Қараша
1. Жұбату
Балаларды жақын адамдарының, құрбыларының, балалар ертегілерінің кейіпкерлерінің көңіл-күйлеріне ортақтаса білуге баулу (аяу, уату, жұбату)
2. Науқас адамға қамқор болу
Науқас адамға қамқорлықпен қарау, тазалық ережелерін сақтауға, оған деген үлкен ілтипатпен қарау.
3. Кішіге ізетпен қарау
Кішілерге ізет көрсету, ренжітпеуге, оларға үлкен жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Желтоқсан
Телефонмен сыпайы сөйлеу
Телефон тұтқасымен қалай қолдану керектігін түсіндіру, сыпайы және сабырлы сөйлесу керектігін үйрету.
2. Құттықтаулармен тілектер
Балаларға өмірде ең маңызды сыйлық емес көңіл деп үйрету. Ең әдемі сыйлық ол өз қолымен істелінген сыйлық (сурет салу, тақпақ жаттап оны мерекеде оқып беру т.с.с)
Театрдағы мәдениет
Балаларға театрдағы мәдениет жайлы түсінік беру. Сабырлыққа, тыныштыққа дағдыландыру. “спектакль”, кассир, шапалақ деген ұғымдар арқылы тілдерін дамыту. Балаларға “әртіс пен көрермен” деген ойындар ойнатқызу.
Біздің тату отбасымыз
“Тату отбасы” деген тақырыпқа көрнекілік арнайы суреттер көрсету. Үлкендерге ілтипатпен құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Қаңтар
Әңгіме “ Шындық пен өтірік
“Өтірікші қарға” деген ертегілер арқылы балаларға шындық пен өтіріктің айырмашылығын айту, түсіндіру
Сен дос бола аласың ба?
Балаларға кішкентай жасынан бастап достыққа, бауыррмалдыққа тәрбиелеу. Өз досына қиын жағдайда көмек беруге, оны сыйлауға, адал болуға үйрету
Менің жетістіктерім мен кемшіліктерім
Әрбір адамда жетістіктер мен кемшіліктер бар екенін айту, олар немен жақсы, немен жаман екенін түсіндіру.
Мен қандай болғым келеді?.
Балалар сендердің армандарың қандай? Өскенде кім болғыларың келеді? – деген сұрақтар көбірек мән беріп әңгімелету. Жалқаулық деген не екені туралы түсіндіру.
Ақпан
Кітапқа ұқыппен қарау
Кітап – біздің досымыз, оларға ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу. Кітапты жыртуға, шималауға т.с.с. болмайтынын түсіндіру керек.
Ойын тәртібі
Ойын үстінде бір-бірімен ұрсыспай, тату ойнау, әрбір ойында өз ережелері шарттары бар екенін түсіндіріп үйрету қажет.
3 . Ертегілер – халық даналығының мұрасы
Балаларға ертегі лерде тек қана жануарлар кейіптері емес. Ол дана ертегілерінің кейбіреулері адамның жағымсыз қылықтарының ұқсастығын айту. Сондықтанда біз әрқашанда өзі-өзімізге үлкен жауапкершілікпен қарау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |