туындысында ғайыптан пайда болмайды. Ол жазушының қажырлы еңбектенуінің, талмай ізденісінің арқасында мүмкін болады. Мұндай шеберлік тума таланттың қажымас-қайрат жігері нәтижесінде қалыптасады, дамиды.

І.Жансүгіровті қаламгер ретінде басты қызықтыратын нәрсе – қоғам қайшылықтары. Қоғам мен адам тағдырын талқыға түсіріп, әр түрлі қырынан шебер көһрсете білген Ілиястің психологтық талантының жоғары екенін байқаймыз

Жалпы, І.Жансүгіров шығармашылығында кейіпкердың табиғатын, адамгершілік әлемін психологиялық талдау арқылы бейнелеуге, рухани өсу мен өзгеруінің сырына үңілуге, олардың іс-әрекетінің, психологиялық дәлелділігін күшейтуге ұмтылуы көбірек көзге шалынады.

Көркем образдардың табиғатына психологиялық талдау, яғни портрет жасаудағы, диалог, монолог құрудағы, пейзажды бейнелеудегі жазушы шеберлігі эстетикалық-этикалық категорияларымен тығыз байланыста қарастырылады. Қаламгер шығармашылығы өзіндік көркемдік қуатымен, бейнелі тілімен және өзіндік даралығымен көрінген құбылыс екені зерттеу еңбекте тұжырымдалып беріледі.



Қаламгер шығармашылығында образдық көркемдік бейне болмыс жалаң бейнеленіп қана қоймай, оның ішкі жан сарайын ашуға, адамгершілік келбетін даралауға да қызмет етеді.

Жазушы образдық көркемдік бейнебейнелеу арқылы қаһарманның рухани жан дүниесінің өзгерісін, өсуі мен кері кетуін аңғартады. Психологиялық портрет арқылы адамның ішкі жан дүниесіндегі қайшылықтарды ашады. Бұл әсіресе «Жолдастар» ро

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет