«Айша» бала бақшасы мкқК «Мектепке дейінгі жастағы балалармен жұмыс жасау барысында педагогикалық жобалау технологиясы»



бет5/6
Дата11.01.2017
өлшемі0,89 Mb.
#6662
1   2   3   4   5   6

«Күзбен кездесу» жобасы
Жобаның түрі: топтық, танымдық-шығармашылық
Мерзімі: 4 жұма
Қатысушылар: ересек тобының балалары, тәрбиешілер, ата-аналар, музыка жетекшісі
Мақсаты:Табиғатта, өсімдік әлемінде, адамдардың киімінде қарапайым маусымдық өзгерістерді байқауға үйрету. Табиғи құбылыстарды дербес бақылау тілегін, себеп-салдардық сипаттағы сұрақтарды қоюға тәрбиелеу. Қоршаған ортаның сұлулығына және оған қамқорлық қатынасқа байланысты мейірімді, құмарлық сезімдерін, күз мезгіліне деген сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:

  1. Балалардың күз туралы білімдері кеңейеді,

  2. Балалардың сөздік қоры молайып тілдері дамиды.

  3. Ата-аналар балабақша өміріне қатысады.




Жоба барысында өткізілген жұмыстар


  • Дидактикалық және желілі-рөльді ойындар («Жемістер мен көкөністер», «Көкөністер дүкені» т.б.)

  • Қимылды ойындар («Күн мен жаңбыр», «Аюдың апаны», «Сиқырлы айналу» т.б.)

  • Айналамен таныстыру, экология негіздері бөлімдерінің ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері

  • Серуендегі бақылаулар

  • Күз туралы әңгімелер

  • Көкөністер, жемістер, күзгі табиғат иллюстрацияларын қарастыру.

  • Шығармашылық бөлімінің оқу іс-әрекеттері (күз тақырыбына сурет салу, жапсыру, табиғат материалдармен жұмыс)

  • Күз туралы өлеңдер жаттау

  • Ата-аналармен жұмыс (Табиғи материалдардан әр-түрлі бейнелер жасау), ертеңгілікке дайындық.

  • “Ырысы мол Алтын күз” ертеңгілігі.


Жобаның қорытындысы:

«Ырысы мол Алтын күз!» ертеңгілігі

Мақсаты:

Күз мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыра отырып, әдептілікке, жинақылыққа тәрбиелеу



Ертеңгіліктің көрнекілігі: жыл мезгілдеріне арналған қабырға газеті, шарлар, гүлдер, жапырақтар, қанатты сөздер.

БАРЫСЫ:

Балалар залға қол ұстасып, баяу музыка ырғағымен кіріп, жарты шеңбер болып тұрады.



Жүргізуші: Құрметті балдырғандар, тәрбиешілер, ата-аналар! Бүгінгі сағындыра жеткен алтын күз мерекесіне қош келдіңіздер! Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: Күз мезгілі.

Жүргізуші: Күз мезгіліне қандай айлар жатады?

Балалар: Қыркүйек, қазан, қараша.

Жүргізуші: Балалар, күз мезгілінде қамбамыз астыққа толып, бау-бақшадан жинаған өнімдерімізге кенеліп, шаттыққа бөленіп жатамыз. Күз мезгілі – мерекелі де берекелі, молшылық мезгілі. Ендеше, осы молшылық мерекесіне байланысты бүгін сендермен «Ырысы мол Алтын күз» атты мерекелік іс-шарамызды өткізгелі отырмыз.

Ән шашу: «Күз»

Жерде жаңбыр жалтырайды

Жапырақтар қалтырайды

Көкте ай, күн балқымайды.

Көлде аққу қалқымайды.

Жел тұрудан жалықпайды

Күн жылытып жарытпайды

Жапырақтар жерге қарай

Қалықтайды, қалықтайды.



Жүргізуші: Балалар, алыстан келе жатқан қонағымызды қарсы алайық

Музыка ырғағымен Алтын күз қолына себетке салынған жемістермен кіреді.



Алтын Күз:

Сәлем, өнер достарым!

Өмірге көп қосқаным

Күз сыйлығын алыңдар,

Молшылыққа кенеліп,

Шаттықпенен ән салыңдар!


Жүргізуші: Армысыз, Алтын Күз! Біз сізді күтудеміз. Балалардың сізге әндері мен өлеңдері бар, қабыл алыңыз.

Алтын Күз: Жарайды, олай болса, мен тыңдайын.

Ахмет-али

Ұшты талдан жапырақ

Сары көбелек секілді.

Аспанда жай шатырлап,

Тамшы жерде секірді.

Д.Аяулым

Алтын сары, қызыл, көк...

Алуан – алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады жапырлап.

Нұрали

Әй, алақай, тамаша,

Шашу шашты жапырақ.

Бақтың іші алаша,

Аунар ма еді жатып ап!

Ажар

Жемісті мол теретін

Күз дос екен біздермен

Бәрін тауып беретін

Жомарт екен «күз» деген.


Ерназаров Әмір

Ән салыңдар, күліңдер

Жайнап гүлдей жүріңдер

Келіңдер күз тойын тойлайық

Би билейік ойнайық.

Жүргізуші: Алтын Күз, мұнымен біздің балалардың өнерлері әлі біткен жоқ.

Біз кішкентай балдырған

Сескенбейміз жаңбырдан

Төбемізде қол шатыр

Алдымызда жол жатыр
Қыздардың орындауында «Қолшатыр» биін тамашалаңыздар

Алтын Күз: Ой, қандай өнерлі балаларсыңдар! Мен сендерге жұмбақ алып келдім, соны дұрыс шешсеңдер бәріміз бірге ойын ойнаймыз:

Жұмбақтар:

Жиын-терін болатын,

Қамбаға астық толатын.

«Қызыл қырман» ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың? ( Күз)

Ағайынды бәрі:

Шықса – көк

Түссе – сары

(Жапырақтар)

Жауып жаңбыр,

Жер сабыр,

Шөп, жапырақ салады,

Бұл қай кезде болады? (Күзде)

Алтын Күз: Қандай ақылды балаларсыңдар, барлық жұмбақтардың шешімін таптыңдар, енді кезек ойынға келді

Алтын Күз «Күн мен жаңбыр» ойынын ойнайды.

Жүргізуші: Балалар, бізге тағы бір қонақ келе жатқан сияқты.

Түлкі қолына қапшық ұстап қонаққа келеді: Қалай көпсіңдер. Сендер мені күткен шығарсыңдар. Сәлеметсізбе Алтын Күз!

Жүргізуші: Сәлеметсіңбе Түлкі! Төрлетіңіз, қонағымыз болыңыз.

Түлкі: Сәлеметсіздер ме! Мен ең әдемімін, Мен ең қу, айлакер, сұлу түлкімін. Тек мен ғана жақсы ән шырқаймын, би билеймін.



Жүргізуші: Жоқ түлкі сен қателесесің. Балалар, мақтаншақ түлкіге өнерімізді көрсетейік

Балалардың орындауында Ән шашу: «Күзгі әуен»



  1. Күзгі, күзгі әуен

Күзгі әуен не деген

Оның әнін тыңдаңыздар

Қосылып бірге жырлаңыздар

УУУ-ООО-ААА

Күзгі әуен тамаша


  1. Күзгі, күзгі әуен

Күзгі әуен не деген

Жапырақтармен билеңдер

Тамашалап көріңдер

УУУ-ООО-ААА

Күзгі әуен тамаша


  1. Күзгі, күзгі әуен

Күзгі әуен не деген

Оның әнін тыңдаңыздар

Күзге сәлем айтыңыздар

УУУ-ААА-ООО

Күз өте тамаша!

Балалар тақпақтары:

С.Алдияр:

Мерейлі күз, мырза күз

Сыйлығыңа ризамыз

Аппақ арай таңында

Шомыламыз нұрға біз.

Азиз

Алтын күз, алтын күз

Күтеміз, сені біз

Көреміз, сізді біз

Келіңіз, келіңіз.

Рустам:

Көк майсалы көрікті

Алқаптағы көк егін.

Бұл күндері киіпті

Сары жібек көйлегін.

Алтаир

Жапырақ ұшты

Суық та түсті

Сонда да бізге

Қызық көп күзде

Аль-Фараби

Алмасын-ай, алмасын

Жемісі көп не деген

Жеп тауысып алмайсың

Өрік, шие, балы бар

Қарбыз, қауын көбейді.


Түлкі: Өте жақсы, жарайды, жақсы ән айтыңдар, өлең оқыдыңдар, мен білемін сендер «Сиқырлы қапшық» ойынын ойнай алмайсыңдар.

Түлкі ойынды жүргізеді.



Түлкі: Өте жақсы, ойынды да жақсы ойнайды екенсіңдер, ал билей аласыңдар ма?

Жүргізуші: Әрине, Ұлдардың орындауында «Саңырауқұлақтар» биі.

Түкі: Өте жақсы балалар, жақсы билейді екенсіңдер, ал ата-аналарың ойын ойнай ала ма екен? Ата-аналармен «Кім тез» ойынын жүргізеді.

Түлкі: Өте жақсы.Мен кетейін, қысқа дайындалайын. Сау болыңыздар!



Балалардың тақпақтары

Нұрай

Жел тынымсыз гуілдеп

Болып кетті тым бұзық

Шуылдайды тал, терек

Жапырағын жұлғызып.
Б.Аяулым

Келді міне алтын күз

Сары шашты жарқын күз

Мол өнімді әр ісімен

Риза етіп халқын қыз.

Е.Аяулым

Қуандырып біздерді

Мерекелі күз келді

Кел, жемісті алтын күз

Кемелденген халқымыз

Амира

Санай бер

Қарай бер

Бояуы жүз

Келді міне Алтын күз

Анеля:

Күзім-ау, күзім-ау

Мінезі бұзық-ау

Жаңбырың сіркіреп

Келгені қызық-ау.

Алтын Күз: Балалар, менің бір сыйқырлы ойыным бар. Ойнаймыз ба?

Ойын «Кім жоқ?»

Балалар билеп жүреді. Алтын күз бір баланы орамалмен жабады. Балалар кім орамалдың астына тығылғанын айтады, 2-3 рет ойнағаннан кейін Алтын Күз орамалдың астына себетке салған сыйлығын тығады.

Алтын Күз: Балдырғандар, бүгін сендер күз мерекесіне арнап жақсы өнер көрсеттіңдер! Өнерлерің өрге жүзсін. Мен сендерге ризашылығымды білдіре отырып, алтын күз айларында жиналған жеміс-жидектерді тарту етемін. Мына себеттегі толы жемістерді апайларыңа беремін, топтарыңа апарып дәмін татыңдар. Мен енді кетейін. Күз мезгілінен соң қыс жақындап келеді. Келесі жылы күзде жүздескенше. Сау болыңыздар.

Балалар Алтын Күзбен қоштасады.

Жүргізуші: Балалар, Алтын Күз берген жемістерді тобымызға апарып, дәмін татайық.

Құрметті ата-аналар, апайлар, біз ертеңгілігімізді аяқталғалы отырмыз. Берекелі, мерекелі жомарт күздің сыйлаған сыйы, әрбір отбасының ақ дастарқанынан арылмасын, еліміз аман, заманымыз тыныш болсын! Қош сау болыңыздар!

Балалар бір-бірінің артынан жүріп, музыка әуенімен шығып кетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет