«Айша» бала бақшасы мкқК «Мектепке дейінгі жастағы балалармен жұмыс жасау барысында педагогикалық жобалау технологиясы»



бет6/6
Дата11.01.2017
өлшемі0,89 Mb.
#6662
1   2   3   4   5   6

«Ғарыш әлемі»

ересектер тобына арналған жобасы

Жобаның мерзімі: қысқамерзімдік 1 апта

Мақсаты:


  • Ғарыш әлемі жайлы түсінік беру

  • Ғарыш әлемі және оның құпия сырларына деген қызығушылықтарын қалыптастыру

  • Ғарышкерлерге деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу.

Қатысушылар: ересектер тобы, тәрбиеші, ата- аналар.

Негізгі мәселе:

1. Ғаламшар, ғарышкерлер күніне жеткіліксіз қызығушылығы.

2. Бірінші ғарышкер, ғаламшар, Ғарышкер күні мерекесі жайлы білімдері аз.

Жобаның жүзеге асыру жолдары:

Ғаламшар туралы әдебиеттермен суретті журналдармен кітап сөрелерін толықтыру.



Өз білімін жетілдіру:

1. Әдістемелік нұсқауларды зерделеу;

2. Әдебиеттер іріктеп алу;

3. Қимылды, саусақ, желіл-рөлді ойындарды іріктеп алу;

4. Электронды ресурстар.
Жобаның барысы:

1. «Ғаламшар» туралы мен не білемін?» «Ю. Гагарин – алғашқы ғарышкер», «Ғарышкер күні», «Қазақ ғарышкерлері» әңгімелер;

2. Ғаламшарлар, ғарышкерлер туралы көркем әдебиеттер оқу

3. Ғаламшар туралы әндер жаттау;

4. Ғаламшар туралы жұмбақтар шешу, таұпаұтар жаттау

5. «Ғаламшарға ұшамын» жапсыру ұйымдастырылған оұу іс-әрекеті;

6. «Ғаламшар» тақырыбына сурет салу;

7. Дидактикалық ойындар «Ғарышкерлер қалай тамақтанады?», «Күн жүйесі»,

8. «Ғарышкерлер» қимылды ойыны;

9 «Ғаламшарға ұшамыз» желіл рөлді ойыны;

10. «Ғаламшар» туралы мультимедиялық презентация көрсету.

11. «Ғарыш әлеміне саяхат» тақырыптық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті өткізу.



Күтілетін нәтиже:

1. Балалар ғарыш әлемі және оның құпия сырларына қызығушылықпен қарайды;

2. Үйлерінен өз еркімен ғаламшар туралы салған суреттерін, қызықты көркем әдебиеттер әкеледі;

3. «Ғаламшарға ұшамыз» желілі-рөлді ойын ойнайды

4. Өз ойымен зымыран құрастырады;

5. Балалардың жұмыстарынан көрме ұйымдастырады.


«Ғарыш әлеміне саяхат»

тақырыптық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Мақсаты:

  • Ғарыш әлемі жайлы түсінік беру

  • Ғарыш әлемі және оның құпия сырларына деген қызығушылықтарын қалыптастыру

  • Ғарышкерлерге деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу.

Алдын-ала жүргізілген жұмыс: Балаларға ғарышкерлер мерекесіне орай тақпақтар

Сөздік қоры: Ғарыш,ғарышкер,ғалам.

Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: компьютерден көрсетілетін ғарыштың (жұлдыздар, шоқжұлдыздар, кометалар, ғаламшалар, белгісіз ғаламшар тұрғындарының, тұңыш ғарышкерлердің) суреттері, бейнетаспа

Әдіс-тәсілдері: Әңгімелеу,сұрақ-жауап,ой қозғау, көңіл-күйді көтеру,сурет бойынша әңгіме,ойша саяхат,ойын.
Барысы:

Жылулық шеңбер

Қайырлы таң!

Ормандар мен далалар.

Қайырлы таң!

Достасқан бар, балалар.

Қайырлы таң!

Біздің балабақшамыз.

Қайырлы таң!

Жора-жолдас, ұл мен қыз.
Осы көктем мезгілінің бірінші айы қалай аталатын еді?

- Наурыз айы

- Дұрыс айтасыңдар, балалар. Ал осы наурыз айында біз қандай мерекелерді тойладық?

Ал көктемнің осы айы нешінші айы?

- Осы ай қалай деп аталады?

- Иә, бұл сәуір айында да, бір үлкен мереке бар.


Жұмбақ:

Күміс қанат сұңқары,

Көкке еркін сүңгиді

Бұлттан да тым әрі,

Кеткен жанды кім дейді?


  • Дұрыс, Ғарышкер

  • Айға ұшып, айға сапар шеккен адамдарды ғарышкерлер дейміз.

  • Аспан әлемінде де, көптеген ғалам бар. Ал біздер жер ғаламында өмір сүреміз

- Ғарышкер ағаларымыз ғарышқа зымыранмен ұшады екен. Оны ғарыш кемесі деп те атаймыз. Олар ғарышқа ұшып барып, аспан әлемін зерттейді. Біз бүгін ғарышкер ағалармен,аспан әлемімен танысамыз. Бәріміз теледидарға мұқият қарайық.



Слайд 1

  • 1961 жылы 12 сәуірде тұңғыш ғарышқа адам ұшты. Бұд адам Кеңес одағының азаматы Ю.Гагарин болатын.

Бейнетаспа

  • Ю.Гагарин ағамыздың тұңғыш ғарышқа ұшқан бейнетаспасын тамашалайық.

  • Содан бері 12 сәуір – ғарышкерлер күні мерекесі болып аталып келеді. Ю.Гагарин тұңғыш рет ғарышқа жол салған күннен бері 53 жыл уақыт өтті. Осы жарты жыл ғасыр ішінде ғарышқа әртүрлі елден жүздеген ғарышкерлер болып, көптеген зерттеу жұмыстарын атқарды. Солардың ішінде біздің Қазақстан еліміздің батырлары бар.

Слайд 2

  • Ол ғарышқа тұңғыш ұшқан қазақ Тоқтар Әубәкіров ағаларың, ғарышқа бір емес үш рет ұшқан Талғат Мұсабаев ағаларың. Бұл ағаларымыз біздің еліміздің мақтаныштары, Олар ержүрек, батыр, халық қаһармандары.

Слайд 3:

  • Мынау Байқоңыр ғарыш айлағы. Ғарышкерлердің бәрі осы жерден ғарышқа ұшады екен. Байқоңыр ғарыш айғағы ол біздің Қазақстанда, өзіміздің Қызылорда облысында орналасқан.

Слайд 4

- Ал мынау аспан әлемі. Аспан әлемінде көптеген жұлдыздар, шоқ жұлдыздар бар.

- Аспанда тағы нелер болады, балалар?

Слайд 5


  • Ал мынау ұшуға дайындалып жатқан ғарыш кемесі. Онымен адамдар аспанға ұшып,аспан кеңістігін зерттейді екен.

Слайд 6

  • Мына суретте ғарыштағы адам, ол үстіне арнайы киім, яғни скафандр киген. Ғарыш кеңістігінде ауа жоқ,сондықтан ол жақта тек осындай арнайы киіммен ғана жүруге болады.

- Балалар,біз ғарышкерлер туралы тақпақ жаттаған едік қой. Қане есімізге түсірейікші,кім айтады

  1. Роза

  2. «Байқоңырдан» аттандың

  3. Ең алғашқы қазақтың

  4. Ғарышкері атандың

  5. Мақтанады өзіңмен

  6. Бүгінгінің баласы

  7. Мүмкін олар ертең-ақ,

  8. Ізбасарың болады.



  9. Ажар

  10. Қанаттылар мекені,

  11. Қазақ жері, Байқоңыр

  12. Қай жер саған жетеді

  13. Ғажап жерім, Байқоңыр!





  14. Камила

  15. Тоқтар – тұңғыш ғарышкер

  16. Арман қуып жасынан

  17. Көктен көзін алмаған

  18. Ұшқыш болды жас ұла

  19. Аспанда еркін самғаған

  20. Алдиар

  21. Аспан, аспан, арайлым

  22. Саған жиі қараймын

  23. Сені көзбен шаламын

  24. Мен ғарышкер боламын!

  25. Кәусар

  26. Тоқтар менен Талғат

  27. Ғарышқа ұшты самғап

  28. Ел мерейін өсірді

  29. Көк пен жерді жалғап.



  1. Сергіту сәті: Белгісіз ғаламшар тұрғындары бізді биге шақырады

  2. (бейнетаспа арқылы)



  3. «Зымыран құрастырайық»

  4. Балалар,сендер де ғарышқа ұшқыларың келе ме?

  • Иә, ұшқымыз келеді.

  • Ендеше, мына зымыранға қарайықшы. Дене бөлшектері қандай геометриялық пішіндерге ұқсайды?

  • Төртбұрышқа,шаршыға,үшбұрышқа,дөңгелекке.

  • Өзімізге осындай зымыран құрастырсақ қайтеді?

  • Ендеше, әртүрлі таяқшалардан тақтадағы суретке қарап тұрып, зымыран құрастырайық

  1. Ой тастау: Ғарышкер болу үшін адам бойында қандай қаситтер болу керек?

  2. Сабақты қорытындылау: Сабаққа жақсы қатысқан балаларды белгілеу, ғарыш макетіне шақырып ғаламға ұшқызу: 5,4,3,2,1.. кеттік! Ұшып келген балалардан не көргендерін сұрау. Мақтау арқылы көңіл-күйлерін көтеру.



  3. «Жер» ғаламшары

  4. ересектер тобына арналған жоба

  5. Жобаның түрі: топтық

  6. Уақыты: 6 ай

  7. Қатысушылар: ересектер тобының балалары, тәрбиеші, ата-аналар.

  8. Мақсаты:

  9. - Адамзаттың ортақ үйі, біздің ғаламшарымыз - Жер туралы түсініктерін дамыту.

  10. - Табиғат, оның байлығы туралы түсініктерін кеңейту, логикалық ойлауын, қиялын дамыту.

  11. - Табиғатқа деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу.



  12. Жобаның барысы:



  13. Қараша

  1. «Біздің жеріміз» таным

  2. «Жер» ғаламшары тақырыбына сәйкес әдебиеттер оқу

  3. Пәндік даму орталығын байыту

  1. Желтоқсан

  1. Ата аналармен бірігіп «Жер құрылысы» көрнекі құрал дайындау

  2. «Жер астындағы байлық» таным

  1. Қаңтар

  1. «Біз қайда тұрамыз?» жер макеті

  2. «Мен жеріме не сыйлаймын?» балалардан интервью алу.

  1. Ақпан

  1. «Жер» адамзаттың ортақ үйі» балалар мен ата- аналардың шығармашылық жұмыстары

  2. Экзотикалық жануарларды мүсіндеу

  3. Ыстық елдің жануралары коллаж жасау

  1. Наурыз

  1. «Жер» ғаламшары викторина

  2. «Орманда» әңгіме

  1. Сәуір

  1. «Жер» ғаламшарына саяхат» қорытынды ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті



  1. «Жер» ғаламшарына саяхат»

  2. қорытынды оқу іс-әрекеті



  3. Білім беру саласы: Таным

  4. Бөлімдері: Айналамен таныстыру, экология негіздері, математика.

  5. Тақырыбы: «Жер» ғаламшарына саяхат»

  6. Мақсаты:

  7. - Адамзаттың ортақ үйі, біздің ғаламшарымыз - Жер туралы түсініктерін дамыту.

  8. - Табиғат, оның байлығы туралы түсініктерін кеңейту, логикалық ойлауын, қиялын дамыту.

  9. - Табиғатқа деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу.


  10. Көрнекіліктері: белгісіз ғаламшар тұрғындарының суреттері, глобус, доп т.б.

  11. Технологиямен қамтамасыз ету: ноутбук, видеоэкран



  12. Барысы:

  13. Шаттық шеңбер:

  1. Күнге қарап қолымды

  2. Бір, екі, үш деп соғайын

  3. Қарап тұрған көршіме

  4. Мен қолымды бұлғайын

  5. Жылы-жылы жүзбенен

  6. Маңдайыңнан сипайын

  7. Жылы-жылы сөзбенен

  8. Жүрегімді сыйлайын

  9. Ыстық алақаныммен

  10. Қолыңды бер, қысайын

  11. Амандасып өзіңмен

  12. Құшақтасып алайын.



  • Балалар, бүгін бізге белгісіз ғаламшар тұрғындары ұшып келіпті

  1. (суреттерін көрсету) Жақынырақ танысайық. Бұл қыз бен ұл қандай геометрикалық пішіндерден құрылған? Ал енді апта күндерінен қонақтарға ат қояық (Балалар апта күндерін атайды қызға Жұма, ұлға Дүйсенбі есімін қояды)

  • Бүгін біз қонақтарымызға біздің «Жер» ғаламшарына саяхат жүргіземіз.



  1. Жұмбақ жасыру:

  2. Бір нәрсе бетінде жоқ ой мен қыр,

  3. Өзінің кіндігінен айналып тұр.

  4. Өзіне назар салып қарасаңыз,

  5. Келбеті жер жүзнің көрінісі тұр.

  6. - Глобус ( Глобус көрсету.)

  7. - Глобус деген не? (Глобус – жердің кішірейтілген үлгісі.)



  8. - Балалар, қалай ойлайсыңдар, жасыл мен көгілдір түстері нені білдіреді? (жасыл –құрғақ жерді, көгілдір – суды)



  9. I бөлім:

  10. - Ең алдымен біз қонақтарымызды біздің ғаламшардың жасыл әлемімен таныстырамыз.



  11. - Балалар біздің жеріміз жылына 4 рет киімін ауыстырады екен дейді. Неге олай айтады? (өйткені төрт жыл мезгілі бар – қыс,көктем, жаз, күз). Мен қазір сендерге өлең жолдарын оқимын, ал сендер қай жыл мезгілі екенін тауып алдарыңда жатқан қағаздарды көтересіңдер: егер қыс туралы болса - ақ қағазды, көктем туралы болса – жасыл түсті, жаз туралы болса – қызыл түсті, күз туралы болса – сары түсті қағаздарды көтересіңдер.



  12. «Жұмбақ жасыру» Бұл қай кезде болады?

  13. Қар еріп,су ағады,

  14. Сарқырап сайға толады.

  15. Күн ұзарып,жылиды,

  16. Бұл қай кезде болады? (көктем)



  17. Күн де ысып,шөп пісіп,

  18. Ел пішенін орады.

  19. Бұл қай кезде болады?(жаз)

  20. Күмістен алқа тағынып,

  21. Бақтар күлім қағады.

  22. Күн нұрына шағылып,

  23. Қар жұлдыздай жатады

  24. Бұл қай кезде болады?(қыс)



  25. Айнала сары түсті

  26. Бау-бақшада жеміс пісті.

  27. Қамба толы дәнге

  28. Дастарқан толы дәмге

  29. Бұл қай кезде болады?(күз)

  • Өте жақсы жыл мезгілдерін жақсы біледі екенсіңдер.

  • Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? (Көктем).

  • Көктем мезгілінің айларын кім атайды?

  • Көктемде қандай өзгерістер болады? (Күн жылынады, қар ериді, жылғалардан су ағады, құстар алыс жақтардан ұшып келеді, ағаштар бүршік жарады, күннің көзі де бізге жылуын аямай төгеді. Жер жыртып, топырақты қопсытып дәнді дақыл, көкөніс, жеміс отырғызуға дайындаймыз.)

  • Көктемде күн қыздырғанда ең бірінші шығатын қандай гүлдерді білесіңдер? (бәйшешек, қызғалдақ т.б.).

  • Балалар «Бәйшешек» деген сөзді буынға бөлейік? Неше буыннан тұрады?

  • Дұрыс 3 буыннан. Қандай дыбыстан басталады? Дауысты ма, әлде дауыссыз ба?

  • Кім көктем туралы тақпақ біледі?

  1. Кәусар:

  2. Бүршік шашып, жапырақ ашып,

  3. Даланы гүлдер басады.

  4. Сұлу көктем есігін ашып,

  5. Шуағын бізге шашады.



  • Балалар, табиғат қандай екі әлемге бөлінеді?

  • Дұрыс тірі және өлі табиғатқа бөлінеді.



  1. «Жалғасын тап» ойыны (доппен)

  2. Өлі табиғат - ....(ай, жұлдыз, тас су, күн, ауа, тау т.б.)

  3. Тірі табиғат - ... (гүл, шөп, ағаш, аю, қоян, тасбақа, балық т.б.)

  4. Тірі табиғат өлі табиғатсыз ... (тіршілік ете алмайды).

  5. - Ал, қазір, «Табиғат әлеміне» шақырамын.

  6. (Слайд арқылы).



  7. «Бір сөзбен айт» - дидактикалық ойыны

  • Шырша, терек, үйеңкі, емен – ағаштар

  • Торғай, аққу, қарға, бұлбұл – құстар

  • Көбелек, құмырсқа, қоңыз, ара – жәндіктер

  • Бәйшешек, раушан, қызғалдақ – гүлдер

  • Алма, алмұрт, апельсин, банан - жемістер

  • Қияр, пияз, сәбіз, қызанақ – көкөністер

  • Қасқыр, түлкі, кірпі, қоян – дала жануарлары





  1. Сергіту сәті: «Жануралар сендерді биге шақырады» (слайд)

  2. II бөлім.

  3. – Балалар, біздің жерімізді неліктен «көгілдір планета» деп атайды? (Глобусқа қарап, біздің ғаламшарда су көп екенін білуге болады)

  4. Қазір біз су туралы әңгімелесеміз.

  • Су кімге, неге керек? (адамдарға, өсімдіктерге, жануарларға т.б.)

  • Су қандай? (Су таза, мөлдір)

  • Су қайда болады? (Өзенде, көлде,мұхитта болады.)

  • Суда нелер тіршілік етеді? - Балықтар, өсімдіктер

  • Су астында не бар? - Балықтар, жер бар.

  • Суға байланысты қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

  1. Амира:

  1. Судың сұрауы бар

  2. Сулы жер –нұрлы жер, Бұлақты жер-тұрақты жер.

  1. Ажар:

  1. Су - ырыстың көзі, Еңбек - кірістің көзі.

  2. Сулы жер тұрақсыз болмас, Таулы жер бұлақсыз болмас.

  1. Тәжірибе: «Суды тазартамыз»

  2. - Балалар, қараңдаршы менің үстелімде екі стақан су тұр. Қалай ойлайсыңдар, стақандардың ішіндегі су бірдей ме?

  3. - Жоқ, біреуінде - таза, екіншісі - кір.

  4. - Қалай ойласыңдар, кір суды тазартуға бола ма? Қалай тазартамыз?

  5. - Ендеше мен сендерді кішкентай зертханамызға шақырамын. Дұрыс айтасыңдар суды біз мақта арқылы сүземіз. Су қандай болды. Су тазарды. Ал сүзгішіміз қандай болды?



  6. - Ал қазір отырып тыңдайық «Ненің үні?» - жаңбырдың, теңіз толқыны, бұлақтың.



  7. Қорытынды:

  8. III бөлім. Балалар «Жер» ғаламшарында кім өмір сүреді? (Адамдар, құстар, жануарлар, жәндіктер т.б.) Біздің ғаламшарымыз қалай аталады? Біз қай елде тұрамыз? Біздің Президентіміз кім? Бас қаламыз қалай аталады?Біз тұратын қаламыз қалай аталады?



  9. Ойын. Табиғаттан нені үйрендім? Тақтада бейнелеу.

  10. Роза:

  11. - Мен күннен мейірімділікті үйрендім (күнді жапсыру)

  12. Ажар:

  13. - Мен судан тазалықты үйрендім (суды жапсыру)

  14. Кәусар:

  15. - Мен әдемі гүлдерден нәзік болуды үйрендім

  16. (гүлді салу тюльпан – қызғалдақ, ландыш –інжегүл, бәйшешек)

  17. Нұрали:

  18. - Мен ағаштан мықты, төзімді болуды үйрендім (ағашты жапсыру)

  19. Камила:

  20. - Мен табиғаттан қайырымдылықты үйрендім (құсты жапсыру)

  21. Амира:

  22. - Мен табиғатты қорғауды үйрендім (шөпті жапсыру)

  23. Тәрбиеші:

  24. - Міне балалар, білімдеріңмен еліміздің бірнеше жерлерін гүлдендірдіңдер.

  25. - Балалар, біздің табиғатымен әдемі жеріміздей ешқандай ғаламшарлар жоқ. Сондықтан, жеріміз әрқашан таза, әдемі болу үшін не істеу керек?

  1. Роза:

  2. Мен жерімді сүйемін

  3. Жеріме дән себемін

  4. Ауа таза болсын деп

  5. Жылда ағаш егемін.

  6. Нұрали:

  7. Табиғат біздің анамыз

  8. Жер – Ана біздің панамыз

  9. Таза болса табиғат

  10. Біз де аман боламыз

  1. Қонақтар біздің «Жер» ғаламшарына қызықты саяхаты үшін алғыс айта отырып сендерге жұлдыздар сыйлайды.





  2. Пайдаланған әдебиеттер:



  1. МДМ басшасының анықтамалығы №2 2014

  2. Евдокимова Е.С. Технология проектирования в ДОУ. – М.: ТЦ Сфера, 2008.

  3. Метод проектов// Российская педагогическая энциклопедия.Т.1. М., 1993. С.567.



























































  1. Мазмұны:



  1. Алғысөз…………………………………..…..….…….. 4

  2. «Адамгершілік тәрбие» жобасы.................................... 5

  3. «Күзбен кездесу» жобасы...............................................13

  4. «Ырысы мол Алтын күз» ертеңгілігі.............................14

  5. «Ғарыш әлемі» ересектер тобына арналаған жоба..................................................................................23

  6. «Ғарыш әлеміне саяхат» қорытынды ұйымдастырылған

  1. оқу іс – әрекеті.................................................................23

  1. «Жер» ғаламшары» ересектер тобына арналаған жоба....................................................................... ...........27

  2. «Жер» ғаламшарына саяхат» қорытынды ұйымдастырылған оқу і -әрекеті.....................................28

  3. Пайдаланған әдебиеттер ……………………………….34

























  1. Бимендина Айгүл Амангельдіқызы



  2. «Мектепке дейінгі жастағы балалармен жұмыс жасау барысында педагогикалық жобалау технологиясы»

  3. «Айша» балабақшасының жұмыс тәжірибесінен мәлімет









  4. Шығаруға жауапты: Бимендина А.А.

  5. Техникалық редактор: Искакова Д.М.











  6. Көкшетау қаласы

  7. Мирзояна 61

  8. Тел.31-18-40

  9. E-mail:Aisha_sad@mail.ru





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет