“Ќайта ќђру” саясаты жѕне Ќазаќстан


Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі



бет9/28
Дата12.12.2023
өлшемі492 Kb.
#196431
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   28
Байланысты:
stud.kz-456
Grey minimalist business project presentation 20231122 093204 0000, Өнер тарихы Билет, Organic Scrapbook illustrated Ancient Greece history presentation 20231011 190139 0000, stud.kz-456, Документ
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі.
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі мемлекеттегі Негізгі Заңның жоғарғы органы болып табылады. Ол, 1995ж. Конституция негізінде қабылданған және 1992ж. мен 1995ж. аралығындағы қолданылған Конституциялық Сотты алмастырды. Оның негізгі құрылуына конституциялық бақылаудың француз тәсілі қойылды, оған биік салаларың ешбірі тікелей қатыспайды. Конституциялық Кеңес дербес және мемлекеттік органдардан, саяси партиялардан, қоғамдық ұйымдасудан тәуелсіз, тек Конституцияға бағынады.
Конституциялық Кеңес құрылу негізі — оның мемлекет лауазымды қызметкерлері мүшелерін тағайындауы; Конституциялық Кеңестің екі мүшесін Республиканың Президенті, екі мүшесін Сенаттың Төрағасы және екі мүшесін Мәжілістің Төрағасы тағайындайды, олардың өкілеттігі алты жылға созылады Республиканың экс-Президенттері құқығы бойынша ғұмыр бойы Конституциялық Кеңестің мүшелері болып табылады. Конституциялық Кеңес мүшелерінің міндеті жалпы дауыс беру негізінде шешімді егер дауыс тең бөлінген жағдайда Конституциялық кеңес Төрағасының даусы шешуші болып табылады.
Конституциялық Кеңес Қазақстан Республикасы Президентінің, Сенат Төрағасының, Мәжіліс Төрағасының, Парламент депутаттарының жалпы санының кемінде бестен бір бөлігінің, Премьер-Министрдің өтініші бойынша:

  1. 1) Дау туған жағдайда Республика Президентінің, Парламент депутаттарының сайлауын өткізудің және республикалық референдум өткізудің дұрыстығы туралы мәселені шешеді.

  2. 2) Парламент қабылдаған заңдардың Республика Конституциясына сәйкестігін Президент қол қойғанға дейін қарайды.

  3. 3) Республиканың халықаралық шарттарын бекіткенге дейін олардың Конституцияға сәйкестігін қарайды.

  4. 4) Конституцияның нормаларына ресми түсіндірме береді.

  5. 5) Конституцияның 47 бабының 1 және 2-тармақтарында көрсетілген реттерде қорытындылар береді.

Алдында көрсеткен жоғары мемлекеттік лауазымды қызметтер қатарына сот төрелігі де жатады. Қазақстанның сот төрелігін тек сот қана жүргізеді. Сот билігі сотта іс жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандарымен жүзеге асырылады. Конституциялық Кеңесте көрсетілген, Президенттің қызметке кірісуі, Парламенттің сайлаған депутаттарын тіркеу не республикалық референдум нәтижелерін шығару тоқтатыла тұрады. Конституциялық Кеңеске көрсетілген мәселелер бойынша өтініш жасалған ретте, тиісті актілерге қол қою мен оларды бекіту мерзімінің өтуі де тоқтатыла тұрады. Конституциялық Кеңес өтініштер түскен күннен бастап бір ай ішінде өз шешімін шығарады. Егер мәселе кейінге қалдыруға болмайтын болса, Республика Президентінің талабы бойынша бұл мерзім он күнге дейін қысқартылуы мүмкін. Конституциялық Кеңестің заңды күші өте жоғары, егер Қазақстан Республикасының Конституциясына кері деп танылған заңдар мен халықаралық шарттарға қол қойылмайды, тиісінше бекітілмейді және күшіне енгізілмейді. Адамның және азаматтың Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтарына нұсқан келтірілген деп танылған заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің күші жойылады. Конституциялық Кеңестің шешімдері қабылданған күннен барлық аумағында жалпыға бірдей міндетті, түпкілікті болып табылады және шағымдануға жатпайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет