“Ќайта ќђру” саясаты жѕне Ќазаќстан



бет6/28
Дата12.12.2023
өлшемі492 Kb.
#196431
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
stud.kz-456
Grey minimalist business project presentation 20231122 093204 0000, Өнер тарихы Билет, Organic Scrapbook illustrated Ancient Greece history presentation 20231011 190139 0000, stud.kz-456, Документ
Сайлау жүйесі

Сайлау жүйесі мемлекеттік құрлыстың негізгі элементі болып табылады. Қазақстан Республикасында сайлау жүйесі мен сайлау құқығы халықтық егемендіктің бір белгісі ретінде көрінеді, соған байланысты Президент сайлауы, Мәжіліс депутаттары мен жергілікті Маслихат-сайлауы жүргізіледі.


Республиканың сайлау құқығының көзі құқықтық актілер, конституция құқық нормалары, қоғамдық қатынастарды бағыттаушы, елдегі сайлау органдарының бағытын құрастыру болып табылады.
Сайлау заңы бірнеше кезеңдерден өтті: 1993ж. аяғында көпшілікке байланысты маторитарлық жүйе қабылданды, 1995ж. маторитарлық жүйе абсолютті көпшілік және 1998ж. пропорциональды жүйе элементі енгізілді. 1998ж. “Сайлау туралы” Заң, қосымша ережелерімен қатар, бүгінгі таңда сайлау өткізудің негізгі қайнар көзі болып табылады.


Мемлекеттік құрылыс
Парламент

ҚР-ның Конституциясы


Қаз.Сов. Соц. Республикасының мемлекеттік егемендік туралы декларациясы

Мемлекеттік басқару реформасы


ҚР-ның Президенті — мемлекеттің сайланған басшысы, оның жоғарғы лауазымды тұлғасы.
Президент институты ҚР-нда 1990ж. пайда болды ҚР Президентінің құқықтық мәртебесі Қаз КСР-ның 1990ж. 24 сәуірдегі “ҚазКСР Президенті міндетін тағайындау және ҚазКСР Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы” заңымен белгіленген.
Президент Институты үлгісін мына концепция белгіледі: Президент — атқарушы билік басшысы, Республикалық Кеңестің шеңберінде. Бұл заң 5 жылға жасырын дауыс беру арқылы бүкілхалықтық, тең төте Президент сайлауын қарастырады. Президент депутат бола алмайтын, Жоғарғы Кеңестің, Жоғарғы Кеңес Президиумының жұмыстарына қатыса алатын; Министрлер кеңесінің мәжілістеріне төрағалық етуге құқылы болатын; Жоғарғы Кеңеске өз кандидатурасын Министрлер Кеңесінің Төрағалығына, Халықтық Бақылау Комитетінің Төрағалығына, Жоғарғы сот Төрағалығына, Бас мемлекеттік соттыққа ұсынуға; Жоғарғы кеңеске Жоғарғы Сот Төрағасынан басқа көрсетілген лауазымды тұлғаларды қызметтен босату туралы ұсыныстармен кіре алатын: Президент Жоғарғы Кеңес алдында Министрлер Кеңесін отставкаға жіберу шешімін, Министрлер Кеңесінің Председателімен кеңесу арқылы Үкімет мүшелерін Жоғарғы Кеңестің бекітуімен қызметке тағайындау мен босату құқығына ие болды. Президент Республика басшысы сайланғанда, Қазақстанның ішкі және халықаралық қатынастарын жүргізуге құқылы да міндетті: Қазақ мемлекеттігі шеңберінде Республикадағы жоғары атқарушы және билік жүргізуші өкімет басшысы ретінде Қазақ ҚСР-ның Президентіне жеткілікті өкілеттік беру қажеттігі пісіп жетілді. Мұндай өкілеттіктер республика парламенті 1991ж. 20 қарашада қабылдаған Қазақ ҚСР-ның “Қазақ ҚСР-да мемлекеттік өкімет билігі мен басқару құрылымын жетілдіру және Қазақ КСР Конституциясына өзгерістер мен қосымшалар еңгізу туралы” Заңы қабылданды.
1991ж. 1 желтоқсанында Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің 1991ж. 16 қазандағы шешіміне сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің жалпы халықтық сайлауы өтті, қорытындысында мемлекет басшылығына 98,7% Н.Ә.Назарбаев сайланды, ал Вице-Президент болып Е.М.Асанбаев сайланды.
1993ж. 28 қаңтарда Жоғарғы кеңес қабылдаған Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті мемлекет басшысы және Республиканың тұтас атқарушы билік жүйесін басқарады; Жоғарғы Кеңес келісімі бойынша Премьер-министрді сайлау; Қазақстан Республикасын халықаралық қатынастарда таныстыру; Қазақстан Республикасы келіссөздер жүргізу мен келісім шартқа қол қою; Республиканың келісім шарттарының дұрыс жүргізілуі мен міндеттерін; Қазақстан Республикасы халықтары мен оның Жоғарғы кеңесіне үндеуі; негізінде Қазақстан Республикасы Заңы мен Конституциясының өкімдері, қаулылары Қазақстан Республикасының барлық территориясына күшін иеленді; Парламент депутаттарының жалпы санының 2/3 көпшілік дауыс шешімі бойынша тиым салу құқығын иеленді.
1995ж. Конституция. 1995ж. 30 тамыздағы республикалық референдумда мемлекеттік билік жүйесінің түпкілікті реформасы болды; Қазақстан мемлекеті Президенттік басқару формасын жариялайды.
Конституция шешімі бойынша, Президент Қазақстан Республикасыда туылған азамат, 35 жастан жас емес, 65 жастан үлкен емес мемлекеттік тілді толық меңгерген, Қазақстанда 15 жылдан астам тұрған болуы қажет. Президент мандаты — 5 жыл. Республика Президенті мемлекет басшысы, оның жоғарғы қызмет адамы, Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағытын анықтаушы, Қазақстан Республикасын мемлекеті ішінде және халықаралық қатынастарда, мемлекет билігі мен халықтар бірлігінің (гаранты) кепілі, Конституция бойынша Қазақстан Республикасы барлық азаматтардың бірдей құқығы мен бостандығы, мемлекеттік билік пен биліктің жауапты органдарының халық алдындағы жауап-күшілігі.
Президент кең өкілдікпен қамтамасыз етілді; Парламент Премьер-министрінің келісімімен Үкіметті құрайды, оны қызметтен босатады, парламенттің Жоғарғы палатасын құруға қатынасады, заңдар мен өнімдер шығаруға құқылы, республикалық референдум өткізуге және оның шешімін қабылдайды, Республиканың Қарулы күштерінің Бас басқарушысы, Қарулы күштердің жоғарғы басқаруышысын қызметке тағайындау мен қызметтен босату, 5 жыл уақытқа қызметке сайлау, Санақ Комитетінің республикалық бюджеттін бақылау мен атқаруынының Председателі, төтенше жағдай сипаты барысында Қазақстан территориясының барлық жерінде төтенше жағдай жасауға құқылы, және т.б.
Президент парламентті таратуға 1)Үкіметке сенімсіздік білдіру. 2) Премьер-Министрдің тағайындау келісіміне екі реттен артық келісім бермеу. 3) парламент палатасы немесе парламентпен және мемлекет басқару саласы арасында саяси дағдарыс пен (алаусыздық) келіспеушілік туғанда.
1998ж. қазан айында Президент Н.Ә.Назарбаев конституциялық реформа өткізу ынтасын көрсетті. Парламентариялармен өткізген консультация (кеңестен) кейін, кейбір депутаттардың келіспеушіліктерінен соң парламенттің Мәжілісі мен Сенатының біріккен мәжілісінде 1995ж. Қазақстан Республикасының Конституциясына түзетулер енгізілді. — Қазақстан Республикасы Заңы “Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгертулер мен қосымшалар туралы” Президент, Парламент Үкімет сайлаулар конституциялы — құқықтық статусына байланысты. Конституцияға 19 түзетулер енгізілді. Нақты түзетулер Президент мезгілінің ұзартылуы, яғни 5 жылдан 7 жылға дейін; Президент жасына байланысты түзету; сайлау кезінде 50% төмен дауыс алмау;
1999ж. Президент сайлауының неліктен тыс сайлауында Н.Ә.Назарбаев жеңіске жетті.
2000ж. 27 мауысымында Қазақстан Республикасының Парламент палаталарының біріккен мәжілісінде “Қазақстан Республикасының алғашқы Президенті туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы қабылданды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет