“Ќайта ќђру” саясаты жѕне Ќазаќстан



бет16/28
Дата12.12.2023
өлшемі492 Kb.
#196431
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   28
Байланысты:
stud.kz-456

2. Сайлау жүйесі
Сайлау жүйесі мемлекеттік құрлыстың негізгі элементі болып табылады. Қазақстан Республикасында сайлау жүйесі мен сайлау құқығы халықтық егемендіктің бір белгісі ретінде көрінеді, соған байланысты Президент сайлауы, Мәжіліс депутаттары мен жергілікті Маслихат-сайлауы жүргізіледі.
Республиканың сайлау құқығының көзі құқықтық актілер, конституция құқық нормалары, қоғамдық қатынастарды бағыттаушы, елдегі сайлау органдарының бағытын құрастыру болып табылады.
Сайлау заңы бірнеше кезеңдерден өтті: 1993ж. аяғында көпшілікке байланысты маторитарлық жүйе қабылданды, 1995ж. маторитарлық жүйе абсолютті көпшілік және 1998ж. пропорциональды жүйе элементі енгізілді. 1998ж. “Сайлау туралы” Заң, қосымша ережелерімен қатар бүгінгі таңда сайлау өткізудің негізгі қайнар көзі болып табылады.
3. Көппартиялық жүйенің құрылуы
Еліміздің өмірінде саяси партиялар мен қоғамдық-саяси қозғалыстардың дамуы мен құрылу процесі.
Көппартиялық институттардың пайда болуы еліміздегі азаматтық қоғамның құрылуының негізгі сипаттарының бірі болып табылады.
Саяси партиялар мен қозғалыстардың дамуы, қоғамдағы саяси жүйе және мемлекеттің демократиялық табиғатының күшейуінің негізгі факторы мен оның азаматтарының саяси құқығын қамтамасыз ету болып табылады.
Қазақстандағы көппартиялы жүйенің құрылу процесін бірнеше кезеңдерге бөлуге болады.
Ресми емес қозғалыстардың дамуы Қазақстанның қоғамдық өміріндегі заңды құбылыс еді, оның бастама негізі экономикалық қозғалыс, сонымен қатар Алматыдағы желтоқсан (1986ж) оқиғаларынан кейін туған қоғамдық-саяси жағдай болды.
Республикада тәуелсіз ұйымдар экологиялық “Жасыл майдан”, (кейінірек “Табиғат”), “Жетісу” және т.б. қоғамдық ұйымдар құрылды. Ядролық қаруға қарсы “Невада Семей” қозғалысы және Арал, балқаш, Қазақстан экологиясының проблемалары жөніндегі комитет республика, кейінірек халықаралық көлемдегі “Некст-Стоп”, “Әлем дәрігерлері ядролық соғысқа қарсы” қоғамдық-саяси ұйымдарға айналды.
Қазақстан аймағында Бүкілодақтық үлікті тарихи-ағартушылық қоғам “Әділет”, “Қазақ тілі”, Қазақстан мұсылман-әйелдер Лиғасы және т.б. қоғамдардың бөлімдер жұмыстар атқара бастады.
1989ж. аяғында Қазақстан ерікті қоғамдық ұйымдарының Ассоциациясына (АНООК) “Демократиялық қоғам”, “Мемориал”, “Невада-Семей”, “Жасыл майдан” ерікті кәсіподақ “Бірлесу” және басқа ұйымдар филиалдары кірді.
Қазақстанда көп партиялықтың қалыптасу процесіне талдау жасай келіп, мұны тоталитаризмнен демократияға өтпелі кезеңнің бастамасы ғана деп санауға болады.
Ұлттық-демократиялық сипаттағы ресми емес бірлестіктер “Желтоқсан”, “Азат”, “Жерұйық” және басқа ұйымдар құрылды.
Қазақстанда көп партиялық жүйенің қалыптасу кезеңі 1990ж. басталды. Бұл кезең көппартиялық жүйенің нақты құрылу кезеңі болып саналады. Осы процестің күрт өзгеруіне, қоғамдық демократияландыруда 1990ж. КСРО халық депутаттарының екінші съезінде КСРО Конституциясының алтыншы бабының, яғни кеңестік қоғамдағы КПСС билігі жөніндегі бап, алынып тастауы болды.
1990ж. мамырда Қазақстанның социал-демократиялық партиясы құрылды.
1990ж. сәуірде “Алаш” ұлттық тәуелсіздік партиясының бірінші Құрылтай съезі өткізілді.
1991ж. 27 маусымда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің “Қоғамдық ұйымдар туралы” заңы, Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде көп партиялық жүйе өзінің заңды түрде статусын алды. 1991ж. желтоқсанда Жоғарғы Кеңес Қазақстан Республикасының өз территориясындағы бүкіл өкімет өз билігі өз қолында, ішкі және сыртқы саясатын дербес белгілейтін және жүргізетін демократиялық мемлекеттің мемлекеттік тәуелсіздігін жариялануы, Республика тарихында жаңа кезең басталуына әкелді.
1994ж. желтоқсанда Қазақстан Республикасының Юстиция Министрлігінде төрт саяси партия тіркеуге алынды: Қазақстан Халық Конгрессі (НКК), Қазақстан Республикалық партиясы (РКП), Қазақстан Социалистік партиясы (СПК) және Қазақстан Коммунистік партиясы (КПК). Саяси партиялар мен қатар қоғамдық қозғалыстар деп тіркеуден өтті: “Қазақстан инженерлер одағы”, “Қазақстан халықтар бірлігінің одағы” және зейнеткерлердің әлеуметтік құқығын қорғаушы “Поколение” сияқты ұйымдар.
1992ж. Республиканың қоғамдық-саяси өмінінде кейбір партиялар мен қозғалыстар саяси оппозициялық көрсете бастады. Сол кездегі оппозициялық бағыттағы партиялар қатарына “Қазақстан Социалистік партиясы”, “Қазақстан Халық Конгрессі”, “Қазақстан Коммунистік партиясы”, “Алаш” партиясы, “Қазақстан социал-демократиялық партиясы” және “Азат” партиялары кірді. 1994ж. көптеген оппозициялық партиялар мен қозғалыстар “Республика — Қоғамдық ұйымдардың Координационалды Кеңесін ресми емес блогіне енді.”
1994ж. наурызда саяси партиялар үкімет билігі органдарын сайлаудың барлық түріне қатысуға мүмкіндіктер алды. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің 13 шақыруындағы 176 депутаттың, Орталық сайлау комиссиясының мәліметтері бойынша, 75 адам саяси партиялар мен басқа да қоғамдық-саяси ұйымдардан сайланған. 1996ж. Қазақстан Республиканың Заңындағы “Саяси партиялар туралы” заңның қабылдануы Қазақстандағы көп партиялық және қоғамдық-саяси ұйымдардың дамуының жаңа кезеңі процесіне әкелді.
Сол уақытта, жоғарыда аталған тіркеуден өткен партиялар қатарына ресми түрде ҚР юстиция Министрлігінде бір саяси партиялар тіркеуден өтті: Қазақстан халықтар бірлігі партиясы (ПНЕК), Қазақстан демократиялық партиясы (ДПК) Қазақстан халықтық-кооперативтік партиясы (НКПК), Қазақстан Өрлеу партиясы (ПВК) және Республикалық еңбек саяси-партиясы (РППТ).
Сонымен қатар жоғарыда атап көрсеткен партиялар мен қоғамдық-саяси қозғалыстармен қатар, Республикалық славяндық қозғалыс “Лад”, Қазақстанның жұмысшылар қозғалысы, Қазақстанның либералдық қозғалысы “Азамат” қозғалысы, ұлттық-мәдени орталықтар, кәсіподақтар және әртүрлі сипаттағы және бағыттағы қоғамдық ұйымдар құрылды.
Қазақстанда көп партиялық жүйенің құрылуының жаңа кезеңі, Мемлекет Басшысы мен республикадағы билік өкілдері органдарын сайлау кезеңі болып табылады. 1—8ж. қыркүйек айымен 1999ж. қаңтар аралығында Қазақстан Азаматтық партиясы құрылды (ГПК), Қазақстан халықтық республикалық партиясы (РНПК), “Азамат” Демократиялық партиясы, Қазақстан Аграрлық партиясы (АПК) “Отан” Республикалық саяси партиясы, қоғамдық қозғалыстар “За честные выборы”, “Қазақстан 2030”, “Өрлеу” болды.
1999ж. Қазақстан Республикасы Парламентін сайлау алдында негізгі саяси күштер консолидациясы болды. “Отан” партиясы, Қазақстан халықтар бірлігі, Қазақстан Демократиялық партиясы, либералды “За Казахстан 2030” қозғалыстарының ресми бағыттарын қолдайды. Саяси аренада жаңа қоғамдық-саяси ұйымдар пайда болды:
Қазақстандағы орыстар, славяндар ассоциасиясы мен казактік ұйымдар қатарына “Лад”, “Русская община”, “Семиреченская казачья община” және “Союз казаков Степного края” кірді. Сонымен қатар “Қазақстан әйелдері ұйымдарының саяси альянсы партиясы мен қоғамдық қозғалыс” Респулика-2000 құрылды. 1999ж. ҚР парламенттің Мәжіліс депутаттарын сайлау қорытындысы бойынша, республика өкілеттік органдары дауыс алу проценті бойынша келісі партиялар кірді. “Отан” — 30,89% — 4 депутат, Коммунистік партия — 17,75%, Қазақстан Аграрлық партиясы 12,63%, Қазақстан Азаматтық партиясы 11,23% — 2 депутаттан тұрды.
2000ж. Парламенттің ішкі жағдайы, саяси-идеялық бытыраңқылық пен бәсекелерге байланысты Шаруалық социал-демократиялық партия “Ауыл” (басшысы Мәжіліс депутаты Т.Калиев) және Қазақстан патриоттар партиясы, (басшысы Мәжіліс депутаты Ғ.Қасымов) құрылды.
Жоғарыда көрсетілген партиялар — демократиялық типтегі партиялар болып есептеленеді. Кейбір партияларды сайлар партиясы, партия-клубтары деп атауға да болады. Қазақстанда дәстүрлі екі партиялық жүйе — билік партиясы — оппозиция партиясы құрылған жоқ.
Қазіргі таңда республикада 16 ресми түрде тіркеуден өткен партиялар жұмыс жасауда. Қазақстанның көп партиялы жүйесінде болашақта жаңа партиялардың құрылуы мүмкін, ол өз бағытында жаңа кезеңнің дамуының негізі болуына әкелуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет