“Ќайта ќђру” саясаты жѕне Ќазаќстан


Қазақстан Республикасының Конституциясы



бет10/28
Дата12.12.2023
өлшемі492 Kb.
#196431
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28
Байланысты:
stud.kz-456

Қазақстан Республикасының Конституциясы
1993ж. 28 қаңтарда егеменді тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің бірінші Конституциясы қабылданды. Ол құқықтық мемлекет құру, оның мемлекеттілігінің тәуелсіздігін қамтамасыз етудің кепілі болып табылатын тарихи орын алатын ҚР Конституциясы болды. Алайда, қоғам дамуының қажеттілігі негізінде жаңа Конституция жобасы жасалды. Ол 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдум негізінде жаңа Конституция қабылданды. 1998ж. 8 қазанда Қазақстан Республикасының Президентінің ұсынысымен Парламент Конституцияға толықтырулар мен өзгертулер енгізді. Қазақстан Республикасының Конституциясы 9 бөлімнен және 98 баптан тұрады. Конституция бойынша Қазақстан Республикасы өзінің барлық азаматтарына бірдей құқық қамтамасыз ететін демократиялық, зиялы және біртұтас мемлекет. Қазақстан республикасы адамды, оның өмірін, бостандығы мен тәуелсіздігін, оның ажырамас құқықтарын ең қымбат қазына деп санайды және өз қызметін азамат пен қоғамның мүдделері үшін жүзеге асырады. Конституцияда Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық идеялары да айқындалды. Конституция бойынша саяси және идеологиялық әртүрлігі көбейді, ол әртүрлі саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар құруға мүмкіндік берді. Мемлекеттік және жекеменшік мүліктің қорғалуы да заңға тікелей байланысты болды. Жер мен оның байлығы, су, өсімдік және жануарлар дүниесі мемлекет меншігі болып есептелінеді. Мемлекеттік тіл — қазақ тілі. Мемлекет Қазақстан халықтарының тілін оқыту мен дамытуда жағдай жасауда. “Адам және азамат” бөлімі Қазақстан Республикасының азаматтығы заңға сәйкес алынады және тоқтатылады, ол қандай негізде алынғанына қарамастан бірыңғай және тең болып табылады. Адамның және азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұсқан келтірмеуі тиіс.
Конституцияның ІІІ, IV, V, VI, VII бөлімдері Президент, Парламент, Үкімет, Конституциялық Кеңес және Соттар мен сот төрелігі статустарына берілген. Ерекше бап — 83. Ол Прокуратураға байланысты. Прокуратура мемлекет атынан Республиканың аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының және де өзге нормативтік құқықтық актілердің дәлме-дәл қолданылуын, әкімшілік және орындаушылық іс жүргізудің заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады. Прокуратура сотта мемлекет мүддесін білдіреді. Сонымен қатар заңмен белгіленген жағдайда, тәртіпке және қылмыстық құғындауды жүзеге асырады. Келесі бөлім “Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару” Жергілікті басқару органдарына маслихат жатады. Маслихаттар — тиісті әкімшілік-аумақтың бөліністегі халықтың еркін білдіреді және жалпы мемлекеттік мүддерлерде ескере отырып, оны іске асыруға қажетті шараларды белгілейді, олардың жүзеге алуын бақылайды. 2001ж. 24 қаңтарында “Жергілікті мемлекеттік басқару” туралы жаңа заң қабылданды, онда әкімшіліктер мен маслихаттардың негізгі қызметтері ұйымдастыру тәртібі қабылданды.
Қазақстан Республикасы Конституциясы биік заңды күшке ие. Бұл дегеніміз Президент өнімдері, Үкімет қаулылары басқа да нормативті құқықты актілер Конституция нормаларына қайшы келмеуі тиіс. Конституция Қазақстан аумағының барлық жеріне бірдей тиесілі. Халықаралық келіссөздер Қазақстан Республикасының Конституциясына қарама-қайшы келмеуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет