“Ќайта ќђру” саясаты жѕне Ќазаќстан



бет24/28
Дата12.12.2023
өлшемі492 Kb.
#196431
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
stud.kz-456
Grey minimalist business project presentation 20231122 093204 0000, Өнер тарихы Билет, Organic Scrapbook illustrated Ancient Greece history presentation 20231011 190139 0000, stud.kz-456, Документ
Әлеуметтік даму
Тәуелсіздік негізінде Қазақстан халықтарының мәдениеті мен дәстүрі өрледі, ұлттық сана-сезімі өсті. Қазақ ұлты топтаса бастады; қазақ тілі мемлекеттік тіл болды; қазақ халқының таңдаулы өкілдерінің есімдері орала бастады, тарихи топонимика қалпына келтірілуде; ұлттық мәдениеттің гүлденуі үшін жағдай жасалды, көші-қон және азаматтық туралы заң қабылданды. 1992ж. күзде Дүние жүзі қазақтарының құрылтайы өткізіліп, оған 10 миллион қазақ халқының өкілдері жиналды.
Экономикалық дағдарыс жағдайында республикада табиғи байлықтардың аса мол қоры барлығы негізге алатын, экономикалық қайта құрлыс пен нарықтық қатынастарға өтудің өзіндік үлгісін жүзеге асыруға региондар мен шаруашылық қызметі субъектілерінің баламалы меншік түрлерін қалыптастыру қажеттігі, қорғаныс комплекстерін конверсиялау және ғылыми-техникалық, өндірістік потенциалды неғұрлым тиімді пайдалану бағытын ұстанды. Республика экономикасының мемлекеттік емес секторы белсенді дамытылуда. 1992ж. ортасында оның қатарында 35 акционерлік қоғам, 76 салааралық және сыртқы экономикалық ассоциациялар, 30 концерндер мен концерциумдар болды. Республикада 120 коммерциялық банк, 60 биржа, 40 қамсыздандыру және 20 лизингалық компания, екі ірі аудиторлық орталық болды. 230 орташа өнеркәсіп орны, 11 мыңдай кооператив, 5,5 мыңнан астам шағын кәсіпорын бар, оларда халық шаруашылығында істейтіндердің 15% жұмыс істейді. Ауыл шаруашылығында 8 мыңдай шаруа қожалығы бар. 1806 кәсіпорын мен ұйым жекешелендірілді, олардың үштен екі бөлігі ұжымдық меншікке, төрттен бір бөлігі жеке меншікке өтті.
Бұрынғы Кеңес экономикасының ыдырауы салдарынан әлеуметтік-экономикалық жағдайдың шешеленіскен жағдайында нарықтың реформа қиындықпен жүріп жатты. Алайда қазақстандықтардың жалпы ұлттық татулықтың жақсы болатына үміттендірді, бұл татулық Қазақстан Республикасының жаңа мемлекеттік жалауында бейнеленген, онда көк жасыл түс бірлік пен ашық аспанды, бейбітшілік пен игілікті бейнелейді, алтын күн — тыныштық пен байлықты, дала қыраны — кеңпейілдік пен қырағылықты, асқақ ой-парасатты, шаңырақ — ата мекенді бейнелейді.
1993ж. 28 қаңтарда Республика Жоғары Кеңесі құқықтық мемлекет құрудың ірге тасы, оның мемлекеттілігінің, тәуелсіздігін қамтамасыз етудің, экономикалық, мәдени және ғылыми-техникалық прогресс жолымен алға басуының кепілі болып табылатын тәуелсіз Қазақстан Республикасы Конституциясын қабылдады. Конституция бойынша Қазақстан Республикасы өзінің барлық азаматтарына бірдей құқық қамтамасыз ететін демократиялық, зиялы және біртұтас мемлекет. Оның аумағының тұтастығы, бөлінбейтіндігі және қол сұғуға болмайтындығы атап көрсетілген. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік өкімет билігі оның заң шығарушысы, атқарушысы және сот билігіне бөлінетін принципіне негізделінген, мемлекеттік өкімет билігінің бірден-бір қайнар көзі — Қазақстан халқы. Қазақстан Республикасы адамды, оның өмірін, бостандығы мен тәуелсіздігін, оның ажырамас құқықтарын ең қымбат қазына деп санайды және өз қызметін азамат пен қоғамның мүдделері үшін жүзеге асырады. Солай Қазақстан халқы өз тарихын жасай бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет