“Ќайта ќђру” саясаты жѕне Ќазаќстан



бет25/28
Дата12.12.2023
өлшемі492 Kb.
#196431
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
stud.kz-456

Қазақстан халқы
Қазақстанға өз атын берген титульді этнос қазақ халқы болып табылды. Тарихшылар зерттеулерінің көрсеткеніндей қазақ этносының ата-бабаларының ежелден-ақ этникалық аумағы болған. Көптеген зерттеушілер қазақ халқының жеке этникалық құрылым ретінде б.э. ІІ мыңжылдығының ортасынан бері өмір сүріп келе жатқандығын айтады. Дәл сол кезеңнен бастап жергілікті тайпалар этникалық қор мен фенотиптік келбеттің барлық ерекше белгілерімен, өзіндік мәдени сипаттарымен және бүкіл Қазақстан аумағындағы қазіргі тілдің негіздерімен біртұтас этникалық қауым құрады.
Қазіргі қазақтарға тән сыртқы кескін-келбет антропологиялық эволюцияға ұшырады да, екі үлкен нәсіл — автохтонды европалық және монголоидтік нәсілдердің араласуының негізінде қалыптасты. Мұның бәрі енді қазақ халқының антропологиялық құрамының біртұтас өзіне тән сипатын құрайды.
Қазақстанның этникалық тарихы өте күрделі. Ғасырлар бойы мұнда көптеген тайпалар мен халықтардың тағдырлары тоғысқан. Қазақ халықының негізін сақтар, үйсіндер, қаңлылар, ғұндар, түріктер, түргештер, қарлұқтар, оғыздар, қимақтар, қыпшақтардан бастап арғындар,, дулаттар, жалайырлар, керейлер, қоңыраттар, наймандар т.б. әр кезеңде Қазақстан аумағын мекендеген тайпалар құрады. Осыған байланысты Академик М.К.Қозыбаев былай деп жазады: “Моңғолдарға дейінгі кезеңде өте терең мәдени дәстүрлері, ұлыдержавалық тәжірибесі бар негізгі қыпшақи мен айтар едім, қазақи ядро қалыптасқандай. Наймандар, керейлер, жалайырлар, маңғыттар, оңғыттар сияқты басқа да бұрынғы титульді тайпалар Дешті Қыпшақ тұрғындарымен полиэтникалық араласу шеңберін” құрап, екі ғасыр бойы қазақ этносының матрикалық негізін құрады.
XV—XVI ғғ. Таман Евразияның қоңыржай белдеуінің далалы, жартылай далалы және шөлейт аймағының кең-байтақ территориясында моңғолдар және моңғолдарға дейінгі тайпалар мен рулардың әркелкілілігі жойылды. Олар қазіргі күнге дейінгі өздерінің аттары мен этникалық аумақтарын сақтап келген ұлттар мен ұлыстарға айналды. Бұған біртекті этникалық белгілердің шаруашылық жағдайларының ортақтығы негізінде ұйысуының ұзақ процесі ықпал етті. Көшпелі мал шаруашылығы континенталды климат атмосфералық жауын-шашындар мен басқа құбылыстар жағдайында шаруашылықпен айналысудың ең тиімді бірден-бір жолы болды.
Қазақ хандығының құрылуы бір уақытта жасала салған нәрсе емес. Ол күрделі әрі мезгілі жөнінен ұзақ көп аспектілі процесс болды. Саяси процестер мұнда этникалық процестермен бірге өрбіп, екеуі біте қайнасын кетті. Ежелгі орыс мемлекет аумағында үш ұлысқа — орыстар, украиндар, белорустарға бөлінген біртұтас ежелгі орыс қауымдастығы сияқты Ұлұғ-Ұлыс пен Шыңғыс ханның үш ұлының иелігінде қалған. Біртұтас қыпшақ халқы да қазақ, өзбек, ноғай, сібір татарларына бөлініп кетті. Бұрынырақ өмір сүрген суперэтностың есебінен қарақалпақтар, башқұрттар, татарлар да өз жағдайларын нығайта түсті. Мұндай процесс түркмендерге де қатысты болуы мүмкін. Алты бір-біріне туыс халықтардың конференциясы — Алты Алаш қалыптасты. Әбілқайыр мен Ақ Орда хандықтарынан, сонымен қатар Моғолстаннан айырмашылығы, Қазақ хандығы берік этникалық негіз — қалыптасып біткен қазақ ұлысынан тұратын еді.
Керей мен Жәнібектің қарамағындағыларға өзбек-қазақтар немесе тек қазақ деген аттың таңылуы 1456—1466жж. Керей мен Жәнібектің бірқатар тайпалар мен руларды ертіп, көшпелі өзбектердің билеушісі Әбілқайыр ханнан бөлінуімен байланысты. “Қазақ” атауы жаңа мемлекеттік құрылымның атауына айналды. “Қазақ” — түркі сөзі. Тарихи әдебиетте бұл сөздің шығу төркінін әрқалай түсіндіреді. Алғашында ол “еркін”, “панасыз”, “құғындалған”, “саяқ” деген мағына берген. Ешқандай саяси мағынасы этникалық мазмұны болмаған “қазақ” сөзі өз халқы мен тайпасынан безіп, хикаялар іздеушінің өмірін сүруге мәжбүр болған барлық еркін адам баласын білдірген. “Қазақ” сөзінің орыс тілінде қолданылуы да осыдан шығады.
“Қазақ” сөзі сонымен бірге өз мемлекетінен бөлініп кеткен көшпенділер тобын, бөлігін білдірген. Әбілқайыр ханның мемлекетінен бөлініп кеткен көшпенділер солардың қатарына жатқан. Адамдардың бұл тобы бір кездер Жетісу далаларында өзбек-қазақ деген атпен көшіп жүрген.
Шығыс Дешті Қыпшақ даласы Мұхаммед Шайбани ханның басшылығымен Ұлыс тайпаларының біраз бөлігінің Орта Азияға қоныс аударуынан кейін “өзбек” және “қазақ” терминдерінің тарихи байланысының омағы болудан қалды. Бұл оқиға — бұрынғы өзбек ұлысы тұрғындарының аумақты-этникалық, әлеуметтік-экономикалық және мәдени-тұрмыстық даралануы — жаңа этникалық қауымдастық — қазақ ұлысының қалыптасып бітуінде шешуші роль атқарды.
Көшпелі өмір түрімен ерекшеленген қазақ этносына тән белгі күрделі және тармақтарға бөлінген ішкі этникалық құрылым. Әр тайпа қоғамдық қарым-қатынастық күрделі жүйесі бойынша бірімен тығыз байланысты көптеген этникалық топтарға бөлінді. Осы топтардың әрқайсысының күрделі генеалогиялық мұралары, шежірелері болды, өздерінің тектерін бір ортақ батыр бабадан немесе ойдан шығарылған, аңызға айналған тұлғадан таратты. Ортақ генеалогиялық бұтақ дәстүрі қоғамның рухани бірігуіне жағдай жасады, өйткені бірде бір адам көшпелі тыс қарай алмайтын. Күрделікті өмірде тұлғаның қандай да бір руға, тайпаға жатуы оның әлеуметтік мәртебесін анықтайтын. Этникалық бірліктің алғашқы бірнеше тармақтарының пайда болуы XIV ғ. соңына дәл келеді. Қазақ этносы үш жүзге: Ұлы Орта, Кіші жүздерге бөлінген. Әрбір қазақ жүздерінің тайпалары бір-бірімен көші-қонның жалпы бағыттары бойынша байланысты болған және ортақ этникалық аумақта өмір сүреген. Үш қазақ жүздерінің құрылуы көшпелі шаруашылықтық тарихи шарттарымен түсіндіріледі. Қазақстанда жайлымдық-көшпелі шаруашылық жағдайында үш табиғи аймақ болды. 1. Батыс бөлігі — Орал мен басқа да Батыстық далалық өзендерінің жағаларындағы қыстаулар және Батыс Қазақстанның солтүстік шығысындағы жайлаулар. 2. Орталық бөлігі — Сарысу, Шу мен Сырдарияның төменгі ағысы бойындағы қыстаулар және Есіл, Ертіс, Тобыл бойындағы жағалаулар. 3. Шығыс бөлігі — қазіргі Жетісу және бұрынғы Сырдария облысының шығыс бөлігі.
Үш орда немесе хандықтың феодалдық негізде құрылған байырғы мемлекеттік қалыптары болды. Хандықтың басында өзінің көптеген туыстары – сұлтандарымен хан тұрды. Ханның әскербасылары-батырлары, ірі рулардың билері — “қазылары” болды. Ақсақалдар, батырлар, байлар ханның әлеуметтік тірегі болды. Ұлы жүздің пайда болуы Жетісу өлкесімен және Тянь-Шанның батыс сілемдерінің етегімен байланыстырылады. Оның негізін Батыс Моғолстанның көшпелі тайпалары құрайды. Қазақтық генеалогиялық талдаулары бойынша Ұлы жүз қазақтары мынадай тайпаларға бөлінген: жалайыр, амақты, дулат, албан, суан, қаңлы, сарыүйсін, шапырашты, сіргелі, шақшам, шанышқылы, ысты. Бірқатар этникалық топтар (қатағандар бестаңбалылар) жеке-дара аралық позицияда болған.
Орта жүз қазақтары Орталық, Солтүстік, Шығыс Қазақстан аумағын алып жатқан. Олар төмендегі этникалық топтардан тұрған: арғын, керей, қоңырат, қыпшақ, найман, уақ.
Кіші жүз қазақтары бүкіл Батыс Қазақстанды Каспий теңізінің шығыс жағы мен Жайық пен Тобылдың төменгі ағыстарына дейін жайлаған. Кіші жүз үш ірі рулық-тайпалық бірлектерге бөлінген: әлімұлы, байұлы, жетіру. Бұлардың ішіндегі ең ірісі байұлы мынадай тайпалардан тұрған: адай, жаппас, алаша, байбақты, беріш, масқар, есентемір, таз, серкеш, тана, қызылқұрт, алтын, ысық.
Әр тайпаның өз ұраны, яғни оның этникалық тегінің символы (нышаны) болды. Ұран ретінде әдетте бір батыр бабының аты қолданылатын. Сол сияқты таңба да әр тайпаның бір нәрсеге иелік етуін білдіретін нышан.
Қазақ қоғамының әлеуметтік ұйымдастырылуының негізгі көзі қауым болды. Оның шеңберінде барлық негізгі шаруашылық қызметтері жүзеге асып жатты. XVII—XVIIIғғ. Басында бірқатар сыртқы және ішкі факторлардың әсерімен көшпелі қоғамның дамуында дағдарыстық өсуі орын алды.
Дағдарыс жағдай Ресей мемлекетімен жақындасуға алып келді. Ішкі факторлар: жекелеген көшпенді ұжымдар арасындағы экономикалық байланыстардың әлсіздігі, орталыққа бағынбайтын күштердің қуаттануы, рулық-тайпалық алауыздықтардың өршуі, билікке талас және келеңсіз сыртқы жағдайлар қазақтарды Ресей тәжіне бағынуға итермеледі. Көшпенділер мен келімсек халықтар арасында шаруашылық заттар алмасуға, өзара қарым-қатынас жасауға жағдай туды, сауаттылықтың арттыруына, сауданың қызуына, қазақ ауылының капиталистік өндірістік қатынастар шеңберіне енуіне негіз қоланды.
ХІХ ғ. соңында орыс шаруашыларының, ұйғырлардың, дүнгендердің және басқа да ұлт өкілдерінің көшіп келуі нәтижесінде Қазақстан халқының құрамы жөнінен біртіндеп көпұлтты аймаққа айналды. 1897ж. санақ бойынша Қазақстан аумағында 4471,8 мың адам тұрған. Оның ішінде қазақтар–3399,5 мың, орыстар мен украиндар–532,7мың, татарлар–55,4 мың, өзбектер–73,5мың, ұйғырлар–56мың тұрғындардың басым көпшілігі ауылдар мен деревняларда тұрып, ауыл шаруашылығымен айналысты. Тұрғындардың тек 89%-і ғана қалаларда тұрды.
1881ж. Жетісуға ұйғырлар мен дүнгендер қоныс аударды. Іле аймағы Қытайға қайтарылған кезде тұрғындарға мемлекетті таңдауға және Ресей аумағына көшуге мүмкіндік берілді. 1884ж. басында Жетісуға 9752 ұйғыр отбасы (45373адам) және 1147 дүнген отбасы (4682 адам), яғни барлығы 50 мыңнан астам адам қоныс тепті. Ұйғырлар Жаркент маңына, Қытай шекарасы және Усеко мен Ғарын өзендері аралығына, Верный уезінде, Шілік пен Талғал өзендерінің аралығына және біраз бөлігі Верный қаласына қоныс тепті. Дүнгенде Александровка селосына, Пішкекке, Верныйға, Жаркентке орнықты. Ұйғырлар мен дүнгендердің көшіп келуімен Жетісудың отырықшы тұрғындары екі есеге дейін көбейіп, аймақтың барлық тұрғындарының 30%-ін құрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет