Жол қызметі саласындағы ережелердің, нормативтердің және стандарттардың сақталуын және жол қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіруде мемлекеттік қадағалау мен бақылауды жүзеге асыру жұмысьарын ұйымдастыру ішкі істер органдарының жол полициясы қызметінің жол тексеру бөлімдеріне (бөлімшелеріне, топтарына) және аудандардың (қалалардың) жол полициясы бөлімшелеріне жүктеледі.
Аудандардың (қалалардың) жол полициясы бөлімшелері:
Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген:
жол қозғалысының, көше-жол желісінде және жолдардың бөлу сызықтарында көліктік және өзге де қызметті жүзеге асырудың тәртібі мен шарттарын белгілейтін заңнамалық және нормативтік құқықтық кесімдердің, нормативтердің, ережелердің және стандарттардың;
жол қозғалысы мен автомобиль тасымалдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы халықаралық шарттардың;
қалаларды, елді мекендерді, тұрғын үй массивтерін, өнеркәсіптік аймақтар мен кәсіпорындарды жобалау және олардың құрылысын салу кезінде жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты бөлігінде ережелердің, нормативтердің және стандарттардың;
автомобиль жолдарын, көшелерді, жол құрылғыларын, темір жол өткелдерін және электр көлігі желілерін жобалау, құрылысын салу, қайта жаңарту, жөндеу және қалпына келтіру кезінде жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде ережелердің, нормативтердің және стандарттардың;
автомобиль жолдарын, көшелерді, жол құрылғыларын және темір жол өткелдерін жол қозғалысы үшін қауіпсіз жағдайда ұстау ережелерінің;
жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарын шығару, орнату және пайдалану жөніндегі ережелердің, нормативтердің және стандарттардың;
автокөліктермен жолаушылар мен жүктер тасымалдаудың ережелерінің сақталуына мемлекеттік қадағалау мен бақылауды жүзеге асырады;
жол-көлік оқиғаларының (бұдан әрі — ЖКО), сондай-ақ жол қозғалысының қауіпсіздігіне қатер төндіретін құқық бұзушылықтар мен құқыққа қарсы әрекеттердің себептері мен жағдайларын анықтайды және талдайды, оларды жою шараларын қабылдайды, жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыру жөніндегі іс-шараларды әзірлейді;
жол қозғалысының жағдайын зерделейді, көлік құралдары мен жаяу жүргінші қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіру жөнінде шаралар қабылдауды, жол қозғалысын ұйымдастыру жобаларын сараптау, жол қауіпсіздігі бойынша мамандар даярлау және қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеуге қатысады;
министрліктерге, агенттіктерге, ведомстволарға және өзге де ұйымдарға жол қозғалысының қауіпсіздігі деңгейін арттыру, азаматтарды, заңды тұлғаларды және мемлекетті жол-көлік оқиғаларының зардаптарынан қорғау, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды ғылыми, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету мәселелері жөнінде ұсыныстар енгізеді;
ережелердің, нормативтердің және стандарттардың талаптары жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде сақталмаған жағдайда тиісті органдарға азаматтық және өнеркәсіптік құрылыс объектілерін, жолдарды, жол құрылғыларын, темір жол өткелдерін және электр көлігі желілерін жобалауды, құрылысын салуды, қайта жаңартуды, жөндеуді және қалпына келтіруді не ұстауды қаржыландыруды тоқтату немесе уақытша тоқтата тұру туралы ұсыныстар енгізеді;
жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы заңнаманың, ережелердің, нормалардың, нормативтердің және стандарттардың талаптарының бұзылуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы мемлекеттік органдардың және басқа да ұйымдардың орындауы үшін міндетті ұйғарымдар береді;
автомобиль жолдарын, көшелерді, жол құрылғыларын, темір жол өткелдерін, электр көлігі желілерін пайдалануға қабылдау жөніндегі комиссиялардың жұмысына қатысады;
өз құзыретінің шегінде автомобиль жолдары бойынша тасымалдауларды жүзеге асыруға рұқсат беруге келіседі.