Қайырлы күн, құрметті



бет2/2
Дата18.10.2022
өлшемі18,88 Kb.
#153634
1   2
Байланысты:
Шайсұлтан Сүлукөл

Томирис:
Армысыздар, құрметті конференцияға қатысушылар! Баршаңызды келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтаймын!
Білектей арқасында өрген бұрым,
Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын.
Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты,
Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін.
Қыз сұлу көрінеді қылығымен,
Жарыса төгілген қос бұрымымен.
Бұл күнде сұлулықтың үлкені осы –
Қыз сұлу көрінеді білімімен.
Қыз сұлу көрінеді шашыменен,
Ай қабақ, қиғаш қара қасыменен.
Қыз сұлу көрінеді толған айдай
Он бес пен он сегізде жасыменен-деп Абай атамыз жырлағандай, қазақ халқы қыз баланы ардақтап ұстаған, оның көңілін қалдырмаған, оған қарсы сөйлемеген, оны мәпелеп өсірген және де оны қатал ұстап, оның тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп қараған.
Біз, «Жас Ұлан» ұйымының қыздары « Айжұлдыз» атты қыздар клубынын құрып, мектеп оқушы қыздарының арасында қыз тәрбиесіне арналған іс-шараларды жүргіземіз.
Біздің мақсатымыз: өскелең ұрпақ қыздарын еліміздің лайықты азаматшалары болып өсуіне атсалысу.
Клубтың ұраны: « Қыз қылығымен сүйкімді!» Бұл клубтың белсенді мүшелері 8-10 сынып қыздары. Клуб мүшелері қыздардың тәрбиесіне байланысты мектеп тәлімгері Гүлнара Бауыржановна мен мектеп медбикесі Аида Шарапхановнамен бірлесіп, бастауыш сынып қыздарымен жеке бас гигиенасын сақтау туралы әңгімелесу, түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.Сонымен қатар оқушы қыздарға ойын түрінде әр түрлі жағдаяттарды талдауға, киіну үлгілері туралы мәліметтер беріледі.
Орта буын қыздарымен әдептілік, әдемілік, шашты өсіру, күту сияқты, сөйлеу мәнері, іскерлікке баулу, биге үйрету сияқты жұмыстарды жүргіземіз.
Жоғары буын қыздарымен бисермен жұмыс, киім тігу, фомеранмен, фетрмен, қағазбен жұмыс істеуді бірігіп үйренеміз, тағамдар дайындау үлгілерімен бөлісеміз. Мерекелерде мектепті безендіруде бірге атсалысамыз.
Мектепте «Айжұлдыз» клубының мүшелері би тобын құрып, мектепішілік, аудандық байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр. Сондай-ақ, топ мүшелері сурет салу, бисермен жұмыс жасау, биге костюмдер әзірлеу сияқты жұмыстармен айналысады. Мектепте дебат клубында да қыз тәрбиесіне байланысты сұрақтарға пікірталас жүргізіп отырамыз. Қазіргі қыздардың киім кию нақышына, сөйлеу мәнеріне де аса көңіл бөлеміз.
Қыз баланың жақсы болып өсуіне оның өскен ортасының, бірге жүрген құрбы – құрдастарының дос – жарандарының әсері күшті. Қазақтың «Қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол», «Қызға қырық үйден тыйым» деген нақыл сөздері сол өмір тәжірбиесінен алынған.
Сонымен қазіргі заманғы қыздардың бойынан ақылдылық, инабаттылық, сымбаттылық, көріктілік және де іскерлік қасиеттерді табуға тиіс. Халық «Өнерсіз қыздан без, өнегесіз ұлдан без» деген. Ұлы Абай атамыз «Ары бар, ақылы бар, ұяты бар ата-ананың қызынан қапы қалма» деген екен.
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет!!!
Тәлімгер:
Қыз бала тәрбиесіндегі мәселені шешу жолдағы ұсыныстар:
1.Мектепте ата-аналар құрамынан «Аналар мектебін» құру;
2. Ата-аналар жиналыстарында жанұяда ұлттық тәлім-тәрбие беру мәселелерін көтеру;
3. «Әжелер әуені» байқауын (әжелердің өнегесімен танысу) ұйымдастыру;
4. Өнерлі аналармен кездесу кешін өткізу (шебер-сынып);
5. « Оқушы үні» жобасын іске асыру.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет