“Ќайта ќђру” саясаты жѕне Ќазаќстан



бет13/28
Дата12.12.2023
өлшемі492 Kb.
#196431
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28
Байланысты:
stud.kz-456

Президент cайлауы
Алғашқы Президент
Республика Тәуелсіздігін нығайту үшін жалпы халықтық сайлау негізінде Республика Президенті сайланды. 1991ж. 16 қазанда Қазақ КСР-ң Жоғарғы Кеңесінің қаулысы бойынша, 1991ж. 1 желтоқсанда сайлау өткізу жайлы қаулы қабылдады. Мемлекет басшысын халықтық сайлау арқылы өткізу бірінші рет болды. Қазақ КСР-ң Жоғарғы Кеңесінің кезектен тыс сессиясында “Президент сайлау туралы заң” қабылданды, бұл қызметке Н.Ә.Назарбаев кандитатурасы ұсынылды. Н.Ә.Назарбаевтың өмірбаяны қазақстандықтарға жақсы таныс. Ол 1940ж. Алматы облысының, Қаскелен ауданының, Шамалған селосында өмірге келген. Білімі жоғары. Мамандығы инженер-металлург. Экономика ғылымдарының докторы.
Еңбек қызметін 1960ж. Қарағанды облысының Теміртау қаласында “Казметаллургстрой” тресінде жұмысшылықтан бастады. Кейін Қарағанды металлургия комбинатының шойын құюшысы, тау қызметкері, диспетчер, газдаушы, домна пешінің бас газдаушысы жұмысын атқарды. 1969ж. Партия қызметіне ауысты бастап Теміртау қалалық партиясының өндірістік-транспорт бөлімінің басшысы болды. 1969—1971ж.ж. аралығында Теміртау қалалық комсомол комитетінің бірінші хатшысы болды. 1971ж. Теміртау қалалық партия комитетінің екінші хатшысы болып сайланды. 1973—1977ж.ж. аралығында Қарағанды металл комбинатының партия комитетінің хатшысы, 1977—1979жж. Қарағанды облыстық партия комитетінің екінші хатшысы. 1979—1984жж. Қазақстан Орталық Атқару Коммунистік партиясының хатшысы. 1984 жылдан бастап Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы. 1989ж. маусым айынан бастап Н.Ә.Назарбаев — Қазақстан Коммунистік партия Орталық комитетінің бірінші хатшысы.
1990ж. сәуір айынан бастап Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Н.Ә.Назарбаевты, Қазақ Кеңестің Социалистік Республикасының Президенті етіп сайлады.
Қазақстан тұрғындарының көпшілігі Н.Ә.Назарбаевтың “Желтоқсан” ұлттық-демократиялық партиясының Төрағасы Х.Қожахметов өз кандидатурасын ұсынғанымен, 100000 дауыс жиналмағандықтан, кандидат ретінде тіркелген жоқ. Сондықтан да Н.Ә.Назарбаев кандидатурасы альтернативасыз өтті. 1991ж. 1 желтоқсанда жалпы халықтық сайлауда Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев сайланды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет