“Ќайта ќђру” саясаты жѕне Ќазаќстан



бет3/28
Дата12.12.2023
өлшемі492 Kb.
#196431
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
stud.kz-456
Grey minimalist business project presentation 20231122 093204 0000, Өнер тарихы Билет, Organic Scrapbook illustrated Ancient Greece history presentation 20231011 190139 0000, stud.kz-456, Документ
Қоғамның рухани өмірі
Алматыдағы желтоқсан оқиғалары тұңғыш рет басқарушы Коммунистік партияның жариялылық пен демократияландыру идеяларын өрістету ауданын болмашы ғана шекте елестеткенін шынайы көрсетіп берді. Олардың жүзеге асырылуына мәдени және интеллектуалдық өмір саласында рұқсат етілгенімен Жүйені сынау мен оған қарсы келетін нәрсенің бәріне қатаң қадағалау енгізілген еді.
Тіпті сол жағдайдың өзінде шаралар бір-біріне қайшы келді. Мәскеу мен Ленинградта бұрын қуғындалған жазушылардың тиым салынған еңбектерін жариялаған әдеби журналдар, қоғамды таң қалдырған публицистердің мақалалары миллиондаған тиражбен шығып жатқанда, Қазақстан өкіметтің қолдауымен “интеллектуалдық шөл” болып қала берді. Оның үстіне “қазақ ұлтшылдығымен” күрес бойынша кеңінен өріс алған әрекеттер шеңберінде халықтың тарихи жадынан ұлттық-либералдық интеллигенциямен, репрессиялы сталиндік режиммен байланысты нәрселердің бәрін тағы бір рет өшіру жұмыстары басталды.
Жариялылықтың бәрі баспасөз бен партиялық-шаруашылық жиындарда сыбайластықты, кадрлық және аймақтық протекционизмді сынауға алып келді. “Өкіметтің осы келеңсіздіктермен күресуге мызғымас шешімін іске асыру мақсатында бірқатар лауазымды тұлғалардың үстерінен қылмыстық істер қозғалды.
Халықтың тұрмыстық — әлеуметтік жағдайы
60ж. ортасында аз елдің партиялық-мемлекеттік басшылығы халықтың ақшалай табысын арттыру бағытын ұстады. Мұның өзі халықтың тұрмыс дәрежесінің 40-50 жылдар мен салыстырғанда артыуында белгілі дәрежеде оң рөл атқарды. 70ж. бірінші жартысында халық шаруашылығының өндірістік салаларында жаңа ставкамен жалақы белгіленді, ең төменгі жалақы 70 сомға жеткізілді. 1977—1978жж. өндірістік емес салалардың қызметкерлері үшін жаңа өлшемдер мен жалақылар белгіленді. Егер 1965ж. халықтың 4% ғана табысы айына жанұя мүшелеріне шаққанда 100 сомнан және одан жоғары болса, ол 1977ж. олардың саны 40% жетті. Тұтас алғанда республика жұмысшылары мен қызметкерлерінің орташа айлық табысы 1971—1989жж. 89%, 123,7 сомнан 233,7 сомға дейін, өнеркәсіп жұмысшыларының табысы осыған сай 93,6% 133,9 сомнан 259,3 сомға дейін өсті. Совхоздар қызметкерлерінің жалақысы да елеулі түрде — 121 сомнан 247 сомға дейін өсті. Колхозшылардың кепілді еңбек ақысы өсті. (100 сомнан — 210 сомға) халықтың төмен айлық алатын өкілдері орташа айлық алатындар дәрежесіне көтерілді. Жасына қарай төленетін айлық орташа зейнетақы 51,1 сомнан 93,2 сомға дейін көтерілді.
Жалақының осындай дәрежеде өсуі жылдар бойы халықтың тұрмыс дәрежесі үнемі өсіп келеді деп санады, ал шын мәнінде бұл шындыққа сай емес еді. Мемлекеттің және монополист кәсіпорындарының бағаны көтеруі, товарлар сапасының төмендеуі, тапшылықтың өсуі, жалақы көлемін қолдан төмендету, ақы төлеудегі теңгермешілік сияқты факторлар халықтың тұрмыс дәрежесінің құлдырай беруіне әкеп соқты. Өнеркәсіптегі таза өнімде жалақының үлесі үнемі төмендей берді, 1927ж. ол 58% болса, 1985ж. 36% болды.
Халықтың нақты табысының төмендеуіне ақшаның құнсыздануы да әсер етті, мұны көп уақыт бойы мемлекеттік органдар халықтан жасырып келді. Құнсыздану қарқыны жылына 4% (ғалымдар есебі бойыншаша) екенін есептегенде нақты жалақы 1970—1986жж. 20% төмендеді. 1985ж. 1 сом 60ж-ң ортасындағы 1 соммен салыстырғанда 54 тиынға тең еді. ОКП ХХV съезінде партия басшылығы ақшалай табыстың жеке өзін алып қарағанда тұрмыс дәрежесінің нақты өсуі емес екенін мойындауға мәжбүр болды.
Қарастырылып отырған осы жылдары халықты қоғамдық тұтыну қоры есебінен қамтамасыз ету біраз жақсарды. Оның едәуір бөлігі жәрдем зейнетақы және степендия төлеуге, тегін білім алуға, денсаулық сақтауға, мәдени тұрмыстық қызмет көрсетуге жұмсалды. 1971ж. колхозшылар үшін де жұмысшылар мен қызметкерлерге белгіленгендей зейнетақы белгілеу тәртібі енгізілді. 1972—1974жж. соғыс және еңбек мүгедектеріне айлық орташа зейнетақы 33% көбейтілді. 1975ж. Отан соғысы мүгедектеріне қосымша жеңілдіктер енгізілді. Ана мен баланы қорғау жөніндегі шаралар белгіленді. Отан соғысы на қатынасқандардың материалдық-тұрмыс жағдайы жақсартылды, бала кезінен мүгедек болғандарға жәрдем көбейтілді. Алайда бұл шаралардың халықтық тұрмыс дәрежесін көтеруге ықпалы аз тиді.
Зейнетақылардың, жәрдем ақының ең аз мөлшері мардымсыз өсірілді, себебі оны өсірудегі негізге алынған мөлшері одан да мардымсыз болатын. Халықтың едәуір бөлігінің, әсіресе зейнеткерлердің, көп балалы жануялардың табысы төмен күйінде қалды, ол көбінше күнкөру минимум да қамтамасыз етпеді. 70—80жж. көпшілік қолды көптеген тауарлар бағасының тұрмыстық және коммуналдық қызмет көрсетудің, көліктің көптеген түрлері бағасының ресми және ол сияқты жасырын түрде жоғарлатылуы халықтың нақты табысын едәуір төмендетті.
Тапшылық күшейе түсті. Сатудан балаларға, қарттарға арналған арзан тауарлар жоғалып кетті, көптеген азық-түлік түрлері жетіспеді. Тамақ өнімдерінің сапасы нашарлады. Сонымен қатар олардың бағасы қымбаттады. Сағаттап кезекте тұру — кеңестік құрлыстың айнымас серігі, үйреншікті әдетке айналды.
70—80жж. адамдардың көпшілігі кеңес қоғамын барып тұрған әділетсіз қоғам деп білді. Бұл ең алдымен партиялық-мемлекеттік, әскери, шаруашылық номенклатурасына берілген артықшылықтарға байланысты еді. Мұндай артықшылықтар әлеуметтік теңсіздіктің арнаулы түрін тұғызды, іс жүзінде алып қарағанда, сомның сатып алу құны әртүрлі тұтыну рыноктарын қалыптастыру болды. Бюрократия артықшылықтарды бөлуде шендікпринципті қатаң сақтады. Олардың көлемі қызмет орнының дәрежесімен белгіленді.
Әлеуметтік саладағы ең өткір мәселелердің бірі тұрғын үй мәселесі еді. Қаралып отырған дәуірде оны шешуде кейбір алға басулар байқалды. 2208,7 мың пәтер салынып, 13 млн. адам жаңа пәтер алып, өз үйін сатып немесе пәтер кеңейтіп өздерінің тұрғын үй жағдайын жақсартты.
Алайда халық санының өсуіне байланысты олар тұрғын үймен толық қамтамасыз етілмеді. Үй салуға бөлінген күрделі қаржы азайды, сол себепті салынған пәтер саны да азайды, тұрғын үй құрлысының жоспары орындалмады. Тек он бірінші бесжылдықта ғана республикада 1,2млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілмеді, мектеп, аурухана, балалар бақшасын салу жоспары орындалмады. Осындай жағдайда 70—80жж. басында республиканың орталығында және облыс орталықтарында құны қымбат әкімшілік үйлері салынып жатты.
Республика экономикасының орталық ведомстволарға бағыныштылығы, әлеуметтік-мәдени салалардың проблемаларын бағаламау, олардың дамуына ресурстарды қалдық принцип бойынша бөлу мына жағдайға әкеліп соқтырды: Қазақстан халықтың тұрмыс дәрежесін белгілейтін көптеген көрсеткіштер бойынша жалпы одақтың көрсеткіштерден артта қалып қойды. 70—80жж. Одақтас республикалардың даму дәрежесін жеңестіру туралы жарияланған ереже іске аспады. Қазақстанның көптеген аудандары, ең алдымен Семей ядролық полигонының зардабы тараған аймақ, Арал өңірі адам баласы төзгісіз қиын жағдайда еді. Негізінен қазақтар тұратын алыстағы селолық аудандар қалыпті дәрігерлік көмекпен, ауыз су мен, көкөніс және жемістермен қамтамасыз етілмеді, оларда бала бақшалар, кітапханалар және т.б. жетіспеді. Осы жағдай республика мен орталық арасында қарама-қайшылықтың шешеленісуіне объективті негіз болды.
Республика халқының тұрмыс дәрежесінің жағдайын қарастыра отырып, 70—80жж. соғыстан кейінгі кезеңмен салыстырғанда халықтың негізгі бөлігінің жағдайының жақсарғанын мойындау қажет. Жанұялардың көпшілігінде теледидар, тоңазытқыш, кір жуатын машина, үй жиһаздары және басқа ұзақ пайдаланылатын заттар пайда болды. Соғысқа дейінгі және соғыстан кейінгі тұрмыстық көріністері — жер кепелер, барактар көзден кете бастады, коммуналды пәтерлерде тұратындардың саны азайды. Түристік сапармен шет елді, елді аралаушылардың, санаторийлер мен демалыс үйлерінде дем алушылар саны көбейді.
Бірақта әлеуметтік саланың проблемалары оларды шешу қарқынынан тез көбейді, оны қалдық принцип бойынша қаржыландыру дәрігерлік қызмет, мектепке дейінгі тәрбие, білім беру сапасының артта қалуына әкеліп соқтырды. Жағдай, көбінесе ауылдық жерлерде нашарлады. Тұрғын үй, мәдени-тұрмыс объектілерін салу, қызмет көрсету саласын дамыту халықтың қажетінен барған сайын артта қалды, осының барлығы халықтың заңды наразылығын туғызды. Азық-түліктің, сапалы өнеркәсіп тауарларының тапшылығы күшейді, адамдар өмірінің орташа ұзақтығы қысқарды. Еңбекке немқұрайлы қарау, өндірістегі ұрлық, еңбек тәртібінің құлдырауы, маскүнемдік, қылмыс жасау жаппай құбылысқа айналды, “қылмысты экономика” дамыды. Осының барлығы әлеуметтік саладағы дағдарыстың көріністері және тоталитарлық жүйесі күйретуге әкелген объективті себептер болды.
Әміршіл-әкімшіл жүйенің күйреп, нарықтық қатынастардың қалыптаса бастауы әлеуметтік әділеттікті орнатпады, керісінше оны күшейтті. Осы нығаюдың орнына соңына дейін оның күйретілуі болды. Әлеуметтік қарама-қайшылық шиеленісті, экономика одан әрі күйреді. Өндіріс өсудің орнына құлдырай түсті, осыған байланысты еңбек өнімділігі және тұтыну дәрежесі төмендеуде, әлеуметтік-әділеттілік балаларды, зейнеткерлерді, мүгедектерді, көп балалы отбастарын әлеуметтік қорғау проблемасын туғызды. Еңбек ақы төлеудегі теңгермешілік жойылды, бірақ ақы төлеудің ауылы әділеттіктен алмақ. Шаруашылықта жүргізудің жаңа түрлері — мердігерлік, жалға алу, кооперативтер, бірлескен кәсіпорындар, жеке меншік кәсіпорын, коммерциялық банктер, акционерлік қоғамдар және басқалар осы ұжымдарда жұмыс атқаратын адамдар үшін орынсыз жоғары табыс беруде. Сауда-саттық кооперативтердің мүшелері шексіз байып жатыр. Әлеуметтік жіктелу процесі күшейюде, көпшіліктің табысы тұтыну минимумынан төмен дәрежеде. Ақшаның құнсыздануы, бастала бастаған жұмыссыздың адамдардың келешекке сеніміннен айырды, халықтың материалдық жағдайын құлдыратуға әкеліп соқты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет