“Ќайта ќђру” саясаты жѕне Ќазаќстан


Мәдениетті қолдаудың ұлттық қоры



бет28/28
Дата12.12.2023
өлшемі492 Kb.
#196431
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
stud.kz-456
Grey minimalist business project presentation 20231122 093204 0000, Өнер тарихы Билет, Organic Scrapbook illustrated Ancient Greece history presentation 20231011 190139 0000, stud.kz-456, Документ
Мәдениетті қолдаудың ұлттық қоры.
Мәдениетті қолдаудың ұлттық қоры — 1995ж. республиканың шығармашылық интеллигенциясының ұсынысымен құрылған қоғамдық ұйым. Қордың мәртебесі төрағасы болып ҚР Президент Н.Ә.Назарбаев сайланды. Қордың негізгі атқаратын жұмыстары:

  • · мәдениет және өнер мекемелеріне, қоғамдық құрылымдар мен қозғалыстарға, өздігінен жұмыс істеп жатқан кәсіпқой шығармашылық ұжымдарына, жас таланттарға олардың шығармашылық жұмыстарына жағдай жасау және кәсіпкерлік, шеберліктерін ұштау мақсатында практикалық және қаржылай көмек беру.

  • · музейлер мен кітапханалар құру.

  • · фестивальдер, конкурстар, айтыстар, көрмелер өткізу.

  • · симпозиумдар, конференциялар ұйымдастыру.

  • · ағартушылық, ақпараттық, баспа жұмыстарын жандандыру.

  • · мәдениет пен өнер қызметкерлерін әлеуметтік қорғау, т.с.с.

Қор өзінің жұмыстарын спонсорлық құралдар арқылы жүзеге асырады.
Мысалға, биыл Қорға американдық “Мобил ойл Казахстан Инк” компаниясы, қазақстандық кәсіпорындар — “зергер” зергерлік фирмасы, Соколов-Сарыбай тау-кен металлургиялық комбинаты материалдық көмек берді.
Шығармашылық интеллигенцияны қолдау мақсатында 1996ж. “Шығармашылық ашылыстар-95” концерті, “Сары арқа”, “Қарағанды суретшілері” көрмелері, Ресей Музыка Академиясының студенті Жанар Сүлейменованың қайырымдылық концерті, театр және кино әртісі С.Қожамқұловты еске алу кеші өткізілді. Халықаралық фестивальдерге қатысу үшін Қор Мемлекеттік классикалық би ансабліне, Мемлекеттік квартетке, жекелеген талантты жас әртістерге, дизайнерлерге, журналистерге қаражат бөлді.
Сондай-ақ Қор Ұлттық Кітапханаға, М.Әуезов атындағы Қазақ театрына, Композиторлар Одағына, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақтың жасөспірім көрермендері театрына материалдық көмек көрсетті.
Тұрмысы нашар отбасылардан шыққан, Алматы шығармашылық жоғарғы оқу орындарында оқитын 10 дарынды деген студент Қор стипендиясын алып тұрады.
Мемлекеттік мәдениет ұйымдарымен бірдей Қазақстан халықтарының рухани байлығын дамытуға, сақтауға және ұлғайтуға өз үлесін қосып жүрген Мәдениетті Қолдаудың Ұлттық Қорының жұмыстарының қажеттілігі мен маңыздылығын атқарылған істер көрсетіп берді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет