“Ќайта ќђру” саясаты жѕне Ќазаќстан



бет27/28
Дата12.12.2023
өлшемі492 Kb.
#196431
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
stud.kz-456

Мәдени процестер
Мәдениетті қолдаудың ұлттық қоры
Қазіргі заманғы мәдени процес қарама-қайшы тенденцияларға ие. Халықтық білім беру, ғылым мен мәдениет өзін-өзі дамыту, идеологиялық догмалар мен стереотиптерден арылу үшін қанатын кеңге жая түсті. Бұл схематизм мен барлық құрылымдық элементтер және рухани өмір шеңберлеріндегі біркелкілілікті жеңіп шығуға мүмкіндік ашты. Осылайша біртұтас еңбек мектептерінің орнына мектептік білім беру плюрализмі қалыптасуда. Гимназиялар, лицейлер, колледждер, жеке және авторлық мектептер ашылып, жұмыс істей бастады. Тарих, зоология және басқа да мектептік пәндер бойынша жаңа оқулықтар жарыққа шығуда.
Алдыңғы қатардағы жоғарғы оқу орындары — Әл-Фараби атындағы ҚазМҰҚ, Абай ат. АМУ, Қаз. Политехникалық институты және басқалар — ҚР-ның тәуелсіз ішкі және сыртқы саясатын жүргізудегі жауапты тапсырмаларды өз мойнына ала алатын кадр мамандар дайындауға қажетті жаза факультеттер ашты. Түркістандағы Қ.А.Яссауи ат. Халықаралық қаз.-түр. Университеті, Оралдағы Мәдениет институты, т.б. жоғарғы оқу орындары өздерінің алғашқы студенттерін қабылдады.
Халықтық білім беру жүйесінің халықаралық байланыстар кебейе түсті. 1991ж. 1000-нан астам Қазақстан оқушылары, студенттер мен аспиранттары оқуларын шет елдерде жалғастырды.
Жаза талаптарға сай ҚР ҰҒА-ның ғылыми ізденістерінің құрылым мен тематикасы енгізілуде. Ә.Х.Марғұлан атындағы Археологиялық Институт, ғарыштық зерттеулер, механика мен машина ісі, информатика мен басқару мәселелер, физика-техника, т.б. сияқты жаңа ғылыми-зерттеу институттары ұйымдастырылды.
Салалық ғылым академияларының байланыстары кезеңіде ҚР-ның Инженерлік және Ауылшаруашылық академиялары жұмыс істей бастады. Ғылыми стипендиялар тағайындау, ғылыми атақтар беру және диссертациялық жұмыстардың сапаларын қадағалау үшін республикалық Жоғарғы аттестациялық комиссиясы құрылды.
Құғынға ұшыраған ғалымдар мен жазушылар және мамандарды елге таныстыру қарқынды жүріп жатыр. А.Байтұрсыновтың, Ш.Құдайбердиевтің, М.Жұмабаевтың, Х.Досмұхаметовтың, М.Дулатовтың, Ж.Аймауытовтың кітаптары жарық көрді.
Қазақ тілінің қайта жанжану мәселесі көкейкесті тақырыпқа айналды. ҚР Конституцияның тіл туралы заңына сәйкес қазақ тілі мемлекеттік тіл болып жарияланды. Іс жүргізуді қазақ тіліне көшіруге байланысты көптеген шаралар белгілініп, жүзеге асырылуда. Екі жыл ішінде 654 қазақша мектепке дейінгі балалар мекемелері және 292 жалпы білім беретін қазақ мектептері ашылды. Мемлекеттік тілдің бұқаралық ақпарат құралдары жұмысындағы ролі арта түсуде.
Республиканың мәдени өміріндегі ірі оқиға — Бүкіләлемдік қазақтар конгресі болды. Оған тұңғыш рет әлемнің әр шалғайынан белгілі ақын-жазушылар, суретшілер мен саясаттанушылар, ғалымдар мен іскерлер, т.б. қандастарымыз жиналды.
Сонымен қатар Қазақстанның қазіргі мәдениеті едәуір қиындықтарды да басынан өткізуде. Өндіріс көлемінің құлдырауына әкелген жоспарлық экономиканы рыноктық (нарықтық) қатынас жолына түсіру мәдени, халыққа білім беру және ғылыми мекемелерді материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуде айтарлықтай іркілістерді тудырды. Гуманитарлық интеллигенция мен өндірістік емес саладағы мамандар әлеуметтік қорғалмаған күйге түсті. Бұл 1992ж. Қазақстан мұғалімдері мен дәрігерлерінің ереуіліне себепші болды. Мәдениетті коммерцияландыру тенденциясы байқалады. Қоғамды демократияландыру деген желеумен рухани рухани салаға порнографияны, зорлық-зомбылықты дәріптейтін сұранысы төмен және киноөнімдер енді.
Қазақстандағы қазіргі мәдени процестер бір жағынан тоталитарлық жүйенің күйреуін, жаңа мемлекеттің дүниеге келуінің қиындықтарын, бұрынғы тар шеңбердегі принциптерден бас тартуды білдірсе, екінші жағынан орнығып келе жатқан плюрализмнің, жекешеліктің әртүрлі формаларының, қоғамдық-саяси құрылымдар мен пікірлердің алғашқы қадамын білдіреді.
Республиканың егемен мемлекет мәртебесін алуы ұлттық мәдениеттің дамуына жаза жолдар ашты. Өнерде менеджмент пайда болды. А.Мұсаходжаев өзінің “Әншілер (солистер) академиясын” құрды. Музыкалық мектептің негізінде Ж.Әубәкіров колледж ашты. Ә.Нұрпейісов Пен-клуб ашты. Коммерциялық құрылымдар көмегімен “Дәстүрлер жүлдесі” атты Халықаралық классикалық би фестивалі, Таңбалы тасқа қашалған суреттерді зерттеу, Славян жазуы мен мәдениеті күндері және басқа да шаралар ұйымдастырылуда.
Бір ғана Алматының өзінде 5 жыл ішінде бірнеше жеке театрлар, 14 негізінен авангардтық модернистік бағыттағы жеке галерея ашылып, “Қазақстан өнері жеке жиындарда” атты тұңғыш республикалық көрме өтті. Қаржылай көмексіз болса да қазақ кинематографиясы өзінің екінші рет қайта тууын бастан кешіруде. Оның жаза толқындарының пайда болуымен бірге жас режиссерлердің “Ине”, “Айырушы” (разлучница), “Соңғы каникулдар”, “Жанасу”, “Қайрат”, “Отырардың күйреуі”, “Жас аккордеонистің өмір жолдары”, “Сұр үшбұрыштағы орын”, “Әлсіз жүрек”, “Көгершін үні”, “Крест тәжірибесі”, т.б. фильмдері ең әйгілі халықаралық фестивалиның бас және арнайы жүлделері мен сыйлықтарын иемденіп жүр.
Республиканың мәдени саласында қазір 30 мың адам қызмет атқарады. 45 театр, 25 филармония, 90-ға жуық музей, 7000 кітапхана жұмыс істейді. Айтулы сахналық ұжымдар — Абай атындағы опера және балет театры, Республикалық қазақ, орыс және неміс драма театрлары, корей және ұйғыр музыкалық комедия театрлары бар. Құрманғазы атындағы халықтық аспактар оркестрі, Мемлекеттік симфониялық оркестр, “Алматының жас балеті”, “Гүлдер”, “Отырар сазы”, “Сазген” ансамбльдері елімізде де, шет елдерде де танымал. Вокальді өнердің бүгінгі таңда Е.Серкебаев, Б.Төлегенова, Ә.Дінішев, Н.Үсенбаева, Ғ.Есімов, Р.Рымбаева, А.Қоразбаев, М.Жүнісова, Н.Есқалиева, М.Арынбаев сынды шеберлері бар. Алматыны фестивальдар қаласы деп атайды. Расында да мұнда “Азия дауысы”, “Шығыс маусымы”, “Дәстүрлер жүлдесі”, “Жас қанат”, “Үкілі домбыра”, “Айналайын”, байқаулары өткізіліп тұрады.
“Европа-синема” халықаралық жүйесіне кірген Алматыдағы “Арман” кинотеатры бізді әлемнің әр түрлі елдерінің кинематографистерінің жетістіктерімен таныстырып отырады.
Республикада қазақ ақыны әрі философ А.Құнанбаев пен жыр шебері Ж.Жабаевтың 150 жылдық мерейтойларының атап өтілуі халықаралық мәнге ие болды. Республикадағы ең ірі сурет құндылықтары орнының бірі — Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейі. Олардың арасында полеолит кезеңінен бері адам эволюциясы мен оның бейнелеу танымымен бірге келе жатқан Қазақстанның ежелгі өнерінің үлгілері бар. Музей экспозицияларында Үндістанның, Жапония мен Қытайдың халықтық шеберлерінің керемет қолөнер бұйымдары, сирек кездесетін тас мүсіндер ескерткіштер, орыс және батыс европа авторларының бейнелеу еңбектері, кеңестік кезең мен қазіргі заманғы жұмыстар.
Қазақстан 114 ұлттық республикасы. Олардың ішінде тіпті ежелгі ассириялықтардың да ұрпақтары бар. Бірге өмір сүріп жатқан халықтардың тарихи қалыптасқан рухани байланысы Евразиялық Одақ идеясына негіз болды. Ал республикада біріктіретін 40 ұлттық мәдени орталықтар біздің көпұлтты мәдениетіміздің дамуына жағдай жасайды. Соңғы жылдары Республика Президенті Н.Назарбаевтың шығармашылық жастарымен кездесулері дәстүрге айналды. Оның қолынан үміт күттіретін талаптты жастардың үлкенлегі өмірге жолдама алды. Мәдениет қайраткерлеріне арналып, президент стипендиясы тағайындалды. Президент басқаратын мәдениетті қолдау қоры үлкен істер тындыруда. Мәдениет саласындағы мамандарды даярлауға көңіл бөлінуде. Жыл сайын осы мамандық бойынша 5 жоғарғы және 49 орта оқу орындарынан мың жарым түлектер ұшып шығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет