“Ќайта ќђру” саясаты жѕне Ќазаќстан


Постсоветтік саяси жүйенің қалыптасуы



бет15/28
Дата12.12.2023
өлшемі492 Kb.
#196431
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   28
Байланысты:
stud.kz-456

Постсоветтік саяси жүйенің қалыптасуы.
Саяси қайта құру
Сайлау жүйесі
Көппартиялықтың қалыптасуы
Қазақстан Республикасы өз егемендігін алғаннан кейінгі негізгі мақсат Тәуелсіз мемлекет құрлысы мен азаматтық қоғам институттарын құру болды.
Бұл бағыттағы сапалы жылжуының негізі болып 1990ж. 25 қазанда республика Жоғарғы кеңесі Қазақ КСР-ң мемлекеттік егемендігі туралы Декларация болды. Қазақ КСР-ң 1978ж. қабылданған Конституциясына түзетулер кіргізу барысында. Президент институтын енгізді. Елдегі мемлекеттік, өкімет билігі жүйесі мен экономиканың күйзелуі жағдайында Қазақстанда саяси және экономикалық өмірді тұрақтандыруға көмектесетін Президенттік басқарудың енгізілуі заңды еді. Қабылданған Декларация Республиканың “шет мемлекеттермен экономикалық және сауда байланыстарын еріктілік пен тең праволылық принциптерін сақтай отырып, өзара тиімді шарттар негізінде құрады, сыртқы экономикалық қызмет мәселелерін дербес шешеді” (п.14). Бұл құжат “Декларация Одақтың шарт жасау, Қазақ КСР-ң жаңа Конституциясын, егеменді мемлекет ретінде Республиканың статусын жүзеге асыратын заң актілерін әзірлеу үшін негіз болып табылады” деп көрсетілді. 1991ж. 16 желтоқсанда Конституциялық Заң “Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздік туралы” заңы күшіне енді. Республиканың саяси-конституциялық дамуының жаңа кезеңі басталды. Қазақстан Республикасы өз территориясындағы барлық өкімет билігі өз қолында, ішкі және сыртқы саясатын дербес белгілейтін және жүргізілетін демократиялық принциптерін, жеке адам құқығы мен бостандығы, саяси тұрақтылық, ұлтаралық татулық мәселелері жарияланды.
1993ж. 28 қаңтарда Республика Жоғарғы Кеңесі құқықтық мемлекет құрудың ірге тасы, оның мемлекетілігін, тәуелсіздігін қамтамасыз етудің, экономикалық, мәдени және ғылыми-техникалық прогресс жолымен алға басуының кепілі болып табылатын Тәуелсіз Қазақстан Республикасы Конституциясы қабылданды.
1994ж. 7 наурызда Жоғарғы кеңестің ХІІІ шақырылуының сайлауы өткізілді. Бұл сайлаудың ерекшелігі, мажорлық жүйе көбінесе практикалықпен, яғни кандидаттардың депутаттыққа Президенттік ұсынылуы болып табылады. 1995ж. 6 сәуірде Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты “1994ж. 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің өкілеттілі еместігі” туралы қаулы қабылдады. Жоғарғы Кеңестің ХІІІ шақыруын қаулысына байланысты бұл қызмет 1993ж. Конституцияға негіз болды, өзінің өкілеттігін берді. 1995ж. Конституция, уақыт талабына сай мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру, азаматтардың құқығы мен бостандық мәселелерін ашып берді. Конституция Президент статусын жоғарлатты және Қазақстан Республикасында Президенттік басқару жүйесін конституциялық заңдармен нықтады. Конституция сәйкес тұрақты жұмыс істейтін қоспалаталы Парламент заң шығарушы орган ретінде танылды. Конституцияның маңызды артықшылығының бірі — оның жалпыға мәлім демократиялық құқықтық идеялар мен принциптерге бейімділігі болып табылады. Жаңа Конституция негізінде 1995ж. 9 желтоқсанда Қазақстан Республика тарихында бірінші қоспалаталы Парламент сайлауы өтті. Жоғарғы палата — Сенат, төменгі палата — Мәжіліс.
Қазақстандағы саяси реформа процесінің күшейту қажетілігінен туған заң шығару сайлауының нәтижесі 1998ж. 7 қазанда “Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Сенаттың өкілеттік мерзімі алты жылға дейін, ал Мәжілістің өкілеттік мерзімі бес жылға дейін ұзартылды, Идея бойынша бұл Парламенттің кәсібилігіне, мәні мен рөлінің артуына жәрдемдесуі тиіс. Мәжіліске сайлау қорытындысы бойынша, партиялық тізімдер негізінде партиялар сайлауға қатысқан болатын. Сайлау қорытындысы бойынша “Отан” партиясы (30,89% дауыс), Аграрлық партия (12,63%) Коммунистік партия (17,75% дауыс), Азаматтық партия (11,23%) ие болды.
1999ж. қаңтардағы Қазақстан Республикасы Президентін сайлау компаниясы бірінші рет альтернативті негізде өткізілді. 1999ж. 10 қаңтарда өткен сайлау қорытындысы бойынша Н.Ә.Назарбаевқа сайлаушылар 81,75% дауыс берді. Өткізілген саяси қайта құрулар жас тәуелсіз мемлекетіміздің демократиялық, саяси дамуының негізі болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет